Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдар, алынуы, аталуы, қасиеттері»



бет2/5
Дата04.05.2020
өлшемі66,6 Kb.
#65670
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қышқылдар, алынуы мен қасиеттері

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қышқылдардың формуласы, тірек-сызбанұсқалары, аскорбин қышқылының таблеткалары, лимон, тұз және күкірт қышқылы ерітінділері, индикаторлар, Zn, Cu, Петри табақшасы, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой шақыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.



(Алма, лимон, айран, аскорбин қышқылының дәмдері қышқыл болады). Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді).  Егер орманда құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда жиі кездеседі.

Әр бір адам жас ерекшелігіне қарамай саяхаттануды ұнатады. Бүгін мен сендерді «Қышқылдар әлеміне» шақырамын. Барлықтарымыз поездға отырайық, сендер жолаушы боласыңдар, ал мен бағыттаушы боламын. Алдарыңда тұрған дәптерлерің бүгін «Жолаушы күнделігі» болсын. Әрбір станцияда нені көріп, бақылағандарыңды осы күнделіктеріңе жазып отырасыңдар. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбын күнделіктеріңе жазып алыңдар: «Қышқылдар, алынуы, аталуы, олардың қасиеттері».

Сонымен, «Таныстыру» станциясы.

Тапсырма № 1

Осы станцияда тұратын кейбір «тұрғындардың» аттары берілген. Оқулықтарыңдағы 91 беттегі № 10 кестені және тірек сызбаларды қолдана отырып, мына қышқылдарды аты және неге олай аталатынын түсіндіріп көріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет