Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»


Осы аңызда олжалы болған кім? Ол қалай олжалы болды деп ойлайсың?



бет8/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Осы аңызда олжалы болған кім? Ол қалай олжалы болды деп ойлайсың?

- Қожанасыр

- Алдаркөсе

- Қойшы


«Көршіме айтамын» әдісі

Алдаркөсенің олжалы болу себебі неде? Ол қандай айла тапты деп ойлайсың?

  • Сараңдық көрсетті

  • Ақшасын алмады

  • Тапқырлық танытты

  • Өзі де шығынға батты

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Үйге: Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом. (оқу)


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №2 «Ат пен есек»

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелеуге үйрету. Сұраққа дұрыс әрі толық жауап беріп, жоспар бойынша мәтін құрап жазуға дағдыландыру. Ұқыпты әрі сауатты жазуға баулу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Қожанасыр мен Алдаркөсе», «Үш сом» аңыздарын мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

А)Жұмбақ шешу

Ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Сұрақ беру, сұраққа толық жауап алу.

Ат пен есек

Бір кісі аты мен есегіне жүк артып, қалаға келе жатты. Есек жолда шаршап, атқа:-Жолдасым, менен азырақ жүк алшы. Мен көтере алмай өлейін деп келемін, - деді.

Бірақ ат жәрдем етпеді. Жолшыбай есектің халі бітіп, жығылып өлді. Сонан соң иесі есектің барлық жүгін және терісін сыпырып алып, атқа артты. Сонда ат: «Өз обалым өзіме, егер есектен азырақ жүк алсам, бұл оқиға болмас еді. Енді, міне, сорлап есектің барлық жүгін және терісін арқалап келе жатырмын», - деп ойлады.

Ы. Алтынсарин



Сұрақтар:

1. Есек аттан не деп көмек сұрады?

2. Есектің неге жүк көтеруге шамасы жетпеді?

3. Ат неге өкінді?



Жоспары:

1. Ат пен есекке жүк арту

2. Есектің аттан көмек сұрауы

3. Аттың өкініші


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: Өткенді қайталау



Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең.

Сабақтың мақсаты:

Өтірік өлеңді ажырата білуге, сурет бойынша өтірік өлең құрай білуге үйрету

Өтірік өлеңнің не екенін ұғындыру

Өтірік өлеңді ажырата білу

Оқушыны өз бетімен өтірік өлең құрай білуі


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Жаңа сабақ
Өтірік өлең туралы мағұлмат беремін.

Өтірік өлең ауызша тараған қазақ

халқының асыл мұраларының бірі.

Оқулықпен жұмыс

Өтірік өлеңді тізбектеп оқыту, мазмұнын қара сөзбен жеткізу.



1-тапсырма. « Сиқырлы қорапша»

Балалардың алдына шындық пен өтірік қиық сөйлем жазылған қорапша тастаймын.

Мен атқа міндім. Аян шегірткемен серуендеді. Астанаға инелікпен ұшып бардым. Әкем машина алды.

Формативті бағалау

Жақсы орындаған топты қол шапалақтау арқылы мадақтау.


2-тапсырма Сөздік жұмысы

Өтірік өлеңді тақтаға жазып қойып сөздік жұмысын жасау. Кейбір сөздерді сары түспен бояп сол сөздерді суретпен сәйкестендіру.



Формативті бағалау

Тез орындаған жұпты қол шапалақтау арқылы мадақтау.



Сергіту сәті

3-тапсырма.

АДүзелханов. Қырық өтірік атты суреттегі Тазша бала әрекетіне берілген тапсырмалар.

1-топ Тазша бала неге мініп ұшқан деп ойлайсың?

2-топ Киіз үйде қайда тіккен деп ойлайсың?

3-топ Неге мініп саяхатқа аттанған деп ойлайсың?

4-топ Жүгін неге артқан деп ойлайсың?
Формативті бағалау

(жұлдызшалар үлестіру арқылы)


4-тапсырма. «Мәселені болжау». Берілген суреттер бойынша өтірік өлең құрастыру


Түйме үй ши шие





Теңіз түйе күйме шие



5-тапсырма

Берілген сурет бойынша өтірік өлең құрастыру.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет