Сабақтың тақырыбы: «Жол қауіпсіздігі!»



Дата11.05.2022
өлшемі20,47 Kb.
#142293
түріСабақ
Байланысты:
Жол қауіпсіздігі
Антикалық мәдениеттегі философия, 1538180050, Документ (1), Практикалық сабақ педагогика пәні

Сыныбы: 1 «б»
Сабақтың тақырыбы: «Жол қауіпсіздігі!»
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұру.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
Олай болса, «Жол қауіпсіздігі!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?
ІІІ. Негізгі бөлім:
1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
2. Жұмбақтар шешу:
https://learningapps.org/watch?v=p72wekkej22
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Бейнеролик тамашалау.
https://youtu.be/I_yw9b7-4Nc
IV. Қорытындылау
V. Кері байланыс
«Сұрақтар ілмегі»

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет