Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы нүктенің координаталары. Кесіндінің ортасының координаталары. Сабақтың мақсаттары



бет1/2
Дата17.01.2023
өлшемі108,5 Kb.
#165687
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
8-сыен жазыктыктагы нуктенің коорд
І нұсқа, І нұсқа1

Пәнгеометрия 
Сынып: 8
Күні: 24.01.2017 ж
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы нүктенің координаталары. Кесіндінің ортасының координаталары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі туралы білімін кеңейтеді; Координаталары бойынша нүктені салуын үйренеді; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табады, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта салу дағдысын қалыптастырады; кесіндінің ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табуды үйренеді.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеуін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, шыдамдылыққа,дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке өз бетінше еңбектену белсенділіктерін дамытады, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйренеді, өзара бір-біріне көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады, өзін - өзі басқаруға үйренеді;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Жана сабақ

а)Білетін білімдерін қайталау
ә) Жаңа тақырыпты меңгеруге қажет материалдарды қайталау
ІІІ. Мағананы тану
Тақырыпты меңгеру кезеңдері:
Вертикаль сызылған координаталық түзу қалай аталады?
Горизанталь сызылған координаталық түзу қалай аталады?
Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады?
Неліктен нүктелер координаталары реттелген сандар жұбын құрайды?

  • Кесіндінің екі ұшының координаталары арқылы оның ортасының координаталарын қалай табуға болады?

  • Кесіндінің бір ұшының және ортасының координаталары арқылы оның екінші ұшының координаталарын қалай табуға болады?

Координаталық жазықтық дегеніміз не ?
Қиылысатын түзулер жазықтықты неше тікбұрышқа бөледі? 
Координаталық ширек нені бейнелейді?
Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталары қалай аталады? 
ә) Үздік оқушылардың көмегімен тапсырмаларды талқылап, қорытынды жасау.
І кезең.Нүкте мен түзу геометрияның негізгі ұғымдары. Нүктені латын алфавитінің А,В,С әріптерімен, ал түзуді кіші а,в,с әрпімен белгілейді.
Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Оң сандар мен теріс сандар және 0 саны координаталық түзуде`(сан түзуінде) кескінделеді. Оң бағытқа қарама-қарсы – теріс бағыт деп аталатын бағытта теріс сандар кескінделеді.Өзара 900 бұрыш жасап қиылысатын екі түзу перпендикуляр түзу деп аталады.Өзара перпендикуляр екі түзу жүргізейік. Горизонталь осьті х-пен белгілеп, оны абсцисса осі деп, ал вертикаль осьті у-пен белгілеп, ордината осі деп атаймыз. Олардың О қиылысу нүктесін координаталар басы деп атаймыз. Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық тікбұрышты декарттық координаталар жүйесінде координаталық жазықтық деп аталады. Бұл жүйені хОу жүйесі деп аталады.
Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Нүктенің координатасын жазу кезінде рет сақталады, бірінші орынға абсциссаны, екінші орынға ординатаны жазады.Координаталық осьтер жазықтықты төрт бөлікке –І,ІІ, ІІІ, ІV координаталық ширекке бөледі. Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады. Алдымен әрбір ширектегі абсциссалардың таңбалары , содан соң ординаталардың таңбалары жақшалардың ішінде көрсетіледі.
Әр ширекте екі координатаның да таңбалары сақталады.
Нүкте абсцисса осіне тиісті болса,онда оның ординатасы нөлге тең.
Нүкте ордината осіне тиісті болса , оның абсциссасы нөлге тең.
Координаталар басының абсциссасы да, ординатасы да нөлге тең О(0;0)
Координат жүйесі деп мына схемада көрсетілген екі өсті және О нүктесін атаймыз:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет