Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік вирустар» Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата04.05.2017
өлшемі329,92 Kb.
#15577
түріСабақ
1   2
Тәжірибелік жұмыс кезеңі.


Студенттер үш-үштен 4-5 топқа бөлінеді. Әрбір топқа Антивирустық бағдарламалар және сол бағдарламаның жаңартылымдары, лицензиялық кілт жазылған дискілер және вирус жұқтырылған дискілер таратылады. Сонымен қатар бұл дискілердің ішінде вирусқа қарсы бағдарламаны қалай орнату және вирусқа қарсы қалай тексеру керектігі жөнінде бейнеролик түріндегі нұсқаулықтар жазылған.



Топтық ойын «Дәрігер информатик» деп аталады. Бұл ойынның негізгі міндеті вирус жұққан компьютерді тауып, оған вирусқа қарсы бағдарламаларды қондырып, вирустан тазарту, емдеу әрекеттерін жүргізу. Қайсы топ тапсырманы бірінші орындап бітірсе сол топ «Дәрігер информатик» атанады.

Әрбір топқа 3 компьютер бекітіліп беріледі. Сол компьютерлердің ішіндегі біреуінде компьютерлік вирус жұққан. Студенттердің міндеті:



  1. Қарапайым тексерулер жүргізу арқылы қайсы компьютерге вирус жұққанын анықтау керек. (Компьютердің жұмыс істеу шапшаңдығын, файлдардың, қалталардың қасиеттерін қарау т.б.)

  2. Дискіден Касперский антивирусын орнату. Олардың жаңартуларын қалыптау.

  3. Компьютерді вирусқа қарсы тексеру.

  4. Вирус жұққан екінші дискіні тексеріп, ондағы вирус түрлерін, сандарын анықтау.

VI. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу.

«Ой шақыру» кезеңі.

Әр топқа 1000000 теңге бөлінеді. Осы ақшаны компьютерлік вирустардан қорғану үшін қандай шараларға жұмсайтындығын, не істеу керектігін ойластырып, жауаптарын айту қажет.

ІХ. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру.

Үйге тапсырма: Компьютерлік вирустар. Вирусқа қарсы бағдарламалар.



«Вирустар», «Вирустың келтіретін зияндары», «Вирустан қалай қорғануға болады?», «Вирусқа қарсы бағдарламаларды тиімді пайдалану» тақырыптарында шығармашылық жұмыстармен жұмыстану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет