Сабақтың тақырыбы Кіріспе сабақ. Зерттеу сұрағы : Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру



бет34/39
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153159
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
1 тоқсан-5 сынып-Қаз.т-1

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



Бағалау: арнайы бағалау парақшасы арқылы оқушыларды белгілеуге мүмкіндік аламын.



Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

.Бірінші іс-әрекет. Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу .Уақыт машинасы бойынша ұяшықтарды таңдауды ұсынамын. Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.
1 тапсырма
«Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;
2 тапсырма Ұсталар:
Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.
3 тапсырма Қыш құмыра (керамика) жасаушылар:
Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.
4 топ: Этнографтар:
Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді.
Екінші іс-әрекет. Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады.
Мысалы келесі қарапайым заттарды пайдалануға болады: маталар, тастар, ағаш шоқпар, жеміс жидектер, дән, аң терісінің қиындысы, ойыншық тырма, садақ пен жебе, найза, бумеранг, күйген ағаш, картон қағаздар, жүн, ұршық, жылтыр қағаз, фольга.
Болжам: деңгейі жоғары оқушылар өздіктерінен тапсырманы нақтылап бере алса, орта деңгейлі оқушылар өз тапсырмасын толықтай шеше алмаулары мүмкін. Ал төменгі оқушылар тапсырмадан ауытқулары мүмкін.
Сыныпты шағын топтарға бөлемін. Топтар келесі көріністерді көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет