Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көртүрлілігі. Жәндіктер. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі478,42 Kb.
#34116
түріСабақ
  1   2
Пән: Дүниетану

Сынып: 3 «Б»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көртүрлілігі. Жәндіктер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:  Жануарларлар мен жәндіктер туралы алған білімдерін бекіте отырып, олардың ерекшеліктері мен алуан түрлілігі бойынша тіршілік ету аясы туралы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігін дамыту.

  3. Тәрбиелік: : Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі (таратпа) материалдар, әртүрлі жануарлар бейнеленген суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?



Психологиялық дайындық:

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі болады.

-Қазір мен сіздерге әр түрлі халықтың амандасу рәсімдерін айтамын, сіз соны қайталайсыздар.Барлығымыз бір – бірімізге қарап тұрайық. Мысалы,Тибет елдері амандасуқанда бір – біріне тілдерін шығарады екен, ал жапон халқы бір - бірін көрген кезде иіледі,ал Қытай халқы амандасқанда қолдарын бүгіп, төмен қарай иіледі,Жаңа Зеландияда адамдар бір-бірін көрген кезде мұрындарымен үйкелеседі.
II. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге не берілді? (Өсімдіктер)

«Алтын балық аквариумы» әдісі



-Қазір мен сіздерге әр түрлі суреттер таратып беремін.Сол суреттердің арасында алтын балықтар кездеседі. Кімде алтын балық болса, сол бала тақтаға шығады, ал қалғанымыз оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямыз. Егер сұрақтарға дұрыс, толық жауап берсе онда біз ол балықтарды аквариумға жібереміз.
III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

  • Табиғат нешеге бөлінеді?

  • Тірі табиғатқа нелер жатады?

IV.Жаңа тақырып

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың
түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.

Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:


Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді қиғаш қойып, денемізді тік ұстаймыз. Қатесіз, асықпай жазамыз.



Жануарлар пішініне қарай әр түрлі.Бірі өте үлкен  (піл,кит) болса,енді біреулері(амеба) өте кішкентай.Оны тіпті микроскоппен ғана  көруге болады.     Кей жануарлар омыртқасыз,сондықтан омыртқасыз жануарлар деп атайды. Оларға жәндіктер, өрмекшілер, ұлулар жатады. Ал адамдағы сияқтыденеге тірек және оны қимылдатып қозғалтуға көмектесетін қанқасы бар жануарларды омыртқалы жануарлар  дейді.



Жануарлар тіршілік ету ортасына қарай әр түрлі қоректенеді. Өсімдікпен қоректенетіндерін  -   өсімдікқоректі ,  құс,аңдарды аулап  қоректенетіндерді  -  жыртқыштар,  жәндіктермен  қоректенетіндерді -  жәндікқоректі дейді.       

        Суреттегі әр жануардың қай топқа жататынын ата.   

Каталог: uploads -> doc -> 089b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
089b -> Білім беру саласы: Қатынас Оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
089b -> 9 «Б» сынып Өткізген: Акитбаева р н. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет