Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдар, алынуы, аталуы, қасиеттері»



бет3/5
Дата04.05.2020
өлшемі66,6 Kb.
#65670
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қышқылдар, алынуы мен қасиеттері

HCl, H3PO4, H2S, H2SO4

(егер қышқылдың құрамында оттек болса, онда ортада тұрған қышқылдың атымен, ал егер оттексіз болса онда сутекпен байланысқан атомға «сутек» деген сөзді қосып оқиды).

Мұғалім: қышқылдардың формулаларына мұқият қараңдаршы қандай ұқсастық бар? (Н атомы бар) сутекпен байланысқан қалған қалдықты қышқыл қалдығы деп атайды. Олардың валенттілігі байланысқан сутек атомдарының санына байланысты (кестемен жұмыс).

Мұғалім: Өткен тақырыптан мырыш пен хлорсутек арасындағы реакцияны еске түсірейікші. Бұл реакцияның типі қандай? (метал атомы сутектің орнын басады)

Сонымен:

1. қышқылдар құрылысының ұқсастығы неде?

2. металдармен әрекеттескенде сутекті қандай атомдар орынбасады?

3. сутекпен байланысқан атомды немесе атомдар тобын қалай атайды?



Қышқылдар дегеніміз метал атомдарымен орынбасуға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

Мұғалім: қышқылдардың құрамында сутек саны әртүрлі болуына байланысты, оларды бірнегізді – HCl, HNO3, екінегізді – H2S, H2CO3, үшнегізді – Н3РО4 деп жіктейді. Қышқыл қалдығының валенттігі сутек санына байланысты (кестемен жұмыс).

Тағы қандай белгісі бойынша жіктеуге болады?  (оттекті және оттексіз)

«Дәм тату» станциясы:

М: алдарыңда тұрған аскорбин қышқылы мен лимонның дәмін татып көріңдер. Бұл заттардың құрамында қышқылдар бар. Неге «қышқылдар әлемінің» «тұрғындарын» қышқылдар деп атайды?

Бірақ, кейбір қышқылдардың дәмі қышқыл болмайды, мысалы, салицил қышқылының дәмі – тәтті, ал никотин қышқылының – ащы. Көбіне барлықтары қышқыл болады.

Қышқылдарды алу:

Бейметал оксидтерін суда еріту арқылы:

SO3 + H2O = H2SO4

H2 + Cl2 = 2HCl





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет