Сабақтың тақырыбы: Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы



бет1/4
Дата23.05.2022
өлшемі31,01 Kb.
#144717
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Жәңгір хан 2
176957, Кіріспе

Пәні:

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы

Педагогтің аты-жөні:

Байкушукова М.Н

Күні:

23-27.04.2022 ж

Сынып: 6 «И» 6 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы.
Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

Сабақтың мақсаты

Қазақ хандығының саяси жағдайы, әлсіреу себептері жайлы түсінеді; Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін баға береді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Ой шақыру:
Жәңгір хан және Орбұлақ шайқасы туралы видиоролик көрсетіп, оқушылармен диалог құру:
Не көрдіңіз?
Нені байқадыңыз?
Не сезіндіңіз?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырамын


Жаңа білім

Мәтінмен жұмыс «Төрт шаршы» әдісімен жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту.
Жаңа тақырыпты үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.

1-шаршы

2-шаршы

3-шаршы

4-шаршы

1- шаршы: Орбұлақ шайқасының қысқа және ұзақ мерзімді себептерін анықтау.


2- шаршы: Қазақ жасақтарының ерлігін сипаттау.
3- шаршы:Орбұлақ шайқасында қолданылған әскери өнердің ерекшеліктерін талдау.
4-шаршы:Салқам Жәңгір мен әскерлерінің ерлігінің қазақ тарихындағы маңыздылығы
2-тапсырма: «Сұрақ бізден-жауап сізден»
1.Орбұлақ қай жерде орналасқан?
2. Қазақ сарбаздарының қолбасшысы кім болды?
3. Батыр қонтайшының әскері қанша болды?
4. Орбұлақ шайқасында қазақ жасағы тарапынан қандай ұтымды әскери тәсілдер қолданылды?
3-тапсырма: Түртіп алу әдісі:

Жылдар




Тұлғалар




Мәліметтер




Зерттеулер







Мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар Орбұлақ шайқасының болған жерлерін анықтайды;
-Шайқаста Жәңгір хан ерлігіне түсінік береді;
-қазақ жасақтарының ерлкітеріне талдау жасайды;
-Салқам Жәңгірдің ерлігіне баға береді;


Оқушылар
Орбұлақ шайқасы болған жерді және елді мекен атауларын атайды;
- Орбұлақ шайқасы болған жерді және елді мекеін кескін картадан көрсетеді;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дискрипторлар:
-Орбұлақ шайқасының болған жерлерін анықтайды;
-Шайқаста Жәңгір хан ерлігіне түсінік береді;
-қазақ жасақтарының ерлкітеріне талдау жасайды;
-Салқам Жәңгірдің ерлігіне баға береді;
Дискрипторлар:- Орбұлақ шайқасы болған жерді және елді мекен атауларын атайды;
- Орбұлақ шайқасы болған жерді және елді мекеін кескін картадан көрсетеді;




Бекіту

Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

«Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

  1. Неліктен...?

  2. Егер... болса қалай?

  3. Сіз қалай ...?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект




800 қазақ сарбазы 50 мың жоңғарды қалай жеңген? Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға.


800 қазақ сарбазы 50 мың жоңғарды қалай жеңген?
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. 600 адамның 50 мың адамды жеңуі бізге аңыз секілді көрінгенмен, шындық солай. Отандық тарихнаманың осы айтулы оқиғасы қалай болды? Жеңіске жету үшін Жәңгір хан қандай қосымша тактика қолданды? Осы жайды зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан Оразханұлы Тұрабаевты әңгімеге тартқан едік.
– Байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп келгендер өз қанына өзі тұншығады. Ойраттар елу мың болса да 800 сарбазың жетеді. Қостоқты бастаған қолың, Сүлеймен бастаған сексен мергенің бар, қия тұмсықты біз барғанша төтеп беріңдер» деп Салқам Жәңгірге хабар жібереді.
Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 800 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 800 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды.
Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне улы түтін әсер ете қоймайды. Уланғандары қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, құсады да тазарып аман қалады. Ал аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып тазартады. Алғашқыда не болғанын түсінбей қалған ойраттар мәнісін кейіннен біледі. Он мыңдай жасағынан айырылған олар кейін шегініп ақылдаса бастайды. Осы кезде жиырма мың қолымен Жалаңтөс Баhадүрдің қолы тықсыра бастайды, сол кезде қырық мың қолымен Алатау батыр, ішінде азғана қырғыз жасағы бар, сегіз мың қолымен Арқадан Малдас би жетеді. Алатау батырдың сол кездегі жетпіс жетіден асып шау тартып қалған шағы екен. Ақыл-кеңес беріп, бастап келген жасағы соғысқа араласпады.
Осы соғыс ұмытылмас ерлік ретінде тарихқа жазылды. Жалаңтөс Баhадүр, Жиенбет жырау, Қарасай батыр, Қөкі батыр, Жақсығұл батыр, Сүлеймен мерген, Жаманбай батыр, Шілмекенұлы Қостоқты батырлар өшпестей із қалдырды. Салқам Жәңгір ұрыстан соң қалмақтың жас батырымен жекпе-жекке шығып қаза тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет