Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»



бет25/27
Дата30.11.2016
өлшемі6,53 Mb.
#2857
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Химия 8 сынып


күні айы жылы

4-інші сабақ тақырыбы: Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы, изотоптар.



Оқыту мақсаты: Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Құрал – жабдықтары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:


  1. Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,RH,RH4. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес келеді?

  2. Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .

  3. Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO, PbO, SiO.


Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:


  1. Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті периодты өзгереді?

  2. Период дегеніміз не?

  3. Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?

  4. Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?

  5. Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?


Осындай проблемалық сұрақтар кезінде Менделеевті де ойландырды. Өмірінің соңғы жылдарында мұның сыры атомдардың күрделі құрылысында болар деген болжам жасады. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.


  1. Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

  2. Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?


Тағы басқа сұрақтар бере отырып, атомның күрделі құрылысы туралы әңгімелеу.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е



0

1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон;
Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:
1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.

2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .
Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа массалық саны. Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын беру қажет. Химиялық элемент дегеніміз – ядро заряды бірдей атомдар түрі.Периодтық заңға атом құрылысы тұрғысынан жаңа анықтамасын береміз.

Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі және сұрақтар қойылады.

1-нұсқа. 5-49,5-50,5-52,5-53а, 2-нұсқа. 5-55,5-51,5-54,5-53ә,


  1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Атом ядросының заряды немен анықталады?

  3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. Элемент атомының массасы немен анықталады?

  6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?

  7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?


Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба білуі қажет.



Үйге тапсырма: §53,(1-4), §54,(1-4), §55оқу. Жұмыс дәптері.



Химия 8 сынып

күні айы жылы

сабақтар тақырыбы. Химиялық элементтердің сипаттамасы.

Оқыту мақсаты: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.

Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі. Презентация,

Тірек білім мен біліктер: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.

  1. Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.

  2. Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?

  3. Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?

  4. Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?

  5. Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.

Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.

Белгілері

Периодтар

кіші

үлкен

Период нөмірлері

1,2,3

4,5,6,7

Элемент саны

2 және 8

18 және 32

Қатар саны

бір

екі

Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.

Период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері

Металдық қасиеті тез кемиді

Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)

Жаңа тақырып Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.

Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.

Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.

Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.

Қасиеттер

Өзгерістер бағыты

Негізгі топшада

Периодтарда

Металдық

өседі ↓

өседі ←

Бейметалдық

өседі ↑

өседі →

Оттек бойынша валенттігі

тұрақты,топ нөміріне сәйкес

1-ден 7-ге дейін өседі

Сутек бойынша валенттігі

тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең

4-тен 1-ге дейін кемиді

Ядро заряды

өседі ↓

өседі →

Салыстырмалы атомдық массасы

өседі ↓

өседі →


Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:

  1. Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.

  2. Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.

Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:

  1. Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;

  2. Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);

  3. Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;

  4. Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;

  5. Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;

  6. Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;

Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:

  1. Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?

  2. Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.

  3. Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  4. Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?

  6. Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?

  7. Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?

  8. Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?

  9. Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?

  10. Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?

  11. Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?

  12. Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?


Оқытудың жоспарланған нәтижесі:Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің электрон санына тәуелді өзгеруін периодтық заң негізінде түсіндіру. 2-3-інші период элементтерін мысалға алып дәлелдеу. Негізгі топшадағы элемент қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.
Үйге тапсырма: §58 (1-8). Жұмыс дәптері.

Керібайланыс.Рефлексия

Бағалау.
Химия 8 сынып
күні айы жылы

9-ші сабақ тақырыбы: Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.



Оқыту мақсаты: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.

Құрал – жабдықтар: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы

жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Тірек білім мен біліктер: Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?

  2. Периодтық жүйе қалай құрылған?

  3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.

  5. Периодтық жүйеде неше топ бар?

  6. Топтар қалай бөлінеді?

  7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?

Жаңа тақырып бойынша түсіндіру:Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз:

  1. Элементтің периодты жүйедегі орны.

а) реттік нөмірі;

ә) периоды, қатары;

б) тобы, топшасы;

в) атомдық массасы;

2. Элементтің атомдық құрылысы.

а) атом ядросының заряды;

ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);

б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);

в) электрондық формуласы(1s2,2s….);

г) кванттық ұяшықтар;

д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл;

3. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы.

а) оксидтері;

ә) гидроксидтері;

б) ұшқыш сутекті қосылыстары;

4. Химиялық қасиеті.

а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық);

ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл);

5. Элементті көрші элементпен салыстыру.

а) период бойынша;

ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).

Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.

Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы

Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру

Мысалдар.

1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле менттер периодты түрде қайталанады.
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін элек трон санымен анықталады.
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.

Натрий элементінің реттік нөмірі–11. Атомның ядро заряды – 11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.

Кальций элементі 4-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.


Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5 электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта лануымен түсіндіріледі.
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4 электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5 электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.


Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7 электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.


4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.

Үйге тапсырма: §59.(1-7). Жұмыс дәптері.

Химия 8 сынып

күні айы жылы

10-ыншы сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі.



Периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаты. Химия ғылымының және өндірістің қазіргі мәселелерін шешудегі периодтық заңының маңызын көрсету. Оқушылардың периодтық жүйе және периодтың заң туралы білімдерін жүйеге келтіру.

Құрал – жабдықтар: «Д. И. Менделеевтің өмірі мен ғылыми қызметі».

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Сабақты оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін бастаған жөн.

І. Мына элементтердің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар.

а) калий, рубидий, цезий; ә) барий, стронций, магний;

2. Кайсы топтың негіздері күшті болады. Жауаптарынды түсіндіріңдер

Ары қарай оқушыларға Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің химияны дамытудағы, элементтерді бір жүйеге келтіріп жіктеудегі маңызын түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

1. Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі.

2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?

3. Элемент атомының құрылысы қандай?

4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады ,,,,,,,,,, және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді.

5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

6. Элементке сипаттама беру жоспары бойынша реттік нөмірі 20 және 6-ыншы ,,,,,,,,,,,элементтеріне сипаттама бер. Осы элементтер оксидтері берілген заттың ,,,,,,,,,,қайсысымен әрекеттеседі: НСІ, NaOH?

Жаңа материалды баяндауды мына жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Периодтық заң - химиялық элементтер жайындағы барлық білімнің қорытындысы.

2. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйе негізінде элементтердің атомдық массасын өзгертуі.

3. Ашылмаған элементтерді алдын-ала сипаттау және периодтық заң мен период тық жүйенің (атомдық массасын) негізгі даму кезеңдері.

4. Физиктердің периодтық заңға сүйене отырып атомның күрделі құрылысын ашуы, зат қасиетінің оның атомдық немесе молекулалық құрылысына тәуелділігін анықтауы.

5. Периодтық заңның маңызына Ф. Энгельстің А. Ферсманның және Г.Сиборгтың берген бағасы.

6. Периодтық заңның философиялық маңызы.

Осы аталған сұрақтарды шешуді мынадай бірізділікпен жүргіземіз.

1. Д. И. Менделеевтің ашқан периодты заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады. Соның нәтижесінде азғана химиялық элементтерін, түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды. Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады, бір жүйеге келтірді.

2. Д. И. Менделеев өзінің ашқан периодтық заңында көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарында орналастырып, теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді. Ол мысалы, мына 10 элементтің атомдық массасын жөндеді: Берилий, титан, иттрий, индий, цезий, празеодим, эрбий, торий, уран. Одан кейін көптеген ғалымдар периодты жүйеге сүйене отырып 20 элементтің атомдық массасын қайта жөндеді.

3. Д. И. Менделеев өз кестесін құрастырғанда ондағы көптеген элементтер әлі ашылмаған еді. Мысалы, қазір 4 – қатарда орналасқан 21-інші скандий элементі ашылмаған еді. Атомдық массасы бойынша Са – ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді. Себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді. Ал, титан IV валентті және басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес, ІV топта орналасу керек еді. Сондықтан Д. И. Менделеев бір торкөз тастады, яғни кальциймен титан арасында бос орын қалдырды. Сол сияқты 5 – қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырылды. Ал, қазір ол торкөздерде гелий мен германий орналасқан. Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындарда қалдырылды. Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32,43,61,75,85,87 – элементтер белгісіз еді.

Д .И. Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыра отырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді. Мысалы, ол алдын ала скандий, галий, германий, т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді. Д. И. Менделеевтің қасиеттерін, орнын алдың ала айтып берген элементтері көп кешікпей ашылды.

Мысалы 1875 жылы француз химигі Лекок – де Буабодран Д. И. Менделеевтің «Экваалюминий» деп сипаттап берген галий элементін ашты. 1873 жылы швед химигі Нильсон Менделеевтің алдын ала сипаттап берген 2-ші элементті – скандийді ашты, оның қасиеті Менделеевтің «экабор» деп аталған элементіне сәйкес келеді. Ал 1896 жылы неміс оқымыстысы Винклер Менделеев сипаттаған 3-інші элементті германийді

ашты. Оқушыларға 33-кестедегі Менделеев сипаттаған Экасилиций қасиетін тәжірибе арқылы ашылған германийдің қасиетіне салыстыру ұсынылады.

Д.И.Менделеевтің алдын ала айтқан элементтерінің үш елде ашылуы оның айтқандарының соншалықты дәл, таңқаларлықтай екендігін көрсетеді, бұл периодтық заңның маңызын арттырды.

1894-1898 жылдары ағылшын оқымыстылары Рэлей мен Рамзайдың инертті газдарды ашуы периодтық жүйе үшін зор сынақ болды (1894 жылы аргон, 1895 жылы гелий, 1898 жылы неон, криптон, ксенон ашылған). Инертті газдардың ашылуы периодтық жүйенің мәнін тереңдете түсті, себебі белсенді металдар мен бейметалдар арасында инертті газдар орналасты. Инертті газдар ашылған соң периодтық заңды бүкіл әлем моиындады.

Д.И.Менделеевтің өзі Вильям Рамзайды периодтық заңды бекітушілердің бірі деп санады. Ол He,Ne,Ar,Kr,Xe-ды ашты, олардың атомдық массасын анықтады, ол сандар периодтық жүйенің талабына сай келді.

4. Периодтық заң ашылмаған элементтерді іздеудегі жол көрсетуші жұлдыз болды. Ғылымның дамуына байланысты ғалымдар химиялық элементтерді жасанды түрде шығара бастады.Периодтық жүйеге сүйене отырып физиктер атомның ішкі құрылысын ашты, атом молекулалар қасиетінің құрылысына тәуелділігі анықталды. Атом құрылысын оқып үйрену периодтық жүйені терең түсінуге мүмкіндік берді. Элементтердің периодтық жүйедегі орны мен атомдарының құрылысы арасында байланыстың болатындығы анықталды. Қазірдің өзінде де периодтық заң және периодтық жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге мүмкіндік береді.

5. Атом құрылысындағы барлық жаңалықтар периодтық заңды тереңдетті, дамытты, себебі ол табиғаттың жеке заңы емес, оның жалпы заңдарының бірі. Ол тек химия мен физиканың ғана емес басқада жаратылыстану ғылымдарының жаңалық прогресінің бұлағы болады.

6. Периодтық жүйе химиялық элементтердің дамуының диалектикалық сипатын көрсетеді, онда диалектикалық материализмнің барлық заңдылығы көрінеді.(қарама-қарсылықтың бірлігі мен олардың арасындағы күрес, сандық өзгерістен сапалыққа көшу, терісті терістілеу, өзара байланыс және өзара себептілік заңдылықтары).

Периодтық заң мен периодтық жүйеде философиялық материализмніңт сипаты өз орнын табады, яғни табиғаттың танымдылығы.

Үйге тапсырма: §60 оқу.

Баяндамалар тақырыбы:

  1. Д.И.Менделеевтің балалық және жастық шағы.

  2. Педагогтық және ғылыми қызметі.

  3. Периодтық заңның ашылу тарихы.

  4. Периодтық заңның бекітілуі және жеңуі.

  5. Д.И.Менделеев жайында замандастарының еске алуы.

  6. Д.И.Менделеев еңбегіне шетелдіктердің көзқарасы.

  7. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы – жаңалықтар және техникалық прогрестің бұлағы.

  8. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі.


Химия 8 сынып

VІІ тарау. Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы.
1 сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің электртерістігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атомдардың электртерістігі туралы және осы түсінік негізінде химиялық байланыстың түзілу табиғатын түсіндіру. Период және негізгі топша бойынша элементтердің электртерістігінің өзгеруімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, «Элементтердің салыстырмалы электртерістігі» кестесі.

Тірек білімі мен бірліктер. Физика мен химия курсынан атом құрылысы мен электрон туралы білім. (Ядро құрамы мен электрон заряды мен атом ядро құрамына кіретін бөлшектер, электрондық жұптасуы туралы түсінік)

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет