Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық!»



бет1/3
Дата04.05.2017
өлшемі299,24 Kb.
#15558
түріСабақ
  1   2   3
Күні:21.10.2015ж.,

Пәні: Қазақ тілі 
КЛАСС: 1 Г

Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық!» (коррекциялық жұмыс)


Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру. 
2. Дамытушылық: тез ойлау, оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл дамыту логикалық ойлау, талдау, жинақтау қабілетін дамыту. 
3. Тәрбиелік: қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге, толық жауап беруге тәрбиелеу, достық көмек, біріге отырып ортақ мақсатқа жетуге тәрбиелеу. 

Түзету мақсаты: - Көңіл – күйді бағалау; 
- Психикалық процестерді дамыту; 
- Артикуляциялық сергіту жаттығуларын көрсету; 
- Ойлау және зейін қоюын дамыту; 
- Ұсақ моториканы дамыту 
Сабақтың түрі: ойын сабағы. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, ойын әдісі, диалог құрастыру. 
Сабақтың көрнекілігі: қоржын, Бауырсақ, ертегінің кейіпкерлері. 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
1. Психологиялық дайындық. 
2. Амандасу .Шаттық шеңбер.Алтын күнмен амандсу. (хормен) Түзету жұмысы. Баланы ыңғайлы отырғызу

Жылулық шеңберін орнату арқылы,баланың көңіл- күйін көтеру.


ІІ Жаңа сабақ 
1. Мұғалімнің сөзі: 
Балалар бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан қазір сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сабақтың тақырыбы: «Кел, ойнайық!». Бүгін үйренген сөздерді, сөз тіркестерді еске түсіріп сол сөздермен сөйлем құраймыз, ойын ойнаймыз. 

2. Сабақты ситуациялық жағдайдан бастаймыз. 
- Бүгін бізге қонаққа не келді? (АЮ-дың суреті) 
- Ол бізге қайдан келді? 
-Аюға көмек керек? Аю ұйқысы келіп жүр,оның үңгірге жету үшін бірнеше тосқауылдан өту керек.

Сендер оған көмектесесіңдер ме? 

3. Фонетикалық сәт : -Мына әріптердің жазылу мен айтыуын ұмытып қалды.Оған дыбысты айтуға көмектесейік.

-Ә,І,Ң дыбыстарын қайталаймыз. Түзету жұмысы: артикуяциялық жұмыс.

Жазу үлгісін тақтаға және дәптерге жазып шығайық...



ІІІ . Аю не үлкен,не кішкентай екенін білмейді.(Үлкен -кішкентай сөздерін қайталау.) 

Мына аңдарды атап бөліп ,орналастыру керек. Түзету жұмысы: Ойлау әрекетін дамыту.

Піл,қасқыр,тиін,кірпі,түлкі,қоян.

Ойын «Не артық ?». 
Тақтада суреттер (қасқыр,тиін,мысық,піл), (қалам, өшіргіш, дәптер, алма).,(кірпі,тиін,қоян,піл)
Балалар қандай сөз артық екенін түсіндіреді.

ІV .Тақтада жұмыс 
Аю жарты жолға жетті.Сендер шаршадыңдар ма? Әрі көмектесесіңдер ме?(Иә, көмектесеміз) 
Ойынның аты «Буынды жалғастыру». АЮ бізге бір буынды айтып көрсетеді, біз оны жалғастыруымыз керек. Ал қазір біз өткен сабақтағы «Оқу құралдары» тақырыбын еске түсірейік. 

ДӘП –ТЕР

ӨШІР-ГІШ

ҚА-ЛАМ

СЫЗ-ҒЫШ

ҚАРЫН-ДАШ

КІ-ТАП

Сергіту сәті : «Ормандағы аюдай»
V .Ойын – «Кел, танысайық» 
Әр оқушы өзі туралы, өз отбасы туралы айтады. 
ҮІ. «Бұйрықты рай»әдісі. Бір оқушы оқиды, басқалары тапсырманы орындайды. 
1. Басыңды көрсет. 
2. Аузыңды аш. 
3. Аузыңды жап 
4. Көзіңді көрсет. 
5. Мұрныңды көрсет. 
6. Оң қолыңды көтер. 
7. Сол қолыңды көтер. 
8. Екі қолыңды түсір. 
9. Тұрыңдар! 
10. Отырыңдар! 
Аю өзінің үңгіріне жетті.. 
VІІ Сабақты бағалау, қорыту. 
- Балалар біз бүгін не істедік? 
- Біз бүгін ойнадық, оқу құралдары, киімдер, өзі туралы, өз отбасы туралы әңгімелестік. 
- Кімге көмектестік? 
Рефлексия. Балалар сіздерге бұл сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Көңіл күй смайликтерін жапсыру.

Ә

І

Ң

Не артық?





Каталог: uploads -> doc -> 02d3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02d3 -> Диалогтік оқытуды енгізу туралы рефлексиялық есеп
02d3 -> Білім беру саласы: қатынас, шығармашылық Бөлімі: тіл дамыту, жапсыру Тақырыбы: «Бізге көктем келді»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет