Сабақтың тақырыбы: Жиындардың бірігуі мен қиылысуы Оқу мақсаты


Әрбір элементі A немесе B жиындарының кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын A және B жиындарының бірігуі деп аталады



бет2/3
Дата15.03.2023
өлшемі371,95 Kb.
#172650
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
14.03.2023ж 5кл

Әрбір элементі A немесе B жиындарының кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын A және B жиындарының бірігуі деп аталады. 

2-есеп. Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар? 
Шешуі: Бір топ туристердің қазақ тілін білетіндердің жиыны – A; n(A)=10. 
Орыс тілін білетіндерінің жиыны – B; n(B)=8. 
1)10 + 8 = 18 – топ ішіндегі туристердің қазақ тілін білетіндердің және орыс тілін білетіндердің саны. 
2)18 – 3 = 15 – топ ішіндегі туристер саны. 
Топтағы туристер D жиынын құрайды n(D)=15. Демек, D жиыны өзара қиылысып тұрған A және B жиындарының бірігуі болып табылады. 



Сұрақтарға жауап береді

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.


Оқушылар Эйлер-Венн дөңгелегін сызып, тиісті, тиісті емес нүктелерді белгілеп көрсетеді.





ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Слайд



20 мин

Тапсырмалар.



1-есеп: Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 23. Қызыл түсті емес шарлар саны 20. Жасыл түсті емес шарлар саны 15. Тізбеде барлығы неше шар бар? Жасыл түсті шар нешеу? Сары түсті шар нешеу? 

Шешуі: Сары түсті емес шарлар – 23, қызыл түсті емес шарлар – 20, жасыл түсті емес шарлар – 15. 

1)23 + 20 + 15 = 58; 
2)58 : 2 = 29; 
3)29 – 15 = 14; 
4)29 – 23 = 6. 

Жауабы: барлығы 29, жасыл түсті 14, сары түсті 6. 

2-есеп: Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді? 
Шешуі: Барлығы – 22 турист, драма театрына – 9 турист, демалыс паркіне – 12 турист. Демалыс паркіне де, драма театрына да – 5 турист. 
1)12 + 9 = 21; 
2)21 – 5 = 16; 
3)22 – 16 = 6. 
Жауабы: 6 турист стадионға барды. 
№3. Сыныпта 17 ұл бала бар
Футбол-14
Шахмат-9
Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол және шахмат
ойнауды ұнатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет