Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе



бет9/129
Дата04.09.2022
өлшемі380,88 Kb.
#148691
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   129
Байланысты:
10 ҚМЖ Кәсіпкерлік-1
Термометр тарихы, ТЖБ 3 тоқсан 9-сынып, План занятий №5, 4 сынып snow and ice
Сабақтың басы
( 5 мин)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі....» тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне жақсы жақтарын айтады.

  2. Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ:« Бизнесмен»; 2-топ:« Кәсіпкер»; 3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».

  3. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай тудыру.

Мұғалім: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмысшы және бизнес арасындағы айырмашылықты естеріңе түсіріңдер.
1-топ:« Бизнесмен».....
2-топ:« Кәсіпкер»....
3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».....
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.



Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру
(15 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласызыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

  1. Сұрақтарға жауап берейік дағдысы. «Шешен» әдісі бетпе-бет сауалнама.

1.Дағдарыс кезінде халық қандай өнімді сатып алуды тоқтатпайды?
2.Кәсіпкерлік қызмет қандай түрлерге бөлінеді?
3. Өндірістік қызмет дегеніміз не?
4.Кеңес беру қызметі дегеніміз не?
5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында кеңінен таралған кәсіпкерліктің түрі қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізгі идеяларды жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет