Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не? Сабақтың мақсаты



бет24/27
Дата31.08.2023
өлшемі400,37 Kb.
#180060
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ

Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....






Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы көмек көрсету ережесі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға алғашқы көмек туралы түсінік беру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Амандасу.

Бейнесюжетте не жайында айтылған?


Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ
Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:

  1. Өзінің, зардап шегушінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы, зардап шегуші адамды жанып жатқан автокөліктен шығару).

  2. Зардап шегушінің өмір белгілерін (пульс, тыныс алуы, қарашығының жарыққа реакциясы) және есін білуін тексеру. Тыныс алуын тексеру үшін зардап шегушінің басын шалқайтып, оның ауызы мен мұрынына қарай еңкейіп, тыныс алуын естуге немесе сезінуге тырысу керек; пульсті «тыңдау» үшін зардап шегушінің күре тамырына саусағыңыздың басын қою қажет; есін бағалау үшін зардап шегушіні иығынан ұстап, ақырын қозғап, қандай-да бір сұрақ қою қажет (мүмкіндігіне қарай).

  3. Оқиға орнына мамандарды шақыру (112 – ұялы телефоннан,қалалық телефоннан – 103 (жедел жәрдем)немесе 101 (құтқарушылар).

  4. Шұғыл алғашқы жәрдемді көрсету.

Ол жағдайға байланысты мынадай болуы мүмкін:
- тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру;
- жүрек-өкпе реанимациясы;
- қан кетуді тоқтату және басқа шаралар.

  1. Зардап шегушіге дене жайлылығын және психологиялық көмек көрсетіп, мамандардың келуін тосу.



Жағдаяттар шешу

Бейнесюжетті талдау.


Алғашқы көмек жайында түсінік алады.

Алғашқы көмек көрсету алгоритімімен танысады.



https://www.youtube.com/watch?v=h8pmXpZo858

Презентация



Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет