Сабақтың тақырыбы: Күйдің нар идірген құдіреті



Дата12.11.2016
өлшемі69,83 Kb.
#1600
түріСабақ
Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

Сүлейменова Ақшолпан

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Күйдің нар идірген құдіреті ( «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры)

Сабақтың мақсаты:а)білімдік: оқушыларға автор идеясын ұғындыру, көркем шығарманы,кейіпкерлерін талдай білуге үйрету, жазушы шеберлігін аңғарту

ә)дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін дамыту; сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге бейімдеу; сөйлемдерді жүйелі құрап, ойды анық жеткізуге төселдіру

б)тәрбиелік: өнерді бағалай білуге, дүниені жетік тану арқылы өзін азамат етіп қалыптастыруға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: саттылай кешенді талдау(прозалық шығармаға сатылай кешенді талдау), СТО элементтері (Венн диаграммасы, Эйлер сызығы, Фишбон, семантикалық карта)

Пәнаралық байланыс: музыка, психология

Көрнекілігі: сызба үлгілер, слайд (интерактивті тақта), үнтаспа

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Т.Ахтанов өмірі мен шығармашылығы, «Күй аңызы» әңгімесін оқу

Жылдар сөйлейді

1923жыл-Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз жерінде туды

1940жыл-орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Алматы педагогикалық институтына оқуға түседі

1948жыл- әскер қатарынан босағаннан кейін әдеби еңбекпен айналысты

1956жыл-«Қаһарлы күндер»романы шықты

1963жыл-«Дала сыры» повесі шықты

1966жыл-«Боран» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды

1981жыл-«Шырағың сөнбесін» романы шықты

1994жыл-жазушы өмірден өтті

Ахтанов-прозаик, Ахтанов- драматург, Ахтанов-аудармашы

«Күй аңызы» әңгіме желісін қысқаша мазмұндау.



Жаңа сабақ

«Т.Ахтанов – қазақ прозасының алыстан көрінер айтулы биік асуларының бірі екеніне дау жоқ»

(Қ.Мұқанбетқалиұлы)

«Т.Ахтанов — жиырмасыншы ғасыр әдебиетінің кезеңдік биігі»

(Ә. Кекілбаев)

Әңгіменің ерекшелігі туралы айтыңыз.

Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы неде?

«Өнер», «өнер иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?



Семантикалық картаны толтыру. Ауызша толық жауап беру.

Кейіпкер

Жаңыл

Естемес

Оразымбет

Қарт

-Есеке, дұға оқып жіберңізші. Елсіз далада мал кейіпінде жын-шайтан жүреді деуші еді.













Күйге қыз берген қазақты әлі көргенім жоқ.













Даусының әсемін-ай, құлақты қытықтап барады. Әрі еркін, әрі ибалы, мінезі де оңды екен.













-...Ауыл көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып таңдайды кептіріп отыр.













Мен де елде жоқ қолқа салайын.













Өлімнен ұят күшті...













«Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау»













Әңгімеге сатылай кешенді талдау жүргізу

Шығарманың тақырыбы: «Күй аңызы» ,«Нар идірген» күйінің шығу тарихы

Авторы: Т.Ахтанов-жазушы, драматург, аудармашы

Идеясы: өнерді құрметтеуге шақырады

Жанр түрі: әңгіме – шағын оқиғалы шығарма

Композициясы:

Шығарманың басталуы.Қос салт атты жолаушы

Шығарманың дамуы. Жолда кездескен нар

Шиеленісуі. Қиын қолқа

Шарықтау шегі. Жаңа күйдің пайда болуы

Шешімі. Ұстаздың шәкіртке жолын беруі

Әдеби-теориялық ұғымдар. Портрет

Жас жігіттің астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен буған, басында құндыздай бөрік.

Егіздеу. Нар мен күйші тағдырының суреттелуі.

Сөздік: тулақ- шикі тері, қолқа салу- сұраужоны-арқасы, пейілі түсу-көңілі қалау т.б.

Шығарманың тәрбиелік мәні: өнерді бағалауға, өмірді өкінішсіз өткізуге тәрбиелейді.

Әр топқа тапсырма

«Эйлер» сызығы (ортақ қасиеттерді топтау) 1-топ

Естемес





Ұстаз бен шәкірт, бір шығарманың кейіпкері, қараша үйдің қонақтары, Жаңылға дәмелі жандар

Оразымбет



Венн диаграмма 2-топ

«Күй» поэмасы

Ұқсастығы

«Күй аңызы» әңгімесі

Ілияс Жансүгіров –авторы, поэма, Молықбай шал – қобызшы, ботасы ұрланған түйенің зары

Түйе малының зарына қатысты туындаған күй тағдыры баяндалады, көркем туынды, өнер иелерін дәріптейді

Ахтанов-авторы, әңгіме, Естемес – домбырашы, ботасы өлген нардың зары



«Фишбон» 3-топ

Себептер

«Нар идірген» күйінің шығуына әсер еткен жағдай



Нар

Қарт

Жаңыл

Оразымбет

Қорытынды


Бұл күй қазақ өнерінің қоржынына қосылды. Халықтық асыл мұрамыз боп қалды.

Нардың ащы зары күйші тағдырымен үндес болған соң оған әсер етті

Қарттың қолқасын орындап, қызын алмақшы ниетте болған соң шығарды

Жаңылға қол жеткізу үшін күйдің аяғын шығарды

Шәкіртіне үлгі болу үшін шығарды

Дәлелдер


3 топқа тапсырма

1.Естемес неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?

2. Естемес пен нардың тағдырында қандай ұқсастық бар?

3.Екі күйшіге мінездеме беріңіздер.

Шығармашылық жұмыс

1.Заманым өткен екен ғой...

2. Өз өмірім – өз қолымда

3.Ұстазыммен мақтанамын

Қорытынды. Әңгіме дегеніміз не? Әңгіме несімен ұнады?

Жігіттің орындауындағы күйді тыңдату.

Бағалау .



Үйге . «Қазақтың күй өнері» шығарма, Ә.Сәрсенбаев «Тулаған толқында» кітабынан күй туралы айтылған тұсты тауып жазып келу, аңызды оқу
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет