Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет3/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сабақтың тықырыбы: Ә.Дүйсенбиев. Ақылшым-мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту.Өлеңді жатқа айту.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Зеректік әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту. Шоқан туралы мәлімет әкелу

ІҮ. Жаңа сабақ

А) автор туралы мәлімет

Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

Шығармашылығы

Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956;

Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1956;

Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;

Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958;

Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959;

Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960

Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962,

Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976;

На веселой улице. Стихи и рассказы. М., «Детская литература», 1972;

Кто раңьше встает? Стихи и сказки. А., «Жазушы», 1973;

Если бы я был сильным. Стихи и сказки. А., «Жалын», 1979;

Ладошка. Стихи, поэма, сказка. М., «Детская литература

Ә) Ақылшым-мұғалім өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау

Б)Шығармашылық тапсырма Мектеп кірпішін қалау МҰҒАЛІМ

В)Сөз құрау мұғалім

М- мейірімді

Ұ- ұқыпты

Ғ- ғалым


А-ақылды

Л-лезде ойлайтын

І-ізденгіш

М-мақтаныш ететін адам

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: Ақылшым-мұғалім (жаттау)




Сабақтың тықырыбы: Абай Құнанбаев.Күз.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қара сөздерімен таныстыру.

2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3. Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ақылшым-мұғалім өлеңін жатқа айту

ІҮ. Жаңа сабақ

А) Кіріспе. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы тамыздың 10 - шы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.

*Қай өңірінде туған ? Қандай ақын? Шығармалары Әкесі...... Шешесі..... Әжесі......

"Күз" өлеңін мәнерлеп оқып беру, сұраққа жауап алу: Абайдың «Күзі» сендерге қандай көңіл күй туғызды? Неліктен? Осы өлеңінде бейнеленген түс қандай деп ойлайсың?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Бүлдіргені көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

V. Дәптермен жұмыс: өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазу.

Жапырақтарынан айырылған ағаш

Сұр бұлт түсі

Дымқыл тұман

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ

Оқулықпен жұмыс

Іштей оқыту, тізбектеп оқыту, қатар бойынша оқыту

Оқушыларға оқытып мазмұнын айтқызу.

Күздің суретін салғызу.

Абай – лирик ақын. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған.

Күз. Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап, төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады. Топ - топ болып құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.

Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Көркем сөзді тауып жазу.

... ағаш (жапырағынан айырылған)... шөп жоқ (жасыл)

... бұлт (сұр)... тұман (дымқыл)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – дей келе Абай әндерін ортаға салайық.

Ән «Көзімнің қарасы» (оқушының орындауында)

Абайдың 38 - ші қара сөзінен.

Адам баласын қорп қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық.

Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы.

Еріншектік – хайуандық.

Залымдық – адам баласының дұшпаны.

«Күз» эссе жазу. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.

5. Сабақты қорытындылау.

Абай ата ағашы

6. Оқушыларды бағалау және мадақтау

7. Үйге тапсырма

а) Еңбек жайлы мақал - мәтел жазу, жаттау.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

б) Жемістер, бақша өсімдіктерінің, дәнді дақылдардың суретін салу

Сабақтың тықырыбы: Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға берекелі күз туралы,күз байлығын таныту;күздегі табиғат құбылыстары, адам, жан-жануарлар тіршілігі туралы көркем сөйлей алу дағдыларын жетілдіру.

2.Оқушылардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту;

3.Еңбек адамдарын құрметтей білуге,еңбекпен келген асты қадірлей білуге , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Күз өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақ Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

А)автор туралы түсінік Жеңіс Қашқынов –Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 1942 жылы туған. Оның балаларға арналған «Достар», «Соқпақтар» тб өлең жинақтары бар.

Жеңіс Қашқынов(1942-2005)- 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қуаныш» деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дің тіл және әдебиет факультетін бітірген.Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде істеп, 1965— 1985 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мектеп» баспасында жұмыс атқарады.Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрді.Он шақты жыр жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдован,грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған.Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары

Кешкі күн. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

Тұлпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Ленин ата. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;

Достар. Өлеңдер, ертегілер. А:, «Жазушы», 1971;

Қазыбек Нүржанов. Очерк. А., «Жазушы», 1972;

Соқпақтар. Өлеңдер, балладалар. А., «Жазушы», 1975;

Найзатас. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1977;

Дихан мерейі. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1988;

Қыраулы биіктік. Поэмалар, ертегілер, аңыздар. А., «Жалын», 1989;

Ақжолтай Ағыбай батыр. Очерк. А., «Балауса», 1996;

Алыптар мен арыстар. Өлеңдер мен дастандар. А., «Әуен», 2001;

Атыңнан айналайын, атамекен. Толғаулар, деректі әңгімелер, сапарнама, ой өрнектері. А., «Әуен», 2001.

Ә) «Ұнатам күзді мен» Мәтінмен жұмыс

1-деңгей

Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнен күзде табиғат қалай өзгеретіні туралы айтылған жолдарды тауып оқы. Ақынның күз мезгіліне деген көңіл күйі айтылған жолды табу.

2-деңгей (төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрау)

Алма албырап, қаптаған бұлт, суық жел, тізілген тырна

3-деңгей

Күз мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек қолданар едің?

Күзде қандай еңбек түрлері атқарылады?

4-деңгей

Өлеңді қарасөзге айналдырып, әңгімелеу ( Албырап алма пісті. Бал құрақ сарғайды. Аспанды бұлт қаптаған)

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


ҮЙГЕ: Ұнатам күзді мен
Сабақтың тықырыбы: Асқар Тоқмағамбетов Бидай мен қаңбақ

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.

2. Ой - өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.



Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ типі: Жаңа білім беру.



Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: Электронды оқулық, А. Тоқмағамбетовтің, бидай мен қаңбақтың суреті, сөзжұмбақ, суреттер мен сұрақтар жазылған слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ұнатам күзді мен өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

- Балалар дүниедегі ең ақылды, ең күшті кім? ( Адам )

Мен сендерге де ең күшті, ең ақылды адам болуларыңызды тілей отырып,

бәріңнің де бүгінгі сабаққа жақсы атсалысады деп ойлаймын.

Үйге берілген Жеңіс Қашқыновтың « Ұнатам күзді мен» өлеңін оқыта отырып өз ойларын айтқызу. Қосымша сұрақтар қою арқылы сұрақтар беру. 1. Даланың түсі қандай? 2. Алма қалай піседі? 3. Аспанды не қаптады? 4. Жел қандай? 5. Тырнасы қайткен? 6. «Күз» өлеңімен «Ұнатам күзді мен» өлеңінің ұқсастығы, ерекшелігі неде? 7. Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлең - нен байқайсың? 8. Өлең сендерге қандай көңіл күй туғызды?

ІІІ. Жаңа сабақ 1. Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы табу.

---е ң Б е к ---і л И я с -------Д у л а т о в

-----қ А ң б а қ ---Б а Й л ы қ

1. Адамдар әрқашан не істеу керек?

2. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім?

3.«Байлық» мәтінінің авторы кім?

4. Ұшарын жел, қонарын сай білетін шөп?

5. Денсаулық зор... (байлық)

2. Бүгінгі өтетін өлеңіміздің шешуін жұмбақ шешу арқылы табайық.

1. Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар. ( Бидай )

2. Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ )

3. А. Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мәтіні мысал өлең түрінде берілген. Бұл өлеңнің авторы өзіміздің жерлесіміз. Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Қазір Сырдария ауданы деп аталады.

Қаламызда бұл кісінің атында үлкен мәдениет үйі бар. Біздің облысымыздан көптеген ақын жазушылар шыққан. Олар З. Шүкіров, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев т. б. (суреттерін слайдтан көрсету ) Асқар Тоқмағамбетов атамыз көптеген әңгімелер, өлеңдер, сықақтар, мысал өлеңдер жазған, соның бірі бүгін, біз өткелі тұрған «Бидай мен қаңбақ»

ІҮ. Оқулықпен жұмыс 1. Мысалды мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушыларға рөлге бөліп оқыту. Оқыған оқушылардың басына кейіпкерлердің бет бейнесін кигізу.

3. Сұрақтармен жұмыс. Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айтқызу: Бидайға ма, Қаңбаққа ма?

Онда қандай салмақ болсын!

«Уф» десе ұшасың,

«Суф» десе қонасың.

Ұшарыңды жел біліп,

Қонарыңды сай біліп,

Сайран салып жүргенің.

Көктемде шығып,

Күз болса бұғып.

Жиғанымыз дән,

Абырой да, даңқ та,

Ерлік те, жеңіс те –

Барлығы осы егісте.

- Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты? - Қаңбақ бидайдан қандай жауап

алды? - Дұрысын айтқан бидай ма, қаңбақ па? - Бидай бізге не үшін керек? - Қаңбақ не?

Ү. Топпен жұмыс Тапсырма: Топ басшыларына.

І – топ: Өлеңнің мазмұнын айту.

ІІ – топ: Өлеңдегі негізгі ой не?

ІІІ – топ: Бидай қандай адамға ұқсас? Қаңбақ қандай адамға ұқсас?

ҮІ. Ой толғау

Бүгінгі сабақта білгендерін, бұрыннан білетіндерін жинақтау. Әр топқа парақтар таратылып беріледі. Маркердің көмегімен ассоциация құрады.

І – топ: Күз ІІ – топ: Бидай ІІІ - топ: Қаңбақ

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

Жұмбақты жазып шешуін табу.

ҮІІІ. Қорытынды

Оқушы білімін бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма

1. Әр топқа тапсырма беру. 1. Өлеңнің толық мазмұнын айту. 2. Нан қалай жасалатынын айту. 3. Өмірде Бидай мен Қаңбаққа (ұқсас адамдар болатынын айту) сипаттама жазу. 4. Нан қалай жасалатынын айту.

2. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқып келу.



Сабақтың тықырыбы: Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты: 1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.

2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату,

Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.

3. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Абай туралы толық деректер, үлестірме материалдар, ереже, нұсқаулар, сабақ тапсырмасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Бидай мен қаңбақ мысалын жатқа айту

Ә) Ашық хат тапсырмалары: Мысалдағы өлең жолдар қайсысына сәйкес екенін табу:

Бидай ---------------------------------------------- Қаңбақ

Онда қандай салмақ болсын! ------------- Ұшарыңды жел біліп,

------------------------------------------------------- Қонарыңды сай біліп.

Уф десе, ұшасың, ------------------------------ Сайран салып жүргенің.

Суф десе, қонасың.

------------------------------------------------------- Көктемде шығып

Абырой да даңқ та, -------------------------- Күз болса, бұғып.

Ерлік те жеңіс те ------------------------------ Жинағанымыз дән

Барлығы осы егісте. ------------------------- Айналамыз толған ән.

III. Сөз жұмбақ шешейік!

Ғарыш Тарақ Мақта Ыдыс ана ағаш Лақ парта қайық

Ырыс піл тақта Мысық алма артық Йод нан Бала Ат

ІІІ. Жаңа сабақ IV. Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»

- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?

1. Автор туралы дерек білу.

2. Өлең мазмұнын түсіну

3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.

5. Мағынаны тану:

1. Топтық тапсырма:

А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет

сызбада көрсету, қорғау, толықтыру

Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;

Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:

- Әр топ жобамен қорғайды.

2. Топтық жұмыс:

1 - топ: ------------- 2 - топ:

Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан

Талап ---------------- Өсек

Еңбек ----------------- өтірік

Терең ой --------------- мақтаншақ

Қанағат -------------- еріншек

Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ

3. Сөз сиқырын ұғайық!

3 - топ 4 - топ:

Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы

4. «Мақал жалғастыр «ойыны:

Жақсыдан үйрен

(Жаманнан жирен)

Талап тұлпар

(Білім сұңқар)

Талант қартаймайды

(Білім ортаймайды)

Әріптен білім

(Әліппеден ғылым)

Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

Өнерлі (өрге жүзеді)

V. Ой толғаныс: а) Салыстыр;

Адам бойындағы қасиет – мінез-құлық, іс - әрекет

Жақсы қасиет -------------------- Жаман қасиет

Білімді -------------------------------- Білімсіз

Ақылды -------------------------------- еріншек

Талапты ----------------------------------- қайырымсыз

Еңбекқор ----------------------------------- жалқау

Қайырымды ----------------------------------- өсекші

Ә) Дыбыстық талдау жаса:

Жұппен жұмыс:

Ғылым Еңбек Өнер Талап

VI. Біз не үйрендік?

Абай


Ұлы ақын Семей өңірінде туған 1845 - 1904ж Ғылым таппай мақтанба

Ойшыл

VII. Бағалау: Абай туралы дерек білу



Өлеңді мәнерлеп оқу

Жоба қорғау

Бекіту тапсырмаларын орындау

VIII. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.



Сабақтың тықырыбы: Білім керек бәріне Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау ,өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды жасау.Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын,зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер мамандық иелерінің суреттері, білім,оқу туралы мақалдар кестесі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

І.Қызығушылықты ояту.

-Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?

-Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?

-Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?

Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.

Оқушылардың қорытындысын тыңдау

-Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз?

Кестемен жұмыс

Оқу, білім

-Білім сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?

-Оны қалай түсіндіресің?

Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті....(оқулықтағы өлеңге назар аудару)

ІІІ. Жаңа сабақ

Білім керек бәріне. Фариза Оңғарсынова

ІІ.Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

-Білім алу жолы қандай жол?-Неліктен?

-Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?

-«Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің- тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.

Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету

«Толықтыру» тесті:

Ғарыш кемесін-----------------------------

Көк жүзіне-----------------------------------

Мұхиттарды--------------------------------

Ғажап үйлер-------------------------------

Дәрі де ойлап -------------------------------

«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.

ІІІ.Ойтолғау.

Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.

-Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.

Жек, жұпта, топта талқыланады. Топ жұмыстарынан үздігін тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: Өлеңді қалай жалғастырар едің? Өз арманыңды қосып жаз.
Сен- теңіз де, мен- кемең…
Сағындым, Ұстаз, балауса балғын кезімді,

Өзіңе деген ықылас толы сезімді.

Сағындым, Ұстаз, «қоңыраулы» қоңыр үніңді,

Сақталған берік мәңгілік өшпес ізіңді.


Сабақтың тықырыбы: Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау. Алған білімдерін кәдеге жаратуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ғылым таппай мақтанба өлеңін мәнерлеп жатқа оқу,Білім керек бәріне өлеңінің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Бекіту сабағы Бөлімді қайталауға арналған тест.

а)Суреттермен жұмыс

ә)мәтіндерді атау, әңгімелеу

б)ТЕСТ


1.Қазақ даласына алғаш білім алп келген адам кім?

А)Ахмет Байтұрсынұлы Ә)Абай Құнанбаев Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Шоқан Уәлиханов

2.Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А)Кел,балалар, оқылық Ә)бір Аллаға сиынып Б)Оқысаңыз, балалар

В)Оқығанды көңілге

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышының» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А)Қарызың Ә)Тәртібің Б)Білімің В)Қылығың

4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А)Жыршы Ә)Суретші Б)Әнші В)Ақын

5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

Б)Абай Құнанбаев В)Жүсіпбек Аймауытов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасындағы келтірілген?

А)Ілияс Жансүгіров Ә)Абай Құнанбаев

Б)Ахмет Байтұрсынов В)Жүсіпбек Аймауытов

7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

Б)Ілияс Жансүгіров В)Жүсіпбек Аймауытов

8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Жүсіпбек Аймауытов

Б)Сапарғали Бегалин В)Ахмет Байтұрсынұлы

9. Абайдың нақыл сөзін аяқта

«Адам баласының ең жаманы-........»

А)білімсіз Ә)Ақылсыз Б)Әдепсіз В)Талапсыз

10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А)өсек, өтірік, талап, еңбек, білім

Ә) өсек, өтірік,қанағат, ұрлық, бірлік

Б) өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншекғ бекер мал шашпақ

В) өсек, өтірік,ұрлық салақтық, әдепсіздік


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Сабақтың тықырыбы: Мазмұндама №1 «Достар»

Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздерімен жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді қайталап, пысықтау, мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу
ІІІ. Қайталау сабағы

А)достық деген не? Досың бар ма?

Ә)Адамның жануарлармен достығын білесің бе?

Б)Мәтінді оқу, түсіндіру, әңгімелеу



Достар

Зейін қар басқан бақта жүр. Бір-екі торғай ұстап алмақ. Оларды үйге апарып, қолға үйретпек. Бірақ жолы болмады. Мұны көрген ағасы қолға үйретудің басқа жолын айтты.

Ағасы екеуі ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Ағасы айтқандай торғайлар оған үйреніп алды. Шашқан бидайды торғайлар тақтайдың үстіне қонып жей бастады. Кейін қорықпайтын болды.

Зейнел-Ғаби Иманбаев

Сұрақтар:

1)Зейін не ойлады?

2)Ағасы үйретудің нендей жолын айтты?

3)Торғайлар неқылды?

4)Сен болсаң не істер едің?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Сабақтың тықырыбы: Ертегілер түрлері. Аңқау арыстан.

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;

2. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;

3. «анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу;


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сипаттау, т. б.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Қосымша материалдар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, кесте.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді қайталап оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, біз бүгін әдебиеттік оқу пәніміздің келесі тарауы «Атадан қалған тұяқ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Өткен бөлімде де ұлы ақын аталарымыздан қалған асыл мұралар, яғни нақыл сөздерге бай шығармаларымен таныссақ, бүгінгі бөлімде халықтың ауыздан - ауызға жеткен ертегі, аңыздарымен т. б. шығармаларымен танысамыз.

- Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін, «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын қандай шығарма? Ертегі әр түрлі бағытқа құрылады. Мына сызбаға назар аударайық

Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

- қиял - ғажайып ертегілер

- шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс:

- Адамдардың мінез - құлықтары да әр түрлі болады. Ақын - жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т. б. теңеп көптеген ертегілер жазған екен. біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлерін табу үшін мына жұмбақтарды алдымен шешіп алайық: 1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)

Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді. Түлкі – қу, айлакер.

2. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.

3. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 – 20 жыл тіршілік етеді.

- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

(Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:

- Ертегі не жөнінде екен? Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар? Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар? Арыстан қандай аң екен? Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?

3. Оқу түрлері:

а) Ертегіні оқушыларға іштей оқыту; Дауыстатып, бөліп оқыту

ә) Рөлге бөліп оқыту;

- Сонда осы ертегідегі ең ақылды аң қайсы? Неліктен?

5. Сергіту сәті: Аю салдым қорбаңдаған, Шортан салдым шошаңдаған.

Қоян салдым қорқып жүрген, Қасқыр салдым жортып жүрген

Мен бәрін де сала аламын, Жазуды да жаза аламын.

8. Дәптермен жұмыс:

Ертегі кейіпкерлеріне жеке - жеке сипаттама жазып, мінездеме беру

6. Бекіту: суреттермен жұмыс

- Суреттің бұл тақырыпқа қандай қатысы бар? Осы суреттегі арыстанның жағдайы қалай бейнеленген?

7. Қорытынды:


А. 35 беттегі сызбалармен жұмыс жүргізу

Б. 36 - беттегі жағдаятты шешу

- Сонымен біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Өмірде түлкі мен есекке ұқсайтын адамдар бар ма?

Ребус шешу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: ертегінің мазмұнын айтуға дайындалып келу, суретін салу;


Сабақтың тықырыбы: «Байлық пен ақыл» (ертегі)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі - ертегімен таныстыра отырып оларға адалдық, ойшылдық ақылдылық адамды бақытқа жеткізетінін түсіндіру. Оқушылардың сөздік қорын молайту. Мейірімділікке, еңбек кештікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:Аралас сабақ. Дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, Топпен жұмыс, сахналау, шығармашылық.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1 - бала. Еліме тыныштық тілеймін!

2 - бала. Аспанымыз ашық болсын!

3 - бала. Деніміз сау болсын!

4 - бала. Күніміз жарық болсын!

5 - бала. Көк туымыз биік болсын!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ертегінің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Енді ертегінің не екенін білесіңдер ма? Қандай ертегіні білесіңдер? Оқушылар жауабын тыңдау.

3. Ертегі сөзіне дыбыстық мінездеме.

Ертегі сөзінде қанша дыбыс бар? Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз.

Берілгені: ертегі = ----------------

Сонымен балалар ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял – ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

4. Жаңа тақырып. Байлық пен ақыл ертегісі. а) Ертегіні анық, мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар тізбекпен оқиды. б) Сұрақ – жауап арқылы ертегі мазмұны түсіндіріледі. в) Ертегі рольге бөлініп оқылады.

Сергіту сәті.

а) Ертегіні анық, мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар тізбекпен оқиды. б) Сұрақ – жауап арқылы ертегі мазмұны түсіндіріледі. в) Ертегі рольге бөлініп оқылады.

Байлыққа нені жатқызар едіңдер?

ақша үй машина

сәнді киім Байлық дүние -мүлік

мал денсаулық

Әрқайсысына жеке –жеке тоқталып, айтқызып отыру. -Ал ақыл дегеніміз не? Ақылға нені жатқызар едіңдер? Өз түсініктерің бойынша айтып көріңдерші.

жақсы сөз тәртіпті

Ақыл тіл алу үлкенді сыйлау

Оқушылардың ойларын тыңдау -Қане, балалар халық ауыз әдебиетіне нелер жатады? -Ертегінің неше түрі бар? -Ендеше біз бүгінгі сабақта « Байлық пен ақыл» атты ертегіні өтеміз.(мақсатын айтып өту) ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: Оқулықпен жұмыс 1.Мұғалімнің түсіндіруі 2.Мұғалімнің оқуы 3.Сөздік жұмысын жүргізу 4.Сұрақтарға жауап алу 5.Оқушыларға оқыту 6. Рольге бөліп оқыту( Сахналап көру)

Сергіту сәті Бәрін көзбен көрейік Дала гүлін терейік Күле жүріп күнгейге Дән маржанын себейік Дәптермен жұмыс жүргізу Сөздік жұмыс

Әшекей- өрнектелген сәнді киім Мұрагер- орын басушы,дүниеге ие болушы. -Қане, балалар сендерге қай ұлының жауабы ұнады? -Бай болу үшін, ақылды болу үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар? Еңбек ету керек -Ендеше қазір 3 топқа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. Шығармашылық тапсырма: «Еңбек бәрін де жеңбек»

1 қатар: Еңбек құралдарының суретін салыңдар. 2 қатар: Еңбек туралы 2-3 мақал-мәтел жазыңдар. 3 қатар: Күзгі еңбек жайлы әңгіме жазыңдар (4-5 сөйлемнен тұратын) 3 қатардың орындаған тапсырмасын тексеріп бағаларын беріп өту -Қане, балалар еңбек жайлы қандай өлеңдер, тақпақтар білесіңдер? (өткен сыныптарда өткенді еске түсіру)

Бәрі бірге қосылып:

Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты- еңбек. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты –

еңбек Сабағыңа жөндеп Дайындалсаң –еңбек.

Ендеше,сендердің қазіргі еңбектерің не екен? Сабақ оқу (жақсы оқу , білім алу)

Асыл тасты жүзік

Сәнді Байлық пен ақыл Әшекей білезік киім

Еңбек сүйгіш екі қолы

Сергіту сәті.



Дәптермен жұмыс.

Әшекей - өрнек, сәнді ою.

Мұрагер – орын басушы дүниеге ие болушы.

Қорытынды: Ертегі дегеніміз не?

Ой толғаныс.

Жаңа тақырыпты қорыту үшін тапсырма.

Тақырыбы: Байлық пен ақыл

Кейіпкерлері: әкесі, төрт ұлы.

Ертегі түрлері: Тұрмыс - салт, қиял - ғажайып т. б.

Сұрақ: Әкесіне соңғы ұлының жауабы неге ұнады?

Ол не деді?

Оқушылардың жауабы:

Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім бар деді.

Еңбек туралы мақал – мәтел: Оқушылар +

Үйге: Өз бетінше. "Байлық пен ақыл" туралы мақал – мәтелдер жинастыру.

Оқушыларды бағалау.




Сабақтың тықырыбы: Қасқыр мен түлкі

Сабақтың мақсаты:

Ертегі мазмұнын айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің іс-қимылдары туралы білім беру.,сөйлеу тілдерін дамыту. Мейірімділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Жабайы аңдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Байлық пен ақыл» ертегісінің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ Қасқыр мен түлкі

Жұмбақ.

Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай шу.

Барлың аң атаулысын алдап жүреді.

Міне қараңдаршы түлкіні өзі сондай сұлу аңдардың бірі,бірақ қулықты көп ойлайды,сол ісіне қарай еш аң онымен дос болғысы келмейді екен.

Мен сендерге «Қасқыр мен түлкі» ертегісін айтып берейін.

Бір күні жолбарыс сырқаттанып қалады. Әміршінің көңілін сұрау үшін оның үйіне барлық аңдар жиналады. Тек түлкі ғана келмейді. Мұны байқап қалған қасқыр жолбарысқа жүгіріп келіп, түлкінің сыртынан өсек айтады. Ашуланған жолбарыс күжілдеп, дереу түлкіні алып келуді бұйырады. Бұл хабарды естіген түлкі жолбарысқа өзі жүгіріп келеді. –О, құдіреті күштім! Сіздің мені көргіңіз келген екен, міне, алдыңызға келіп тұрмын!-дейді. –Әй, оңбаған, сұмырай!-деп күжілдейді жолбарыс. –Барлық аң келіп, менің көңілімді сұрады, ал сен?! –Е, құдіреттім!Сіздің науқас екеніңізді мен барлығынан бұрын білдім. Содан сізге дәрі іздеп кеттім,-дейді түлкі. –Ә, солай ма,-деп жолбарыс сабасына түседі. –Немене, таптың ба?-Иә, құдіреттім, сізді бірден жазатын дәрі сұр қасқырдың өкшесінде жасырулы тұр,-дейді түлкі. –Достым, қамқорлығың үшін үлкен рақмет!-дейді мейірім түскен жолбарыс. Ол қасқырды тез алып келуге бұйырады. ..Арада бірнеше күн өтеді. Түлкі тоғай ішінде келе жатса, қарсы алдынан үш аяғымен қиралаңдап, әрең келе жатқан қасқырды көреді. Осы жерде түлкі оған: -Достым, сөз тасып сыбырласудың керегі жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді.,-депті.

Балалар өсек айтуға болама? Қасқырдың істегені дұрыс па?

Сергіту сәті

Көлбең,көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Түлкі қалай жреді ,

Кім көрсете біледі.

Түлкі былай-былай жүреді

Оны бәрі біледі.


Рефлексивті қорытындылау.

Қасқыр мен түлкі қайда өмір сүреді?

Түлкінің құйрығы қандай?

Ал қасқырдың түрі қандай?

Тістері қалай көрінеді? ( Ертегінің мазмұнын сұрау.)


  • ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Ертегідеі ақыл сөзді тауып, дәптерге жазу

Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді.



  • Дәптерге 41-беттегі суретті салу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


ҮЙГЕ: «Қасқыр мен түлкі» ертегісін оқып, мазмұнын әңгімелеу

Сабақтың тықырыбы: «Ұр, тоқпақ»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі – ертегілер және оның түрлері туралы кеңінен түсінік беру.Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Халқымыздың тұрмыс – салтын, әдет- ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарасын сақтауға, жат әдеттен аулақ болуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Ой – өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын,танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Пәнаралық байланыс : Дүниетану, математика, бейнелеу өнері, өзін –өзі тану.

Сабақта қолданылатын технология: Ойын арқылы оқыту.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Оқушылармен амандасу; жалпы жан- жақты дайындығын тексеру.Сабаққа назарын аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық

« Шаттық шеңберін » құрып, қол ұстасайық.Бір – бірімізге зор денсаулық, оқуда табыс, сенімді дос тілейік.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

1)« Қасқыр мен түлкі » ертегісін оқып түсінігін айту.

2)Үй тапсырмасына барлығымыз дайынбыз ба?

3)Ертегіні сахналау.

4) Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру.

« Венн диаграммасы »

« Венн диаграммасы »
Түлкі

Ортақ қасиеті

Қасқыр

Пікірлесу сұрақтары.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі сабағымызда өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық тапсырмаларға жауап берейік! Осы тапсырмалар арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Олай болса, 10 саны – қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт. 20 саны – ең кіші бір таңбалы санды ата. 32 санында неше ондық,неше бірлік бар?


10

20

32


Жарайсыңдар оқушылар. Олай болса , сабағымыздың тақырыбы « Ұр, тоқпақ » ертегісі.

Ертегі- ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі.Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет- ғұрпын , нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Ертегінің түрлеріне жеке- жеке тоқталу, түсінік беру.





Ертегі




Тұрмыс- салт




Қиял- ғажайып


Шын-шыл

Ү.Оқулықпен жұмыс

Ертегіні нақышына келтіре оқу; ертегідегі негізгі ойды ұғындыру; оқушыларға тізбектей оқыту; төмендегі кесте бойынша әңгімелеу. Топтық жұмыс.



1 - топ


2 - топ


3 - топ


4 - топ


5 - топ


Қаздың тұзаққа түсуі



Шалдың қазды іздеп шығуы


«Піс,қазаным, піс »


« Құс, есегім, құс»


« Ұр, тоқпағым, ұр»

Қаздың тұзаққа түсуі

Шалдың қазды іздеп шығуы
«Піс,қазаным, піс »
« Құс, есегім, құс»
« Ұр, тоқпағым, ұр»
ҮІ. Сергіту сәті

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, сары, қарамыз,

Біз бақытты баламыз!

ҮІІ.Дәптермен жұмыс

Егер сендер де ертегідегі шал сияқты тұзақ құрған болсаңдар. Ол тұзақтарыңа қаз түссе не істер едіңдер? Бірден тұзақтан босатып, бауыздайсыңдар ма, әлде қаздың өтінішін орындап мұраттарыңа жетесіңдер ме? ( өз ойларын дәптерге жазады). Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.

ҮІІІ.Семантикалық карта






Тапсырма

Оқушының жауабы

1

Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?





2

Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?





3

Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.









Тапсырма

Оқушының жауабы

1

Шалдың тұзағына не түседі?




2

Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?




№ Тапсырма Оқушының жауабы

1 Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

2 Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?

3 Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.

Тапсырма


Оқушының жауабы

Шалдың тұзағына не түседі?

Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

ІХ..Қорытынды бөлімі.

Ойын: « Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап » сұрақ – жауап

Х.Бағалау

Оқушыларды мадақтап бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма

Ертегіні оқып, мазмұнын айту.

Сабақтың тақырыбы: « Ұр, тоқпақ » ертегі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі – ертегілер және оның түрлері туралы кеңінен түсінік беру.Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Білімділік: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Халқымыздың тұрмыс – салтын, әдет- ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарасын сақтауға, жат әдеттен аулақ болуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой – өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын,танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Түсіндіру, әңгіме, сұрақ- жауап, көрнекілік, топтау

Пәнаралық байланыс : Дүниетану, математика, бейнелеу өнері, өзін –өзі тану.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : Тірек – сызбалар, топтастырулар, плакаттар,

Сабақта қолданылатын технология: Ойын арқылы оқыту.

Сабақтың барысы: І.Алғашқы ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу; жалпы жан- жақты дайындығын тексеру.Сабаққа назарын аудару.



ІІ.Психологиялық дайындық

« Шаттық шеңберін » құрып, қол ұстасайық.Бір – бірімізге зор денсаулық, оқуда табыс, сенімді дос тілейік.



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

1)« Қасқыр мен түлкі » ертегісін оқып түсінігін айту.

2)Үй тапсырмасына барлығымыз дайынбыз ба?

3)Ертегіні сахналау.

4) Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру.



« Венн диаграммасы »
Түлкі

Ортақ қасиеті

Қасқыр

Пікірлесу сұрақтары.



ІҮ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кіріспе сөз:

Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі сабағымызда өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық тапсырмаларға жауап берейік! Осы тапсырмалар арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Олай болса, 10 саны – қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт. 20 саны – ең кіші бір таңбалы санды ата. 32 санында неше ондық,неше бірлік бар?


10

32

20

Жарайсыңдар оқушылар. Олай болса , сабағымыздың тақырыбы « Ұр, тоқпақ » ертегісі.

Ертегі- ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі.Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет- ғұрпын , нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Ертегінің түрлеріне жеке- жеке тоқталу, түсінік беру.


Хайуанаттар




Ертегі


Қиял- ғажайып

Тұрмыс- салт




Шын-шыл


Ү.Оқулықпен жұмыс

Ертегіні нақышына келтіре оқу; ертегідегі негізгі ойды ұғындыру; оқушыларға тізбектей оқыту; төмендегі кесте бойынша әңгімелеу. Топтық жұмыс.





1 - топ


2 - топ


3 - топ


4 - топ


5 - топ


Қаздың тұзаққа түсуі



Шалдың қазды іздеп шығуы


«Піс,қазаным, піс »


« Құс, есегім, құс»


« Ұр, тоқпағым, ұр»


ҮІ. Сергіту сәті

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, сары, қарамыз,

Біз бақытты баламыз!

ҮІІ.Дәптермен жұмыс

Егер сендер де ертегідегі шал сияқты тұзақ құрған болсаңдар. Ол тұзақтарыңа қаз түссе не істер едіңдер? Бірден тұзақтан босатып, бауыздайсыңдар ма, әлде қаздың өтінішін орындап мұраттарыңа жетесіңдер ме? ( өз ойларын дәптерге жазады). Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.



ҮІІІ.Семантикалық карта

А)



Тапсырма

Оқушының жауабы

1

Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?





2

Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?





3

Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.




Б)


Тапсырма


Оқушының жауабы


1

Шалдың тұзағына не түседі?




2

Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?






ІХ..Қорытынды бөлімі. Ойын: « Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап » сұрақ – жауап

Х.БағалауОқушыларды мадақтап бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма Ертегіні оқып, мазмұнын айту.


Сабақтың тықырыбы: «Сақина» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру. Ертегідегі негізгі ойды анықтап, өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру.Бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қоя білуге баулу



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ұр, тоқпақ!» ертегісін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Жоспар бойынша әңгімелеп жаза білу



ІІІ. Жаңа сабақ

А)Ребус шешу

,,, ,,,, , ,, ,,,,,, ,,, ,,

сағат қалам лифт компьютер фонарь

РЕБУСТЫҢ ШЕШУІ: сақина

Ә)Ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру

Тауықтың сыйы

Зергердің ойы

Шаруаның қуанышы

Еңбектің нәтижесі

Балаларының адалдығы

Б) СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС

Жиһаз-қымбат зат

Бітік-мол, қалың, көп

Арам пиғылды-жаман ойлы

Арамза-оңбаған, залым


В)***ЕРТЕГІНІҢ соңғы сөйлемін оқып түсіну
Г)ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
*Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?
*Осы ертегі бойынша қандай сурет салуға болады?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: «Сақина» ертегіні оқу, әңгімелеу

Сабақтың тықырыбы: « Сақина» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру. Ертегідегі негізгі ойды анықтап, өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру.Бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қоя білуге баулу


Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сақина» ертегісін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

« Сақина» ертегісі

а)***ЕРТЕГІНІҢ соңғы сөйлемін оқып түсіну
ә)ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
*Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?
*Осы ертегі бойынша қандай сурет салуға болады?
Б) ЕРТЕГІНІ ОҚЫП, жоспар түзу
1.Тауықтың сыйы

2.Зергердің ойы

3.Шаруаның қуанышы

4.Еңбектің нәтижесі

5.Балаларының адалдығы

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


ҮЙГЕ: «Сақина» ертегісін оқу, мазмұнын әңгімелеп айту
Сабақтың тықырыбы: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Сабақтың мақсаты:

Ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтып, ондағы негізгі анықтау, ертегінің жақсы жағы мен жаман жағын таба білуге дағдыландыру. Жақсы әдетке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сақина» ертегісін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

І.Автор. Халық ауыз әдебиеті. Себебі, ертегі. Ертегі дегеніміз-шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғалар.Ертегінің төрт түрі бар: 1)шыншыл 2)хайуанаттар туралы 3)тұрмыс-салт 4)қиял-ғажайып

Бұл мәтін- шыншыл ертегіге жатады.

ІІ.Мәтін-өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.

ІІІ.Мәтінге ат қою-ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты деген сөз. Бұл мәтіннің атауы- Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Мәтін үш жолдас туралы айтылады.

ІҮ.Мәтіндегі негізгі ой-автордың айтайын деген ойының басты пікірі. Мәтіндегі негізгі оймен тақырып тығыз байланыста болады. Бұл мәтіндегі негізгі ой- жаман әдеттегі жолдастар туралы айтылған.

Ү.*сөздікпен жұмыс

Жан тапсыру-қайтыс болу

Мүрдем кету-өлу, өліп кету

ҮІ.Мәтіннің түрлері: әңгімелеу, Себебі, үш жолдас туралы, олардың іс-әрекеті туралы баяндалып тұр. Сипаттау мәтіні, себебі, үш жолдастың түрі сипатталып тұр.

ҮІІ.*Өз пікірім:....

ІХ. Мен мәтінді былай қорытындылаймын.


«Ұрлық түбі-қорлық»

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Ертегі кейіпкерлерінің аттары кім? Неге солай аталған?

ЕРТЕГІНІҢ ЖАҚСЫ ЖАҒЫ, ЖАМАН ЖАҒЫ?....

ЕРТЕГІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ

1)шыншыл ертегі:

2)Жан-жануарлар:

3)қиял-ғажайып:

ҮЙГЕ: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас (оқу)

Сабақтың тықырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Қой.

Сабақтың мақсаты:

Төрт түлі түрлеріне тоқталып,соның ішінде қой малының маңызы жөнінде түсінік беру. Төрт түлік түрлеріне анықтама беріп,қойдың сүтінен,жүнінен жасалатын заттар болатындығы,олардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Төрт түлік малының адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып,қой малының ерекшелігіне оқушылардың көңілін аударту және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу. Ата кәсіп туралы,олардың өмір салты туралы ұғым бере отырып қазақ халқының жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына мән беру.



Оқытудың нәтижелері:

  1. Берілген жырдың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып ,тереңірек ойлауға дағдыландыру.

  2. АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа түсініктер қалыптасады.

  3. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша тапсырманы орындай отырып,сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.

  4. Оқушы өз ойын еркін айта отырып,өз идеяларын талдай алады.

  5. Кейбір оқушылар топтық жұмыс көмегімен берілген тапсырманы орындай алады.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Төрт түлік туралы жыр.Қой



Қадамдар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Видеопроектрмен жұмыс

  3. Топпен жұмыс

  4. Рефлексия

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

  3. Топқа бөлу

  4. Мәтінді тарату.

  5. Тапсырма тарату

Оқушының іс-әрекеті

I .Үй тапсырмасын тексеру

  1. тапсырма Диалогтық оқыту

1-топ

1 Шибұтқа сипаттама бер

2Шибұттың бұты неге сынып кетті?

2-топ

1 Қылмойынның мойны неге қылдай?

2 Қылмойынның іс-әрекеті

3-топ

1 Қарынбасқа сипаттама бер.

2 Қарынбастың қарны неге жарылды?

4-топ

3 топты бағалайды.



Жаңа сабақтың мағынасын ашу.

тапсырма .Топтық жұмыс.

Жырды тарату.



тапсырма.

1-топ

Жырды пайдаланып қойды суретте .



2-топ

Мақал- мәтелді пайдаланып қойды суреттеу.



3-топ

3 топты бағалау



4-топ

Жұмбақты пайдаланып қойды сипаттау



тапсырма

Қойдың пайдасын сызбаға жазу.



1-топ

Қойдың жүнінен жасалатын заттар



2-топ

Қойдың терісінен жасалатын заттар



3-топ

Қойдың сүтінен жасалатын тағамдар



4-топ

Қойдың етінен жасалатын тағамдар



тапсырма сызбаны толтыру.

Рефлексия

Бағалау

Үйге тапсырма :Қойдың суретін салу,торы құлын оқу.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет