Сабақтың тақырыбы: Жарық, көлеңкенің өзгеруі Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі2,28 Mb.
#22684
түріСабақ
1   2

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлай отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа сабақ тақырыбы

Жарық, көлеңке заңдылықтары

Жарық, көлеңке – бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тексызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады.

Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.

Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады.

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай – ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай – ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.



Жарық – көлеңке іздерінің кезеңдері түстік реңдер арқылы сызылып көрсетіледі.

Цилиндрге түскен жарық, көлеңкені әр бөлшектерін жылжыту арқылы көрсетіп, дәлелдейді.





Студенттер жарық, көлеңке заңдылықтарымен таныса отырып, орындалу әдістерін меңгереді.

Жарық , көлеңкеде түстік реңнің өзгеруін оқытушы көрсету барысында айтылған мәліметтерге сәйкес ретін айқындайды.



Сонымен қатар құмырада берілген жарық көлеңке құралдарының атауларын тақтада жазады.



Жарық, көлеңке заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптасып, осы орындау әдістері жөнінде мәлеметтер алады.

Жарық, көлеңкеде түстік реңнің өзгеруін берілген мәліметтерге сәйкес анықтай алады.





ІV. Машықтық жұмыс


Студенттер геометриялық айналу денелерінен құралған натюрмортты орындайды. Орындау барысында негізінен жарық, көлеңкені шығаруға көңіл аударылады.



Студенттер цилиндр және конусқа түскен жарық, көлеңке іздерін ережеге сәйкес орындайды. Орындау барысында жаңа сабақта түсіндірілген мәлімет, ережелер негізге алынады.

Қажетті құралдарымен талапқа сай жұмыстана отырып, геометриялық денелерден құралған натюрморт бейнесіне жарық, көлеңке беріп үйренеді.

V. Қорытындылау. Үйге тапсырма.

Сабақ соңында студенттердің орындаған жұмыстары таданып, сараланады, бағаланады. Өтілген материал сұрақтар қою арқылы пысықталады:
1. Жарық, көлеңке заңдылығы не үшін қолданылады?

2. Айналу денелерінде жарық, көлеңке қандай ретпен орындалады?



3. Түспе көлеңкенің көлемі неге байланысты болады?

Студенттер өз жұмыстарына сипаттама бере отырып, саралайды, сұрақтарға жауап береді.

  1. Жарық, көлеңке заңдылығы дененің көлемін көрсету үшін қолданылады.

  2. Жарық, жылт, жарық, көлеңке, шала көлеңке меншікті көлеңке, рефлекс, түспе көлеңке.

  3. Түспе көлеңкенің көлемі жарықтың түсуіне байланысты болады

Берілген сұрақтарға толық жауап бере отырып, жаңа материалды толық меңгереді. Геометриялық денелерден натюрморт сала отырып, жарық, көлеңке заңдылықтарын меңгереді.

Каталог: uploads -> doc -> 0efa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0efa -> Сабақ тақырыбы: Тұрақтандыруға арналған жабдықтар және апаттық-құтқару құрал-саймандарына арналған қосалқы жабдықтар
0efa -> Ақжал негізгі мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет