Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы Сабақтыңмақсаты



Дата04.10.2020
өлшемі17,47 Kb.
#64003
түріСабақ

Садықов Сәкен

265 негізгі мектебі



тарих пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтыңмақсаты:
1. Білімділігі:Үйсіндердің мал шаруашылығымен, егіншілікпенайналысып, металл өңдеп,

тұрмыстық бұйымдарды өздері жасағанын, салт - дәстүрі мен діни ұғымдарын

оқушыларға түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пайдалана отырып,

салыстыра білуге үйрету, тапсырмалар беру арқылы ойын дамыту.


3. Тәрбиелілігі: Үйсіндердің шаруашылықты өнерді дамыту арқылы дүние жүзілік өнердің

көрмесіне үлес қосқанына тоқтала отырып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге

тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ҚР әкімшілік картасы, қосымша әдебиеттер,мақал-мәтелдер,тірек сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы мен өткен тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар.
1.«Футбол» ойыны. Жылдамдатпасұрақтар.
2. «Бұлкім?» Тарихитұлғалартуралы.
3. «Сынақ хат». Мәтінтолықтыру.
ІІІ. Жаңасабақ:
- Үйсіндердіңшаруашылығы мен тұрмысы.
- Егіншілік пен отырықшылық.
- Түрлікәсіпшілік.
- Салт - дәстүрі мен дінитүсініктері.
1.Мал шаруашылығы.

а/ Көшпелі мал шаруашылығы.
б/ Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
Үйсіндердің көп өсірген малы - жылқы мен қой. Аз өсірген малы - сиыр.
Оқушылар төрт түлік пірлерін атайды. Мақал - мәтел айтылады.

Слайдтағы суретке қарап, әңгіме құрастырады.


2.Егіншілік пен отырықшылық.

Проблемалық сұрақтар арқылы тақырып мазмұны ашыла түседі:

Неліктен егін егу үйсіндерге қолайлы болды?
Олар егін еккен Шу, Талас, Іле өзендерін оқушылар картадан көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс:

Үйсіндердің егін еккенін дәлелдейтін жолдарды мәтіннен тауып оқу.

Ақтас қонысы туралы дерек. Үйсіндерде қала болғандығы туралы қытай тарихшылары қалдырған деректер айтылады.
Сұрақтар:

«Қырман деген не? Қырманнан астық қайда барады?»

«Қырман басында» суретпен жұмыс. Қазақстанда тыңның игерілуі туралы.
3. Түрлі кәсіпшілік.

Тірек кестемен түсіндіріледі.

Оқушылар бұрынғы білімдерін пайдаланып, тірек кестесімен өздері жұмыс жасайды.

Зергер, ұстатуралытүсініктерсұралады.



Ауызша: «Меніңатамұстаболған». Сақкәсіптеріменсалыстыру. «Жаймаөрмек» суреттеріменжұмыс.
Кәсіптүрлері:
1. Металл өңдеу
2. Ұсталық
3. Зергерлік
4. Тоқымашылық
5. Құмырашылық
6. Теріөңдеу
4. Салт - дәстүрі мен дінинанымдары.

Оқушыларды 3 топқа бөліп мәтін бойынша тапсырма беріледі:


а/ бірін - бірі оқыту әдісі;
б/ мәтінді жоспарлау;
Жоспары:

а/ зерттелуі; ә/ обалар құрылысы; б/ жерлеу рәсімі;


Оқушылар мәтін бойынша түсініктерін айтады.

Әлемдегі беделді діндер аталады.( Ислам, христиан, будда). Ислам - таза дін.


ІҮ. Бекіту. «Біз не білдік?»
1. Тірек сөздермен жұмыс.(үйсін, жылқы, түйе)
2. Тарихи басқатырғыш шешу.(тері өңдеу, егіншілік, құмырашылық, көшпелі)
3. Венн диаграммасы.(Үйсіндер мен сақтарды салыстыру)
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.
Үйсіндер - Қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен тайпалардың бірі. Қазақ халқының шаруашылығының, өнерінің, мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Үйсін өнеріндегі табыстар дүниежүзілік өнердің көрмесінде өз үлесін қосты.
ҮІ. Ізденіс жұмыстарын тексеру.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу, ізденіс жұмыстарын жалғастыру, «Үйсіндердің салт - дәстүрі - қазақ халқының салт - дәстүрінің бастауы» тақырыбында әңгіме жазу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет