Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының конфигурациясы Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру


Қосымша Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі305,81 Kb.
#30223
түріСабақ
1   2

1 Қосымша Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау



/Біз сіздермен өткен сабақта ДК –ді пайдалану және қауіпсіздік ережесін сақтау. ЭЕМ –нің даму тарихын өткен болатынбыз.Мен сіздерді үш топқа бөлген болатынмын яғни емхана болатынсыздар,әр емханаға ситуациялық сұрақтар қоямын.Сіздер әр қайсыңыз жақсы дайындықпен жауап берулеріңіз керек,себебі әр біріңіздің жауап бергендеріңізге қарай ұпай беріледі. Топ мүшелерінің яғни емханалардың түгел қатысқанын қадағалаймын /


  1. Талғат емханасы – Компьютердің алдын да дұрыс отыру ережесі және ережені сақтамаған жағдайда адам денсаулығына зияны./Слайд/

  2. Түркістан қалалық орталық емханасы – Апат жағдайдың қауіпсіздік талаптары және апат болған жағдайда алғашқы көмек. /Слайд/

  3. Яссауи емханасы - Компьютерді орналастыру қауіпсіздігі /Слайд/

2 Қосымша Студенттердің алған білімін тест беру арқылы бақылау

І-нұсқа

1. Есепшоттың пайда болған уақыты (деректерге қарағанда):

  1. 2000-3000 жыл

  2. 2000-4000 жыл

  3. 2000-5000 жыл

  4. 2000-6000 жыл

  5. Дұрыс жауабы жоқ

2. Бұл санау құралын (есепшот) гректер мен батыс европалықтар ... деп атаған.

  1. Абак

  2. Суанпан

  3. Серобян

  4. Логарифм

  5. Аналитикалық машина

3. ЭЕМ-нің екінші буынына мына аралықтар жатады.

  1. 1910-1920 жылдар

  2. 1920-1930 жылдар

  3. 1930-1940 жылдар

  4. 1940-1955 жылдар

  5. 1955 жылдан бастап

4. Бұл санау құралын (есепшот) қытайлықтар ... деп атаған.

  1. Абак

  2. Суанпан

  3. Серобян

  4. Логарифм

  5. Аналитикалық машина

5. «Логарифм» түсінігін және өзінің логарифм кестесін жариялаған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Говард Айкен

  5. Джон Непер

6. Он тоғыз жасында дүние жүзі бойынша бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын жасаған кім:

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Говард Айкен

  5. Джон Непер

7. Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер нешінші буындағы ЭЕМ-дер

  1. Бірінші

  2. Екінші

  3. Үшінші

  4. Төртінші

  5. Жауаптардың бәрі дұрыс

8. «Марк-1» автоматты есептеуіш машинасын құрастырған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Чарльз Бэббидж

  5. Говард Айкен

9. Бірінші электрондық есептеуіш машинасын ENIAC деп атады. Оның салмағы қанша болды?

  1. 30 т

  2. 30 кг

  3. 30 г

  4. 30 мг

  5. Дұрыс жауабы жоқ

10.Дүние жүзі бойынша бірінші рет 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Ада Лавлейс

  5. Джон Непер

ІІ-нұсқа

1. Бұл санау құралын (есепшот) жапондықтар ... деп атаған.

  1. Абак

  2. Суанпан

  3. Серобян

  4. Логарифм

  5. Аналитикалық машина

2. Қазіргі заманғы компьютер қай ғалымның қызметі бойынша құрастырылған

  1. Вильгельм Лейбництің

  2. Блез Паскальдің

  3. Джон Фон Нейманның

  4. Конрада Цузенің

  5. Говард Эйкеннің

3. 1694 жылы атақты неміз математигі Лейбниц Паскальдың идеасын дамытып, қандай машина құрастырды?

  1. Арифмометр

  2. Логарифм

  3. Интегралдық схема

  4. Электрондық шаидар

  5. Есепші - перфорациялық

4. Қай ғасырда радиотехника қарқынды дами бастады?

  1. ХХ ғасырдың І жартысында

  2. ХІХ ғасырдың басында

  3. ХІ ғасырдың І жартысында

  4. ХVII ғасырдың соңында

  5. XV ғасырдың І жартысында

5. ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холерит құрастырды.

  1. ENIAC

  2. Есепші-перфорациялық машина

  3. Марк-1

  4. Логарифм

  5. Аналитикалық машина

6. «Логарифм» түсінігін және өзінің логарифм кестесін жариялаған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Говард Айкен

  5. Джон Непер

7. Он тоғыз жасында дүние жүзі бойынша бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын жасаған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Говард Айкен

  5. Джон Непер

8. Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер нешінші буындағы ЭЕМ-дер

  1. Бірінші

  2. Екінші

  3. Үшінші

  4. Төртінші

  5. Жауаптардың бәрі дұрыс

9. «Марк-1» автоматты есептеуіш машинасын құрастырған кім?

  1. Герман Холерит

  2. Блез Паскаль

  3. Исаак Ньютон

  4. Чарльз Бэббидж

  5. Говард Айкен

10. Бірінші электрондық есептеуіш машинасын ENIAC деп атады. Оның салмағы қанша болды?

  1. 30 т

  2. 30 кг

  3. 30 г

  4. 30 мг

  5. Дұрыс жауабы жоқ

Тест эталоны:




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

І-нұсқа

с

а

e

b

e

b

d

e

a

d

ІІ-нұсқа

c

c

a

a

b

e

b

d

e

a


10 дұрыс жауап «5»

9 - 8 дұрыс жауап «4»

7 - 6 дұрыс жауап «3»

5 және ↓ дұрыс жауап

3 Қосымша Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.
АКТ қашықтан оқыту, арақашықтыққа қарамастан дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға көмектеседі. Intenet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады. АКТ сондай-ақ медицина қызметкерлеріне тәжірбелік дағдыларды меңгерту үшін де пайдаланылады.

Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды


Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б. ).

4 Қосымша Жаңа тақырыпты түсіндіру



/ Біздің колледжімзде компьютерлік құрылғылармен басқарылатын медициналық

робот манекендер бар. Температурасын тамыр соғуын қан қысымын тыныс алу жиілігін есептеуге анықтауға болады.Робот манекендер арқылы студенттер науқаста болатын потологиялық жағдайларды анықтайды. Келешекте сіздер мейірбике ісі сабақтарында осы құрылғыларды симуляциялық кабинеттерден көріп, жұмыс жасайтын боласыздар/

5 Қосымша Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

/Студенттерге интерактивті тақтадан көрсетілетін бейнероликті көру арқылы сергіту сәтін орындаймыз/

Студенттердің алған білімін қосымша тапсырма беру арқылы бақылау:

1. Тапсырма

Электронды оқулықпен жұмыс!

2. Тапсырма

/Студенттердің қолына жүйелік қораптың құрылғылары 3 топқа беріледі. Сол берілген құрылғыларды орына қойып, орналастырып қызметіне анықтама береді./
6 Қосымша

Сабақты қортындылау Студенттердің алған білімін интерактивті тақтаны пайдалана отырып, қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау.

7 Қосымша



Үйге тапсырма беру Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.

Тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының конфигурациялары

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

    • Дербес компьютер дегеніміз не?

    • Аналық тақшаның қызметі?

    • Негізгі құрылғыларды атаңыз?

    • Жүйелі блок қандай қызмет атқарады?

    • Желілік тақшаның қызметі?

    • Монитор қандай қызмет атқарады?

Қосымша:

/Тақырыпқа сай интернет, баспа беттерінен және ақпарат құралдарынан қосымша материалдар әкелу/.

8 Қосымша



Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Салливен Ф.,Уайт Дж.С Основый медецинской информатики

2.Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995 ж.

3.В.Я.Гельман «Медицинская информатика» Практикум.издат:Питер.2002



Қосымша:

1.В.Г.Кудрина «Медицинская информатика»

2.Голобуцкий О.,Шевчук О «Электронное провительство»

3.К.Б.Есекеева,Г.К.Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению население компьютерной грамотности»алматы 2007

4.Информатика Макарова Н.В.,Матвеев А.,Бройдо В.Л.и др.-2003

WEB сайттар тізімі

1. google.kz

2. ustaz.kz

3. sabaktar.kz



4. youtube.com




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет