Сабақтың тақырыбы Жанар ақылды қыз



бет4/4
Дата02.10.2019
өлшемі417,32 Kb.
#49149
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
zhanar-ak-yldy-k-yz-razrabotka-uroka-po-kazakhskom
0011c1a4-c12cf687, қмж№27, 50 әдіс, 2 тоқ қмж№27, 2 тоқ қмж№5, 2 тоқ қмж№5, 12, HW2 Kulbayev Ulykbek, ccae5c9c-49e7-4d2d-a5d7-e50b4e73cda4, ccae5c9c-49e7-4d2d-a5d7-e50b4e73cda4, занятие 3 лабор, Мақсатыма жетемін-Брайан Трейси

Үй тапсырмасы

Отбасы мүшелерінің түр-келбетін сипаттап жазып келіңдер.




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала

Мектеп: І.Кеңесбаев ЖОМ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Науанова Акбота

Сынып: 5 сынып


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Жанар – ақылды қыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну

. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сұрақтарға лайықты жауап беру

Кейбір оқушылар орындай алады: Сын есімдерді ажыратып жазба, ауызша жұмыстарында қолдану

Бағалау критерийі


Мәтіндегі сын есімдерді түсінеді;

Сөйлеуде, жазуда сын есімдерді қолданады;

Ауызша мәтін құрауда сын есімдерді дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:Мәтіннің мазмұны бойынша ақпаратты анықтап, сұрақтарға жауап береді. Сын есімдерді ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақылды, тәртіпті, білімді, өнерлі, үздік, әдемі

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

танысып қоюларың керек, бас кейіпкер, ақылды қыз, үздік оқушы



Құндылықтарға баулу


Досына деген құрмет сезімін ояту, ынтымақтастыққа, адамгершілікке баулу

Пәнаралық байланыс


Әдебиет, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Балалар алдыңғы тақырыптан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер туралы біледі. «Менің атым - Қожа» повесінің мазмұнын біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер

Сабақтың басы 7 минут

(4 минут)

(3 минут)


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру



«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)


Топтық жұмыс 
І топқа – Шығармадағы негізігі кейіпкерлерге мінездеме беру. 
ІІ топқа – Қожа мен Жантасты салыстыру. Венн диаграммасы 
ІІІ топқа – «Бес жол өлең» стратегиясы 




Сабақтың ортасы

(30 минут)


Орындау уақыты

15 минут



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану (графикалық органайзер)



5 мин.

4 мин.


І топ   Қожаның қай сәті  бейнеленген?

“Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп,  суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”

(Орыс әдебиетінен А. Михайловна А.С.Пушкиннің “Қысқы кеш” өлеңін жатқа сұрағанда, сабаққа дайындықсыз келген Қожа қатты қысылады. Қорқып емес, өзі жақсы көретін мұғалімді ренжітіп алмас үшін…

Қожа  — ұяты бар, ақылды, жақсы көретін адамын ренжіткісі келмейді.)



ІІ  топ   Қожаның қай сәті  бейнеленген?

“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегім тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін…”

(Майқанованың сумкасына бақа салып жіберіп, ол шошынып ауырып қалып,  екі күн жұмысқа шықпай қалып, мектеп бір шулады. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бала уақиғасы мектепке анасын келтіртеді. Қожаның анасына кездесер сәті.

Қожа – аңқау, балалықтан шалалығы басым. Орынсыз істе өкіне алады. Еркелігі басым бала.)



ІІІ  топ “ Қожаның қай сәті бейнеленген?”

“Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп. Терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы айна тұр…”

(Бұл Қожаның “құпия кеңес” өткізетін бөлмесі. Кеңесті бір сағаттай өткізді. Ақыры мына тұжырымға келді.

1.      Тәртіпсіздік кісіні жексұрын етеді, әрі адам келешегі үшін зиян

2.      Әр тәртіпсіздік қылығы үшін жазалану керек.

3.      Жаман адаммен дос болмау керек.

4.      Сабақты жақсы оқу.

5.      Осылардың бәрін мүлтіксіз орындау.

(Қожа – алдына міндет қойып, сол жолда мақсатына жетуге тырысады. Ерік, жігері бар.)





Сабақтың соңы

(5 минут)



Сабақты қорыту: «Синквейн» әдісі

 - Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Рефлексия «Алма ағашы» әдісі арқылы.


Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.




Үй тапсырмасы

Отбасы мүшелерінің түр-келбетін сипаттап жазып келіңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет