Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)


Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)



бет4/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазып келу



Сабақ 13

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің көп мағыналылығы. Медициналық кәсіби сөздер.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналылығы мен кәіби сөздерді меңгерту меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Екпін дегеніміз не?

Тасымал дегеніміз не?

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып : Сөздердің көп мағыналылығы

Бір сөз бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін. Ондай сөздерді-көп мағыналы сөздер деп атаймыз. Көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болуы керек. Мысалы: адамнаң ең жоғарғы дене мүшесін « басы» деп атаса, таудың ең жоғарғы бөлігін « басы» деп атайды, немесе көйлектің етегі, таудың етегі деген смөздер нақты мысал бола алады. Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.

Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; айАйша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — зат есім, ат — етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың ара-сында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбы-лыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық.

Медициналық кәсіби сөздер

Белгілі бір кәсіпке, мамандыққа байланысты қолданылатын сөздер тобын кәсіби сөздер деп атаймыз. Медицинаға байланысты кәсіби сөздерге медик, дәрігер, санитар, ине, ота жасау, дәрі, т.б. сөздерді жатқыза аламыз Жалпы айтқанда, медицина саласында қолданылатын терминдер мен ұғымдардың аясы өте кең, оған биология, биохимия, биофизика, ботаника, зооветеринария, экология, физиология, педагогика, психология және тағы басқа пәндердің термин-сөздері мен атаулары араласып жатады. л «анамнез» – науқастанған адаммен сөйлесіп, сұрастыру арқылы ауру тарихын (история болезни) толтырғанда айтылатын әлемдік термин. Анамнез (anamnesis – грек сөзі) – воспоминание, яғни орысша айтқанда – медицинская биография больного. Қазақ тіліндегі түсініктемесі – науқастың медициналық өмірбаяны. Анамнез – дүниежүзіндегі дәрігерлердің күнделікті айтатын термині. Оны – «сыртартқы» немесе басқаша аударып айту негізсіз және балама бола алмайды.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1. Қайыңнан сөзіне фонетикалық талдау жаса. 


2. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса. 
3. Берілген сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып жаз. 
Кітапқа үңілу, ағашты өңдеу, ештеңе айтпау, сабақ дайындау, той дастарқаны, таңертеңгі шай, ақ жастық, Ақылбайдың дәптері, асықпай сөйлеу, үнсіз отыру, жібек белбеу, орнынан тұру.

1. Қазақстан өз егемендігін қай жылы, қай айда алды? 


2. Мемлекетіміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы ауыстырылды? 
3. Жерінің аумағы жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде нешінші орында тұр? 
4. Қазақстанда қанша халық тұрады? 
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты? 
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата. 
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты? 
8. «Невада-Семей» қозғалысын кім басқарды? 
9. «Диуани лұғат ат түріктің» авторы кім? Бұл не қылған шығарма?

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Көп мағыналы сөздерге мысалдар жазу.



Сабақ 14

Сабақтың тақырыбы: Ауруханада. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер және олардың түрлері.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі омонимдер, синонимдер, антонимдер. Фразеологизмдер және олардың түрлері, мақал-мәтелдерді меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993


  1. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Көп мағыналы сөздер

Медицина саласында кездесетін сөздер

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Лексикалық тақырып : Ауруханада

Асан медициналық оқу орнында оқиды. Ол Шымкентте орналасқан. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармация академиясы деп аталатын бұл оқу орнында сабақтармен қатар тәжірибе жұмыстары да жақсы қолға алынған. Бір күні олар ауруханаға тәжірибе сабағына барды. Онда науқас кісілерге диагноз қоюдыүйренеді.

Дене қызуын, қан қысымын, өкпе, жүрек т.б. дене мүшелерін тексерді.Тәжірибе сабағы өте қызықты өтті.

Грамматикалық тақырып: Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

Омонимдер : Омоним деп бірдей дыбысталатын, бірдей жазылатын, бірақ басқа-басқа мағыналарға ие сөздерді айтамыз. Мысалы:ат (есім), ат (жануар), ара ( пчела), ара(пила), жастық( подушка ), жастық (молодость) т.б.

Синонимдер: синонимдер деп бір бірінен тұлғасы мен дыбысталуы жағынан өзгешеленетін бірақ, мағыналық жағынан бір-біріне жақын сөздер тобын айтамыз. Мысалы:әдемі,көрікті, сымбатты, көркем т.б.

Антонимдер деп бір біріне мағыналары қарама-қарсы сөздерді айтамыз.Мысалы: ақ-қара, ұзын-қысқа, жақсы-жаман.



10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 жаттығу Оқып, орыс тіліне таударыңыз.

Тісің ауырса, стомотологқа бару керек . Көзің ауырса, окулистке бар.Тұмауың болса, терапевтке бару керек. Қызуың болса, дәрігерді үйге шақырайық. Құлағың ауырса, лорға бар. Дәрігер бүгін қабылдаса,дәрігерге көрін. Денсаулықты сақтасаң, ауырмайсың. Емханаға барсаң, дәрігер дәріге рецепт жазып береді. Жазылсаң, жұмысқа шық. Жүрегі ауырса, кардиологке көрінсін. Дәрі керек болса, дәріханаға бар. Емделсең, тез жазыласың.

2 жаттығу Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Тіс, қол, тамақ, бауыр, өт, өкпе, іш, бас, құлақ, көз, аяқ, жүрек, бүйрек мұрын, асқазан, бел, тізе, арқа, иық.

3 жаттығу Берілген сөздердің арқайсысы омоним болатындай етіп сөйлем құраңыздар.

Ер,асау, жақ, жан, жарық, қорық,қырық, саз, қой, сый,түс,қал, шаш,ірі.

4 жаттығу Синонимдердің қай сөзбен айтылуы орынды екенін тауып, сөз тіркесін жазыңыздар.

Момын, жуас ( адам,бала, қой, түйе, ат, т.т.) Мосқал, кәрі, қарт ( адам, ат, бура, ағаш,жартас,т.т.) Ескі, көне, ежелгі( әдет,кітап, дос,жау т.т.) Қисық, қыңыр (адам,ағаш т.т.)

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Омонимге,синонимге, антонимге бірнеше мысалдар және мақал-мәтелдер жазып келу.



Сабақ 15

Сабақтың тақырыбы : Фразеологизмдер және олардың түрлері.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі омонимдер, синонимдер, антонимдер. Фразеологизмдер және олардың түрлері, мақал-мәтелдерді меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993


  1. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Омоним дегеніміз не?

Синоним дегеніміз не ?

Антоним дегеніміз не?



  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып : Фразеологизмдер және олардың түрлері.

Фразеологизмдер және олардың түрлері: бірнеше сөзден тұрып, жұбын жазбайтын бір ғана мағынаны білдіретінсөз тіркесін тұрақты сөз тіркесі (фразеология) деп атаймыз. Тұрақты сөз тіркестері идиомалық тіркес және фразалық тіркес деп екіге бөлінеді.

Фразалық тіркестер: табан ақы, майдай тер, тепсе темір үзетін.

Идиомалық тіркестер: ұзын құлақ, мақтамен бауыздағандай, қол жаулық

Тұрақты сөз тіркестерінің тағы бір түрі мақал-мәтелдер. Мақал көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды пікір айтылады. Мысалы: Жақсы жолдас ерттім дегенше, жарым жолдан өттім де. Өзіңді зор тұтпа, өзгені пір тұтпа. Кең болсаң кем болмайсың.

. Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратынсинтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.



10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)


1-жаттығу. Берілген сөздердің синонимдік қатарын тапқызу.

Ойламаған жерден-аяқ астынан


Орақ ауызды -
Түн жамылды -
Топ жарды -
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар -
Оң мен солын айырды -
Төс қағысты -
Жапан дала -
Шашбауын көтерді - т.б.

2-жаттығу. Берілген омоним фразеологизмдердің мағыналарын ашқызу. 

Өре түрегелді - 1. аяғынан тік тұрды, ұшып тұрды. 2. қарсы тұрды.


Өркен жайды -
Ойы бұзылды -
Лақ еткізді -
Ит пен қүсқа жем болды -
Көрге кірді -
Жүзіктің көзінен өткендей - 

3-жаттығу. Суреттерін бере отырып, «Әдемі» (ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай т.б.), «Қорықты» т.б. сөздерінің синоним фразеологизмін тапқызу. 

4-жаттығу. Көп мағыналы фразеологизмдерді мағынасына қарай топтастыру.

Айтқанына көнбеді -


Аузын ашты -
Таң қалды -
Дәм тәтті -
Мұз балақ -
Ақиық -
Ауыз тиді - т.б.

5-жаттығу. Фразеологиялық варианттардың нұсқасын тапқызу. 

Пешенесіне жазылған - бешенесіне жазылған


Ашуына тиді -
Тыныс алды -
Аспанмен таласқан -
Ат кекілін кесті -
Кек алды -
Маңдайының соры бес елі -
Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ т.б
11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мәтінмен жүмыс жасау.



Сабақ 16

Сабақтың тақырыбы : Мақал-мәтелдер

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Қазақ тіліндегі омонимдер, синонимдер, антонимдер. Фразеологизмдер және олардың түрлері, мақал-мәтелдерді меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993


  1. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Фразеологизмдер туралы түсінік



  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Грамматикалық тақырып: Мақал-мәтелдер

Мәтелдерде ой-пікір, топшылау мақалдағыдай тікелей кесіліп айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишара түрінде болады. Мысалы : Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда, Ағам жеңгеме сай. Фразеолдогиялық тіркестерді орыс тіліне немесе керісінше орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде де ерекшеліктер бар. Олар айнымас тіркес болғандықтан сөзбе-сөз аударуға болмайды. Олардың сол сөздегі баламасын табуға тырысу керек. Мысалы: из мухи делать слона –түймедейді түйедей ету, не до жиру, быть бы живу- байтал түгілі бас қайғы, море по колене-сырдың суы сирағынан келмеу. Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбі өмір шындығының қорытындысы.


Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат мұра.
«Сөздің көркі — мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелді айтылатын оймен орайластырып, орынды колдансақ, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамнын шешендігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын байқатады. Мақал мен мәтелдер халық санасында талай жылдар мен ғасырлар бойында қалыптасып, тұракталып қалған да, сөйлегенде дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылады.
Бұл жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылуы және ойға әсерлі де әсем, көрікті де көркем мән үстеуі жағынан, макал-мәтелдер тұрақты тіркестерге жақын болып келеді.
Сөйлем құрылысы, ішкі мазмұны жағынан мақал мен мәтелдердің өз ішінде ерекшелігі байқалып тұрады.
Мақалдарда ой түйінді пікір, өсиет, ереже тәрізді көбіне ауыс, астарлы мәнде тұжырымдалып айтылады.
Мысалы: Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
Еменнің иілгені — сынғаны.
Жақсыдан шарапат, жаманннан кесапат.
Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.
Мәтелдерде негізгі айтылатын ой-пікір жанамалап, сілтеме — ишара түрінде беріледі.
Мысалы: Күш атасын танымас.
Айласыз батыр алдырар.
Нар тәуекел — ер ісі.
Ер есімі — ел есінде.
Мақал-мәтелдердің көпшілігі ауыспалы, келтірінді мағынамен беріледі.
Мысалы: Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Кісінің шырайына қарама, райына қара.
Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-жаттығу. Қима қағаздарға әр түрлі тақырыпта мақалдар жазып, тақырыптық ауыл-ауылға бөліп орналастырып, әр ауылға ат қою. Мысалы:1. Туған жер, Отан туралы. 2.Еңбек туралы. 3.Өнер-білім туралы. 4.Достық туралы. Студент осы тақырыптар бойынша білетін мақал-мәтелдерін әр қима қағаздарға жазады. Оларды аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады.

2-жаттығу. Мақал-мәтелдердің екіші сыңарларын жасыратын ойын ойнату. Екі топқа бөліп, бірінші топ-жоғалтушы, екінші топ-табушы.

3 -жаттығу. Адамның қасиеті туралы мақалдар тауып жазу.мысалы: « Жақсы адам-ел ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы». «Қарау адам күншіл, Мекер адам міншіл».

4-жаттығу. Мақал-мәтелдерге құралған ребустарды шешкізу.

5 -жаттығу. Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жазу. Мысалы: «Күш-білімде». «Үміт өлмейді», т.б.

6 -жаттығу.Өздері қалаған мақал мазмұнына сурат салдыру.

7 -жаттығу. Ең қызық та күлкілі мақалдар тауып айту. Жарыс ұйымдастыру..Мысалы: «Таз таранғанша той тарқапты». 



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Ребус жасап келу.



Сабақ 17

Сабақтың тақырыбы: Емханада.Медицинаға және адамның дене мүшелеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Медицинаға және дене мүшелеріне қатысты сөз тіркестерін меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5.Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1. Ж.Доспанова. С.Сарсембекова. Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

5 А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.



  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Оқу білім туралы мақалдар

Мақалдың мәтелден айырмашылығы

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Лексикалық тақырып : Емханада.

Күн жексенбі.Асқар достарымен тауға барды. Асқар тауға жеңіл киініп шыққан болатын, себебі ол шыққан кезде күн жылыеді. Түстен кейін күн суытып, Асқарға салқын тиіп қалды.Оның дене қызуы көтеріліп, үйге әлсізденіп келді.

Ол ертесіне емханаға, дәрігер қабылдауына барды. Емхана екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бірінші қабатында дәрігерге көріну үшін тіркелетін орын бар. Ал екінші қабатта дәрігерлер отырады. Олардың бөлмесінің сыртында қабылдау уақыттары жазылған. Асқар дәрігер қабылдауында болды. Оны дәрігер тексеріп, қандай дәрі-дәрмек қолданатынын айтып, дәріханаға қағаз жазып берді. Асқар бұнда екіаптадан кейін келетін болып келісті. Үйде емделгені үшін оған анықтама берілетін болды.

Асқарға дәрігердің жылышырайы мен қамқорлығы қатты ұнады. Енді ауырмауға уәде берді.



Грамматикалық тақырып : Медицинаға және адам дене мүшелеріне қатысты сөз тіркестері.

Тұрақты сөз тіркестері өмірдің кез-келген саласына қатысты болуы мүмкін. Медицинаға қатысты сөз тіркестеріне: ауру астан, ауырып ем іздегенші ауырмайтын жол ізде деген секілді тіркестерді жатқыза аламыз. Ал дене мүшелеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері көп. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, көзді ашып жұмғанша, мұртын балта шаппайды, жүрегінде түгі бар, ер жүрек, қас пен көздің арасы т.б. тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады.



10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 жаттығу Мәтінді тыңдап оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Дене мүшелері.

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық,т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т,.б. мүшелер орналасқан.

Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі-көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар.Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш.

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты шампуньмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұшру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық.

Сөздік


Дене мүшелері-части тела көзге көрінбейтін-невидимый

Ағза –орган сезу- чуствовать

Жатады-относятся кепіл-залог

Қаңқа-скелет асқазан-желудок

Бұлардың бәрі- все это сабын –мыло

2 жаттығу Жақшаны ашыңыз.

(Колени) бүк. ( Спина ) қасып берші. Шешін, (легкие тыңдайын). ( Глаза) онша көрмейді екен. (Волосы) шампуньмен жу да тара.(Уши) естімей ме?Теледидарды ақырын қой! (Рот) жап! (Палцы ) ұзын екен. (Подвородок) сүрт. (Лицо) жу. (Шея) соз. Жәнелдің (зубы) ақ маржандай аппақ. Атасы (ноги) әрең басады.

3 жаттығу Мына сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар.

Төбе шашы тік тұрды, көзді ашып жұмғанша, мұртын балта шаппайды, жүрегінде түгі бар, көз қорқақ қол батыр.

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мәтінмен жұмыс жасау.



Сабақ 18

Сабақтың тақырыбы: Дәріханада Түбір және туынды сөздер. Түбір мен қосымша

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту.Түбір және туынды сөзбен сөз таптары, түбір мен қосымша жөніндегі білімдерін тереңдету. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

Тұрақты сөз тіркестері.

Дене мүшелеріне қатысты тұрақты тіркестер
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Лексикалық тақырып : Дәріханада
Науқас адам дәрігердің қабылдауынан кейін дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханаға барады. Онда дәрілер түрі көп. Дәріханашылар дәрілерді өз ретімен жүйе-жүйелеп қояды.

Дәріханаға барған кезде алдымен дәріханашыға дәрігер берген рецепті көрсетесіз. Дәріханашы ол рецепт бойынша бар дәрілер тізімін айтады. Дәріханашыдан ол дәрілердің бағасын сұрайсыз. Және дәрінің шығарылу мерзімі мен жарамдылығын қарауды ескеріңіз. Себебі жарамдылығы жойылған дәрі-дәрмекте емдік қасиетінен гөрі улық қасиеті басымырақ болады. Оны пайдалану адам өміріне зиян.Дәріханада адам ағзасының қызметін жақсартатын дәрумендер де сатылады. Олар бөлек қойылады.Оны да дәрігердің кеңесімен пйдаланған жөн.


Грамматикалық тақырып: Түбір және туынды сөздер. Түбір мен қосымша.
Түбір сөз деп одан ары қарай бөлшектеуге келмейтін сөзді айтамыз. Мысалы: түн, қол, бас, ас . Туынды сөз деп түбір сөзге жұрнақтар жалғануы арқылы жасалған сөздерді айтамыз. Мысалы: түн-дік, қол-ғап, бас-тық, ас-тық.
Сөз түбір мен қосымшалардан тұрады. Түбір сөз туралы ұғымды жоғарыда келтірдік. Ал қосымша деп түбір сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін тілдік бірлікті айтамыз. Қосымшалар екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау. Сөзге лексикалық мағына беретін қосымшаның түрін жұрнақ деп атаймыз. Олардың өзі: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақтар деп екіге бөлінеді. Жалғаудың қазақ тілінде төрт түрі бар: көптік жалғауы, септік жалғауы, тәуелдік жалғауы, жіктік жалғау.


10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 жаттығу Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазыңдар. Аудар.


Менің үй.... жақын. Сенің үй..... қайда ? Мынау сіздің дәптер... Оның әке.... қайда ? Менің әкем қалада. Сендердің қарындас...қайда тұрады ? Сіздің үй ... қай көшеде ?
2 жаттығу Қазақ тіліндегі баламасын беріңіз. Олардың қалай жасалғанын көрсетіңіз.
Восток, запад, фрукты, овощи, рукопись, желудок, библиотека, юг, север, родители, посуда, зонтик, автостоянка, семья, обувь, взгляд, Темиртау, Сарыарка, Қаратау, Сарыозек, Кызылжар,Уштобе, Узунагач.
3 жаттығу «не істеп жүр ?» деген сұраққа жауабын тауып, айтыңыз.Сөйлемдерді дәптеріңізге жазыңыз.
Үлгі: Әнші не істеп жүр? – Әнші ән айтып жүр.
әнші қой бағу

есепші хаттарды, газеттерді тасу

жазушы заттарды сату

дәрігер газетке мақала жазу

сатушы ұшақтарды ұшыру

суретші адамдарды емдеу

құрылысшы кітап жазу

пошташы балаларды оқыту

аспаз киім тігу

аудармашы ақша санау

ұшқыш жаңа үйлерді салу

мұғалім материалдарды аудару

тілші сурет салу

қойшы ән айту

тігінші тамақ пісіру
11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Өтілген тақырыптарға байланысты бірнеше мысалдар жазып келу



Сабақ 19

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім, есімдік, етістік.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту.Түбір және туынды сөзбен сөз таптары, түбір мен қосымша жөніндегі білімдерін тереңдету. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
1. Түбір және туынды сөздер

2. Түбір мен қосымша


9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Сөз таптары
Сөз таптары деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. Қазақ тілінде олардың саны 9.

Олар : Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сөз, еліктеу сөз, көмекші (шылау) сөз одағай.



Зат есім.
Затты, құбылыстың атауын білдіріп, кім? не ? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім дейміз. Мысалы: мақта, оқу, студент, оқытушы т.б. Зат есім болатын сөздер тек қолмен ұстап, көруге болатын зат атаулары ғана емес, барлық табиғаттағы заттар атаулары болып есептеледі.

Есімдік
Есім сөздерді ауыстырып ( зат есім, сын есім, сан есім), солардың орнына қолданылатын сөздерді есімдік деп атаймыз. Олар мағынасы мен қызметіне қарай жеті топқа бөлінеді: Жіктеу есімдігі, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдік, белгісіздік есімдіктері, болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері.

Етістік
Етістік заттың қимылын, іс әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістіктің сұрақтары не істеді? не қылды? қайтті? Мысалы: Студент сабақ оқып отыр. Материямыздың өзі қимыл-қозғалыстан тұратын болғандықтан тілде етістіктердің қолданылу аясы кең. Қазақ тілінде де етістіктер жиі қолданылады. Басқа сөз таптарына қарағанда олардың ауқымы да кең.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-жаттығу.


Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналарын анықтаңдар, оларды жасалу жолына қарай талдаңдар.

Үлгі: Мырзатай – тұлғасына қарай туынды, құрамына қарай күрделі (екі түбірдің бірігуінен жасалған), мағынасына қарай деректі, жалпылай немесе жекелей атауына қарай жалқы зат есім.

Мырзатай әке-шешесі тірі кезінде бұған арнап асыраған ақ кептерлерін көріп қайту үшін Сарқырамаға жиі барып тұратын. Бірақ оның бұл жолғы келуі көңіліне сүйеніш болған жоқ, қайта, жетім баланың қайғысына қайғы қоса түскен… Биіктігі екі арқан бойындай, үйдей-үйдей тастардың арасынан тік төмен шашырай құлап түсетін Сарқыраманың жоғарғы жағындағы қия жартас қуыстарына ұя салып мекендеген бір үйір ақ кептер барған сайын азайып бара жатқан…
(Жанат Ахмади)

2-жаттығу.


Берілген зат есімдердің қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын анықтаңдар және соларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Үлгі: түбірі көрпе – не? зат есім, — ше зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ. Менің анам қонақтарға көрпеше төседі.

Көрпеше, ұшқыш, бұрғы, жұмыскер, адамдық, ерлік, ағатай, жеңілдік, түсім, сүзгіш, әнші, тәуелсіздік, ақылшы, достық, тарсыл, жаманшылық, жақсылық, егінші, ақылшы, тыңдаушы, құдаша, жарқыл, әдемілік, жинастырушы, қайраткер, оқушы, кідіріс, жастық, дүрсіл, сынықшы.

3-жаттығу.


Берліген күрделі зат есімдерді төмендегі үлгі бойынша жазыңдар.

Үлгі:
Бірігу арқылы жасалған зат есімдер: Мырзатай,


Қосарлану арқылы жасалған зат есімдер: ата-ана,
Тіркесу арқылы жасалған зат есімдер: Алматы қаласы,
Қысқартылып жасалған зат есімдер: БҰҰ,

Мырзатай, ақсақал, БҰҰ, ата-ана, қадір-қасиет, ҚазМУ, Алматы қаласы, бойжеткен, ағайын-туыс, медбике, Таңшолпан, оқушылар сарайы, «Ботагөз» романы, Бірлік ауылы, кеңшар, құрбы-құрдас, Махамбет Өтемісұлы, қазақ тілі, амал-айла, ВАЗ-009, Сәтжан, керегетас, арбакеш, Ұлболсын.

4-жаттығу.
Берілген мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Қай шығармадан алынғанын анықтаңдар. Сөйлемдердегі зат есімдердің қызметін анықтай отырып, зат есім қандай жағдайда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынына ауызша талдау жасаңдар.

Аққасқаның бойы қасқырдан кем емес. Аяқтарының жуандық сандығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі – тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ шаңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Ашу да, ерлік те – бір өзінде. Аққасқа өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Сондықтан ауылдан келгенде шынжырдан босамайды. Далаға алып шығып, аңның ізіне салғанша, жә қарасын көрсеткенше ұзын кендірден босамайды. Әйтпесе жолда кез-келген иттерге де соқтыға береді.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Өтілген тақырыптарға байланысты бірнеше мысалдар жазып келу



Сабақ 20

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы. Түбір мен қосымша

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту.Түбір және туынды сөзбен сөз таптары, түбір мен қосымша жөніндегі білімдерін тереңдету. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Етістіктің сұрақтары ?
9.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Грамматикалық тақырып : Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.
Сөз түбір мен қосымшалардан тұрады. Түбір сөз туралы ұғымды жоғарыда келтірдік. Ал қосымша деп түбір сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін тілдік бірлікті айтамыз. Қосымшалар екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау. Сөзге лексикалық мағына беретін қосымшаның түрін жұрнақ деп атаймыз. Олардың өзі: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақтар деп екіге бөлінеді. Жалғаудың қазақ тілінде төрт түрі бар: көптік жалғауы, септік жалғауы, тәуелдік жалғауы, жіктік жалғау.

Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шіліксөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1]

Түбір мен қосымша
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері — жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол — із немесе сапар, сау — сүт алу, мектеп — оқитын орын, көр — көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады.

Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол — із я сапар болса, жолдас — жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп — оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады.


Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. -ын және -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас — серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық — адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер — негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер — туынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі — өн.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

Сурет бойынша жұмыс.


Бала әжеге көмектесті.
А)Енді осы сөйлемді қосымшасыз оқып көріңдерші?
Ә)Әжеге сөз құрамына талдау.
Б)Әжеге сөзіне дыбыстық талдау.
3.Күннің атын жазу.
Білімдерін жан-жақты бақылау:
мал -шы малшы
-лер дәптерлер

4.Түбір сөзді бір бөлек,қосымшалы сөзді бір бөлек топтап жаз.


Қалада,дала,іс,жазғы,орындық,түн,көлшік,қобыз.
5.Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзді сөз құрамына талда.
Оқулық.
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1.Кітап-білім....бұлағы.
2.Оқу- білім бұлағы
Білім -өмір....шырағы.
3.Оқу-инемен құдық.....қазғандай.
4.Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды.......жығады.
5.Оқу тозбайтын
Білім таусылмайтын кен. 
Өлең оқыту.
6.Жұмбақ шешіп,тексер.Шешуі әр жұмбақтың астында жасырынған.
1.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. Кітап.
2.Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барын сап. Өшіргіш

11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Өтілген тақырыптарға байланысты бірнеше мысалдар жазып келу



Сабақ 21

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Зат есім категориялары.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Зат есім және оның категориялары жөніндегі білімдерін тереңдету. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3 Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4 Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993



  1. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

1. Сөз құрамы туралы айтып бер.

2. Түбір және қосымша.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Лексикалық тақырып : Менің отбасым.
Менің отбасым өте үлкен. Біз ауылды жерде тұрамыз. Ауылдың табиғаты ерекше. Біз онда ауыл шаруашылығымен айналысамыз.

Отбасымыз сегіз адамнан тұрады. Олар: әжем, әкем, шешем, екі ағам, мен, інім және қарындасым. Әжем зейнеткер. Әкем жер өңдеп, егін салады. Шешем мектепте тарих пәнінен сабақ береді.

Екі ағам да жоғарғы оқу орнын бітіріп, қоғамдық жұмыстарға араласады. Бірі-дәрігер, екіншісі заңгер.

Інім мен қарындасым мектепте оқиды.



Мен армандаған оқу орныма ОҚМФА –ға оқуға түстім. Мен үшін отбасым-екінші мемлекет. Барлық мерекеде отбасымызбен болуға тырысамыз.

Грамматикалық тақырып: Менің отбасым. Зат есім категориялары.
Зат есім – бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз. Зат есім -кім?-не?-кімдер?
-нелер? деген сұрақтарға, тәуелдік жалғауларының -кімің? -нең? -кімі? -несі? деген сұрақтарына және септік жалғауларының сұрақтарына жауап береді.
Кім? деген сұрақ тек адамға қатысты қойылады. Не? деген сұрақ басқа атаулардың барлығына қойылады.
(Имя существительное – обозначает название какого-либо предмета, явления. Отвечает на вопросы -кто? -что?, также на вопросы притяжательности и падежей. Вопрос –кто? применяется только по отношению к человеку, а вопрос -что? задается ко всем другим названиям и именам). 
 
Зат есімнің лексикалық-семантикалық қатары
(Лексико-семантические разряды существительного)
1. Нақтылы (деректі) зат есім – көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауы. 
 
(Конкретные имена существительные – название отдельных ощущаемых, видимых предметов). 
Мысалы: мектеп, әріп, қала, Азамат, үй, қоян т.б.
2. Жалпылық (дерексіз) зат есім – көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын   заттар атауы. ( Абстрактные имена – отвлеченные понятия). 
 
Мысалы:намыс,әдет,егемендік, мінез т.б. 
 
3. Жалпы зат есім – бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы. 
(Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов).
Мысалы: кітап, қалам, қоян, есік, шаш, қол, доп т.б. 
 
4. Жалқы зат есім – адамның аты-жөні, бірыңғай заттың дараланған жеке атауы. Жалқы есімдер бас  әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге   жатып, барлық сөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады. Зат есімнің 3 түрлі грамматикалық категориялары бар.
(У имени существительного есть 3 грамматических категорий). 
1. Жекелік және көптік категориясы (категория мн.числа и лица).
2. Тәуелдік категориясы (категория принадлежности).
3. Септік категориясы (категория падежа). 
Мысалы: бала+лар+ы+мен т.б.
Зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
(Синтаксическая роль существительного в предложении)
Зат есім сөйлем ішінде бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш бола алады. 
 
1. Бастауыш – зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
(основная грамматическая форма подлежащего – именительный падеж)
Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.).- не? Бастауыш. 
 
2.Толықтауыш – зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында болады. 
(существительное имеет грамматические формы всех падежей, кроме 
именительного и родительного, являясь дополнением)
Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан (С.С.).- нені? Толықтауыш. 
 
3. Анықтауыш – зат есім ілік септігінде тұрып, өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады. 
(существительное находится в родительном падеже и , являясь определением, 
уточняет последующее слово) 
Мысалы: Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған (С.Б.).- қандай? Анықтауыш. 
 
4. Пысықтауыш – зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші 
есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.
(существительное находится в дательном, местном, исходном, инструментальном 
падежах или сочетается со служебными именами, послелогами, являясь 
обстоятельством) 
Мысалы: Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.).- қайда? Пысықтауыш 
 
5. Баяндауыш – зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде болып, баяндауыш болады.
(существительные имея личные окончания или находясь в именительном падеже,   являютя сказуемым) 
Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.).- кімімін? Баяндауыш.  Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз. – не?

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1 жаттығу Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жаз. Аудар.

Менің үй... жақын. Сенің үй... қацда? Мныау сіздің дәптер .... Оның әке.... қайда ? Менің әке... қалада. Сендердің қарындас.... қайда тұрады. Сіздің үй.... қай көшеде?


  1. жаттығу Көптік жалғауларын жалғаңыз.

Тоазытқыш,аң, қайың, теңіз, жаңалық, меңгеруші.\, еңбек, шың, шаңғы, маңдай, дөңгелек, жең, алаң, жаңбыр, кеңес, жеңіс,заң, жеңге, қаңқа, жеңілдік, қоңырау, өлең, сіңлі, теңге, шаң, мың.

  1. жаттығу Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құра.

Менің әке, іні, сіңлі филолог,сатушы, іскер

Сенің шеше, қарындас менеджер, дәрігер, оқушы

Сіздің апа, аға, немере зейнеткер оқытушы

Оның нағашы, жезде студент, инженер, қызметкер

Біздің жеңге, келін аудармашы тәрбиеші

Сендердің бала, қыз, ата есепші, заңгер, экономист

Сіздердің әже, жиен, туыс суретші, әнші, биші

Олардың жолдас, әйел, дос спортсмен, жорналшы



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

« Менің отбасым» атты тақырыпта шағын шығарма жазу



Сабақ 22

Сабақтың тақырыбы: Көптік жалғау, оның дыбыстық варианттары. Тәуелдік жалғауы.

1. Сағат саны: 3

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Зат есім және оның категориялары жөніндегі білімдерін тереңдету. Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы.

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3 Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4 Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)

1. Зат есім дегеніміз не ?



2. Зат есім категориялары.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Грамматикалық тақырып : Көптік жалғау, оның дыбыстық варианттары. Тәуелдік жалғауы.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к,  формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

  1. Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);

  2. Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);

  3. Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);

  4. Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына Көптік жалғауның қатысынсызлексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96%D0%BA_%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%83 - mw-navigation#mw-navigationhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96%D0%BA_%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%83 - p-search#p-search

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегіүлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны(мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет