Сабақтың тақырыбы: Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан-Больцман заңы. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты



Дата21.10.2019
өлшемі305,26 Kb.
#50319
Байланысты:
сабақ шығару

Сабақтың тақырыбы: Жылулық сәулелену.Абсолют қара дене.Стефан-Больцман заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау,бағалау.Жылулық сәулелену.Абсолют қара дене.Стефан-Больцман заңын таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты:Адамгершілікке,ұқыптылыққа,алғырлыққа, отансүйгіштікке,табиғатты аялауға,сыйластықпен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, слайд, проектор, видео

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)cәлемдесу,ә)оқушыларды түгендеу,б) оқушылардың назарын сабаққа аудару,

в)сабақтың мақсатымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру,қайталау.

1.Кеплердің бірінші заңы-барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады,оның фокустарының бірінде күн орналасады.

2.Кеплердің екінші заңы-планетаның радиус –векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.

3.Кеплердің үшінші заңы-кез-келгенекі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

4.Жер радиусы-6378км

5.Параллакстық ығысу-Күн жүйесіндегі денелер мен таяу жұлдыздарға дейінгі қашықтықтарды анықтау.



IV.Жаңа сабақты меңгерту:

XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі –кванттық теорияы қалыптыстыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл атқарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда дене әр түрлі еніп,сәуле шығара бастайтын білеміз.Мысалы,темірді қыздырғанда ,ол әуелі қызыл,содан кейін қызыл –сары,одан әрі ақ-сары түске бөлінді.Электр шамының вольфрам қылын 3000 С-қа дейін қыздырғанда ,ол ақ жарық сәуле шығарады. Күннің жарығы,жұлдыздар шығаратын сәулелері де олардың температурасының өте жоғары болуына байланысты.



Қызған денелердің сәуле шығарып ,электромагниттік энерия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.

Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес,салқын денелерде де алады.Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін қызғанда көзге көрінетін ақ жарық шығарса,температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады.Инфрақызыл сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ақ денелердің температурасы тым жоғары болса ,олар көрінбейтін ультракүлгін сәулелер шығарады.Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары.



Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар ,оларды жұта да алатынын көрсетті.Оны көптеген тәжірибелер растайды.Мысалы,параболоидтық айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып ,оны электр тоғымен тнфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп қыздырайық.Оған қарама-қарсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғақ мақтаны іліп қойсақ ,ол белгілі бір уақыттан кейін өз –өзінен тұтанып жана бастайды.(7.1-сурет)



Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.

Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар.өзіне сырттан келіп түскен әр түрлі жиіліктегі сәулелерді де толыұ жұтып алады,сондықтан ол абсолют қара денелер қатарына жатады.



( 7.2-суретте) абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген.Ішкі қуыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да,толық жұтылады.

Абсолют қара дененің сәуле шығару заңын Стефан 1879 жылы экспримент жүзінде ,ал Больцман 1884 жылы аналитикалық формула түрінде ашқан болатын.Стефан-Больцман заңы деп аталатын бұл заң былай тұжырымдалады:

Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорциона

т=T4

T-дененің сәуле шығару қабілеті; Кельвин бойынша алынған дененің температурасы;Стефан тұрақтысы деп аталtтын шама.Абсолют қара дене үшін:

σ=5,672ˑ10-8Вт/м2ˑК4

Дененің сәуле шығару қабілеті деп белгілі температурада оның бір өлшем беткі ауданына бір өлшем уақытта барлық жиілікте шығаратын электромагниттік сәулелерінің энергиясын айтады.

Есептер шығару:

1.Тербеліс жиілігі 10 МГц болатын электромагниттік толқынның ұзындығы неге тең? Толқынның таралу жылдамдығы (3ˑ10-8м/с)

2.20МГц жиілікте жұмыс істейтін радиохабарлағыш толқынының периоды.

3.Денеге әсер етушікүш Fорын ауыстыру 2м болса,Бұл жағдайда жұмыстың шамасы қандай.

4.Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2кг дененің потенциалдық энергиясы.

5.Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергиясы 200Дж артты .Газдың істеген жұмысы неге тең.



V.Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§47. §48 дайындық сұрақтарын талдау.



VI.Бағалау. Сыныпта белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.

VII.Үй тапсырмасын беру. §47 .§48.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет