Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет18/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Сабақтың тақырыбы: М.Гумеров. Көк кептер.

Сабақтың мақсаты: Мәтінге түсінік бере отырып,оқуға , кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету,оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.

оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адал достыққа баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1.Топта өз ойларын айта білуге үйрену

2. Достыққа адал болуға, құстарды қорғауға тәрбиелеу

3.Жүйелі сөйлеп, ойын еркін айта білуге.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІ Сиқырлы сандар

10 - .Шона Смаханұлы кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?

20-Бұл мысал неге «Тәкаппар» деп аталған?

30- Балық қалай мақтанды?

40- Құрлыққа шыққан балық қандай күйге ұшырады?

50- Балықтың өкінішін білдірген шумақты кім айтады?



ІІІ. Жаңа сабақ М.Гумеров. Көк кептер.

Ой қозғау
Бұл қандай құс?

Көгершін ненің нышаны ретінде алынады?



Автортану

Машқар Гумеров



Машқар Гумеров - 1927 жылы 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған.

1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.

1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген.

Ал 1943—1946 жылдары ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны тамамдаған соң, МТС-тің учаскелік ағрономы болды.

1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді. Главлитода цензор, «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі,

1957 — 1977 жылдары «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.



Шығармалары

«Ұя» атты алғашқы әңгімесі 1952 жылы «Пионер» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының ондаған прозалық кітаптары шыққан.

Кезінде балалар мен жастарға арналған шығармаларға жыл сайын жарияланып келген республикалық бәйгеде сан мәрте (1984, 1985, 1986, 1990, 1994) әр түрлі жүлделі орындарға ие болды. 1990 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген «Ортаншы ұл» атты повестер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының С.Мұқанов атындағы сыйлығын алды. В.Губаревтің «Павлик Морозов» повесін, қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің кейбір шығармаларын, болгар жазушысы Роза Хафизованың «Қурайбаланың басынан кешкендері» атты ертегі-повесін, башқұрт жазушысы А.Хакимовтың повестерден қүралған екі кітабын және басқа да шығармалар ды қазақ тіліне аударды. Бірнеше повестері мен әңгімелері орыс тілінде шыққан.

Ана мен бала. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956;

Үш күн, үш түн. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958;

Асыл дәрі. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960;

Қос шынар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963;

Жоғалған кілт. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жазушы», 1965;

Сүйе ме, сүймей ме?.. Повестер. А.,»Жазушы», 1967;

Хазірет қарғаған ауыл. Повесть. А., «Жазушы», 1970;

Шыңырау. Повестер. А., «Жазушы», 1975;

Тоғыз тосқауыл. Повестер, ертегілер, әңгімелер (екінші басылым). А., «Жалын», 1977;

Жұмбақ сәуле. Фантастикалық повесть. А., «Жалын», 1985;

Құпия дәптер. Повестер. А., «Жалын», 1987;

Ортаншы ұл. Повестер. А., «Жалын», 1990.

Жетістіктері

«Үздік еңбегі үшін» медалімен,

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.[1]

Оқырмандар сайысы : Іштеу, тізбектей оқиды

Мәтінді ретімен орналастыр

Нүсіпбектің шешімі

Көрші әйелдің көмегі

Нүсіпбекті төрт-бес бала қоршап алды

Аймағанның қылығы

Ойлан-Жұптар-Талқыла


Мәтіннің кейіпкерлері

Не істеді?

Сенің пікірің

Көрші әйел-Зияда

Нүсіпбекке болысты

Нүсіпбекті жамандыққа қимады

Аймаған

.....

......

Ойлан-жауап бер!

І топ


Нүсіпбектің орнында сен болсаң қайтер едің? Аймағанның орнында болсаң ше?

ІІ топ


Шала-жансар көк кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға болады? Не істейтініңді рет-ретімен санамалап айт

ІІІ топ


Нүсіпбек пен аймаған арасындағы достыққа өз көзқарасыңды білдір

Топпен жұмыс

І топ


Жаман ат жолда қалдырады,

Жаман жолдас________________

ІІ топ

Жақсымен жолдас болсаң. Жетерсің мұратқа



Жаманмен жолдас болсаң____________

ІІІ топ


Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен________



Венн диаграммасы



БАҒАЛАУ

Өте жақсы жауап тып...... "5"
Жақсы жауап бердім..... "4"
Өзіме көңілім толмады
Әлде де дайындалуым керек....
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА :

І топ «Менің досым» эссе жазу

ІІ топ. «Достық» тақырыбына сурет салу

ІІІ топ. «Достық» туралы мақал – мәтел жаттап келу



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет