Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы Сабақтың мақсаты



бет8/15
Дата22.03.2017
өлшемі2,05 Mb.
#12098
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Мақсаты: Білімділік: ) жұмсақ төсек атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш туралы түсінік-ұғымдарын   молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:   топпен жұмыс

Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.



Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады.

Құрал-жабдықтар.

электр дрелі – 4 000 теңге


электр сүргісі – 5 000 теңге
электр қыл арасы – 6 000 теңге
шаруашылық степлер – 7 000 теңге
тігін машинасы – 38 000 теңге
құралдар жиынтығы: балға, кемпірауыз – 10 000 теңге

Жоғарыда көрсетілген құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, басқа да қажетті материалдарды дүкеннен немесе базардан сатып алуға болады.



Технология. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы өнімді сапалы жасап, белгіленген мерзімде аяқтау болуы керек. Жиһаз қаптаудың екі түрі бар: біріншісі – жұмсақ жиһазды клиенттің матасымен қаптау, екіншісі – өзіңіздікімен қаптау. Екінші тәсіл үнемді әрі пайдалы екенін айта кету керек. Яғни сіз матаны арзан бағамен көп қып сатып алып, клиенттерге оны бөлшек сауда бағасымен есептеп, қосымша пайда таба алатын боласыз. Жұмсақ жиһазды қайта жөндеу дегеніміз – негізінен оның қаптамасы мен поролонын ауыстыру. Сонымен қатар, кейде жөндеуге келмейтін бөлшектерді ауыстыратын жағдайлар да болады. Жалпы диванның немесе креслоның арқасының биіктігін қысқарту сияқты жұмыстарды жасағаннан кейін жиһаз жаңа және заманға сай түрге ие болады.Клиентке ұсынылатын қызмет түрлері – жұмсақ жиһазды қайта жөндеу, корпусты жиһазды жөндеу, орындық жөндеу, қаптама тігу, механизмдерді жөндеу және оларды ауыстыру.

Қызметкерлер. Жұмыс үшін жөндей алатын екі шебер қажет. Жұмысшылармен жеке еңбек келісім-шартына отыру қажет.

Өткізу нарғы. Тапсырыс берушілерді тарту үшін жергілікті газеттерге, интернетке жарнама беру қажет. Жұмыстардың фото суреттерін орналастырып жеке сайт ашуға болады

11-сынып №18сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі

Мақсаты: Білімділік: ) жұмсақ төсек атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру қонақ туралы түсінік-ұғымдарын   молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру

Нарықта тауардың қатары, капиталдар, жұмыс күші нарық қызметімен байланысты. Қызмет сферасы песрпективал, тез дамығыш экономикалық секторлардың бірі болып табылады. Қызмет — тұтынушының тілектерін қанағаттандыратын, ұсынушымен тұтынушының байланысы. Қызмет функциялық жағынан екіге бөлінеді: материалдық және әлеуметтік-мәдени.

Материалдық қызмет — бұл тұтынушылардың матыриалды-тұрмыстық сұраныстарын қамтамасыз ететін қызмет түрі. Бұған кіретіндер: тұрмыстық ықзметтер, коммунальдық тұрғын үй, транспорттық ықзметтер және тамақтану.

Әлеуметтік-мәдени қызмет — тұтынушының жан-дүниесі, интеллектуальдық тілектерін қанағаттандыратын қызмет түрі. Бұған кіретіндер: медициналық қызметтер, білім қызметтері, мәдениет қызметтері, туристік және қонақ үй қызметтері.

Қызметтер және қонақ үй қызметтері принципиалды түрде тауарлардан ерекшеленеді.

Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды кіргізеді:

- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;

- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтануда қызмет көрсету;

- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін қанағаттандыру;

- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.



Сезілмейтін

қызметтер

^ Сапаның өзгеруі

Нақты өндіру

және тұтыну

Сақтауға қабілетсіз

Қызметтерге мінездеме беру.

Қызметтер дайын, біткен формада болмайды, ол тұтынушымен атқарушы арасыдағы қызметтер жағдайында қалыптасады. Өндіру процесі және қонақ үй қызметтерін тұтыну қонақ келгеннен бастап, кеткенше жүріп отырады. Қонақ үйде қонаққа персоналдар мейрамханаларда, номерде, қонақ үй кәсібінің барлық жерінде қызмет көрсетіп, байланыс орнатып отырады. Сонымен қатар қонақ тұратын жерінде ережені ұстап, қоғамдық орында нормаларды орындайды.

Қонақ үй қызметі — бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын анықтайды.

Қонақ үй қызметтерінің ерекшеленетіні, оны оңай түрде оқып, бағалай мүмкін емес. Мұндай жағдай қонақ үйге қиындық әкеледі.



Адам қызметті пайдаланғанда сауатты менеджмент персоналдардың рөлі зор. Қонақ үй қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталуы мүмкін, жайлы жағдай болып және қазіргі талапқа сай материалдармен безендірілсе де онда бәрі-бір бір нәрсе жетіспейді, яғни ол негізгі ойлар мен сезу элементін қалыптастыратын, қызмет етуші адамдар. Қызмет көрсету кім және қашан оған жағдай туғызатынға тәуелді. әдетте жиі кездесетін, категориялары бірдей қонақ үйлердің сервистері әртүрлі: бір қонақ үйлерде номерлерді ереже бойынша қатаң түрде қадағалап, тазалап отырады, ал бір қонақ үйлер тек клиент жалоб жасағанда ғана тазалайды. Қонақ үй қызметтерінің өзгеруі факторларға әсер етеді:

- қонақ үй кадрларының құрамымен ұйым жұмысы;

Сабақты қортындылау:

Бағалау:

Үй тапсырмасы

11-сынып №20сабақ

Сабақтың тақырыбы: Орындықтаржинау, оған қажетті бөлшектер мен саймандар. әртүрлі орындықтардың құрастыру



Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау.

Сабақтың білімділік мақсаты: ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге және сыйлыққа арналған бұйымдарды дайындауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой - өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

Сабақтың көрнекілігі: қолдан дайындалған нұсқау карта, орындықтың дайын үлгісі, құрал – жабдықтар, құм қағаз,лак.



Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, шеберхана тазалығына назар аударамын. Кезекші құрал-саймандарды таратып берген соң, құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексеріп шығамын.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті тұрмыста ағаш бұйымдарын көптеп кездестіресіндер. Көптеген үйде кездесетін сандық, кебеже, келі, күбі сияқты бұйымдардың барлығы жиде, қарағаш, тораңғыл, көк тал, т.б. ағаштардан жасалған. Міне, осы ағаш қалдықтарының өзінен-ақ сәнді сыйлық заттар жасауға болады.

Бүгінгі жасайтын бұйымымыз- жиналмалы балалар орындығы. Бұл орындық балалардың қызығушылығын арттырады, өзім де құрастырсам деген ойға итермелейді.



Сарамандық жұмыс. Оқушылар жұмысты топ болып орындайды. Сызбада көрсетілген өлшемде 30х15 мм көрсетілгендей рейкалар дайындап аламыз. Орындық негізі төрт элементтен құрастырылады.

а) Аяқтары 30 х15 мм, ұзындығы 300 мм етіп төрт дана кесіп аламыз. Оларды құм қағазбен тазалап болған соң, ортасынан 6 мм етіп өткерме тесіктер тесеміз.

б) Орындық беті 30х15 мм, ұзындығы 280 мм алты рейкадан құрастырылады. 6 мм болатын өткерме тесіктер аяқтары мен бел ағаштарын құрастырып болған соң, бетңіне қойып тұрып белгіленеді.

в) Бел ағаштарын аяқтарға бекітерде өткерме тесіктерді тесу және құрастыру (тойтарып шегелеу) құрастыру сызбасына қарай отырып орындалады. Дұрыс құрастырылмаған жағдайда орындық жиналмай қалады.

г) Аяқтар аралығын реттегіш рейканың өлшемі 20х10 мм, ұзындығы 180 мм етіп екі дана дайындалады. Орындық түгел құрастырылған соң орындықты жинап барып бекітеді.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамын.

-Міне оқушылар, туған жердің сұлу ағаштарының қалдықтарының өзінен-ақ қандай әсем бұйым жасауға болады. Туған жер табиғатын аялап, күтуге үйреніңдер. Табиғат біздің ұлттық байлығымыз. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті. Енді өздерің ізденіп көрулерің керек.

Үйге тапсырма: ағашты көркемдеп өңдеу тақырыбы бойынша асханалық тақтайшаның, сыйлыққа арналған жобасын жасап келіңдер.

11-сынып №21сабақ



Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренаш жүйесін жоспарлау.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет