Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауа-райы Мақсаты


Белгілер: үлкен, кіші, орта, піскен. Қимыл-әрекет



бет2/5
Дата05.11.2019
өлшемі132,49 Kb.
#51185
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 д сын поуроч


Белгілер: үлкен, кіші, орта, піскен.

Қимыл-әрекет:өркендеу,көбею,алу,қабылдау

Зат: Қазақстан,Астана,тәуелсіздік,егемен,мемлекет,жер,ел

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Жж дыбысының артикуляциясы

Аузымыз жартылай ашылып, тіліміздің екі жаны үстіңгі тістерге көтеріліп барып тіреледі. Қақпаларымыз жабылып тұрады. Сондықтан ауа екі тістің арасынан кедергімен шығады. Бәріміз бірге айтып көрейік. Ж-ж -ж



Ж дыбысы буында

жа-жо-жу-жи жұ-жү-жу-жа

жы-жи-жа-жо жо-же-жу-жұ

ҮІІ.Сергіту сәті

Шымшық шып-шып,

Шоқып тық-тық.

Ұшты шымшық,

Шошып быт-шы



ҮІІІ. Ойын: «Есте сақта және ата»

Балаға карточкалы суреттер ұсынылады. Бала соларды атап және есіне сақтап атауы керек. Тапсырма орындалғаннан кейін оны күрделірек етіп қатарымен жаттау керек екендігі айтылады.



Жемісі бар суреттер: алма, алмұрт, анар, құрма, апельсин, ананас.

Көкөністер: пияз, картоп, қияр, қызылша, баклажан, сәбіз.

ІХ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

Х. Үйге тапсырма: Ж дыбысының артикуляциясы

Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Туған өлке.

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы мәлімет, ту, елтаң ба.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Мақалдарды сұрау.



ІІІ Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
-Балалар , сендер Қазақстан турады білесіңдерме?Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы. Астана – жас қала. Қазақстан үлкен мемлекет.

Ел-таң-ба

Ас-та-на

Жа-ңа

Мем-ле-кет

Қа-ла

Ал-ма-ты

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:тәуелсіздік,кең-байтақ,ыстық,бауырмал,туыстық,достық.

Қимыл-әрекет:көбею,өсу,көркею.

Зат: Өлке,Отан,Туған жер,Қазақстан.
Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ж дыбысына буындық ұйқас



жа-жа-жа-жабық

жы-жы-жы-жылтыр

же-же-же-жеңіс

жұ-жұ-жұ-жұмыс

жи-жи-жи-жинау

жу-жу-жу-жуын

жі-жі-жі-жіп

жо-жо-жо-жоқ

жө-жө-жө-жөн

ҮІІ.Сергіту сәті

Шымшық шып-шып,

Шоқып тық-тық.

Ұшты шымшық,

Шошып быт-шыт



ҮІІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: өсімдік,мезгіл, күз, жаңбыр, жапырақ, суық, ағаш, диқан, жемістер.

ІХ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

Х. Үйге тапсырма: Ж дыбысына буындық ұйқас


Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы:Атадан қалған мұралар .

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы мәлімет, ту, елтаң ба.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Мақалдарды сұрау.



ІІІЖаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. 
 Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:тәуелсіздік,кең-байтақ,ыстық,бауырмал,туыстық,достық.

Қимыл-әрекет:көркею,өркендеу,кеңею,қалдыру,сақтау.

Зат: кең,тәуелсіз,сыйластық

Ү. Дыбыспен жұмыс:

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:



Ж дыбысы бар буындарды табу: жа, та, жу, жи, ат, ас, аж, жа, жу, жи, ва,на, ра,та, ло, са, жу,жы, жи, не, ге, ра.

Ж дыбысы бар сөздерді табу: басу, табыс, жол, жарыс, сабақ, жолбарыс, көжек, жеміс, қажет, жастық, жетістік, тәж,

ҮІІ.Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



Диктант. Жаз, Жамал, және, жәшік, жорық, жота, жорға, Блжбан, жөтел, ғажайып, жону, жалқау, мұқтаж, жоспар

ҮІІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: өсімдік,мезгіл, күз, жаңбыр, жапырақ, суық, ағаш, диқан, жемістер.

ІХ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

Х. Үйге тапсырма:Ж дыбысын бекіту



Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Тарихи тұлғалар.

Мақсаты:
Білімділік:Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы мәлімет, ту, елтаң ба.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаттығулар:

  • Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше», «Саңырауқұлақ», «Күрекше», «Кім допты алысқа соғады?»

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Саусақ жаттығулары

  • Буын жаттығулары

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ж дыбысын сөздерде айту.

.ІІІ Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың сайын далада жаңа бағытта қалыптасуына барынша ықпал еткен Алаш қайраткерлері болды. Ал олар туралы сөз басын «ұлт көсемі» атанған Әлихан Бөкейханов және «ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсыновсыз бастау мүмкін емес. Алаштықтардың көсемі танылған Әлихан Бөкейханов терең еуропалық білім мен тәрбие алған, еуразиялық деңгейдегі энциклопедист-ғалым, қоғам қайраткері еді. Ең бастысы, Ә. Бөкейханов қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық конституциялық парламентік күрес жолына салды. Ол оның идеясын толықтырған Ахмет Байтұрсынов ұлт-азаттық қозғалысқа шынайы гуманистік, ұлттық сипат қосты. Қазақ сахарасына біртіндеп тереңдеп ене бастаған саяси қозғалыстағы еуропалық күрес бағытына ұлттық рух пен сарын, ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды көздеді. Академик М. Қозыбаев: «Сондай XX ғасырданаларыныңбіpі - АхметБайтұрсынов. Олкүрескенкесапаттар - надандық, қараңғылық, ұйқышылдық, адамихайуандық, отаршылдықұлттың, азуы мен тозуыноныңбұратаналықболмысы, жараланғанжанжарасынқұлшылдықсанасынталанғанжері, қансырағантілі, шоқындырусаясатынанжансызданабастағандіні, орыстандырылабастағанділі. Бірсөзбенайтқанда: Қaзақхалқыныңболашақта болу, болмауальтернативасы.

ІҮ.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:жарғы, заң, өлеңдер,шығарма,терме, мемлекет.

Қимыл-әрекет:биледі, заң, өлеңднр, шығарма, терме, мемлекет.

Зат: Хан ,ақын,батыр, жазушы, президент.
Ү. Дыбыспен жұмыс:

Ж дыбысы сөйлемдерде.

Жарас жақсы бала. Жерде қар жатыр. Жаңбыр жауды. Шөже жәндіктерді теріп жеді. Біздің саяжай тауға жақын. Жұмаш жұмысқа кетті. Жаңыл жұмбақ жасырды. Жанар еденді жуды. Өзен жағасында жеті жылқы жайылып жүр.

Ж дыбысы жаңылтпаштарда.

Жоғалды бес шыбын,

Жоқ әлі еш сыбыс.

ҮІ.Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



ҮІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: мезгіл, күз, жаңбыр, жапырақ, суық, ағаш, диқан, жемістер.

ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Ж дыбысын мақалдарда жаттау..



Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Әдет- ғұрыптар.

Мақсаты:
Білімділік:Атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет ғұрыптармен таныстыру.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы мәлімет, ту, елтаң ба.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ж дыбысын сөздерде айту



ІҮ.Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс. 
Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

Ү Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:әдепті, тәртіпті, ұқыпты.

Қимыл-әрекет:үйрену, қайталау, машықтану.

Зат:әдет, дағды.
ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

З дыбысының қойылымы

Ерін жымиып. Тістердің арасы 1мм ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады. Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында ойықтаау болады. Ауа ағыны еркін өтеді. Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

З-З-З-З-З-З (іштен суық ауа шығуын қадағалау қажет).



Буындарды оқу

За за за аз аз аз

Зо зо зо оз оз оз

Зу зу зу уз уз уз



Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



ҮІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып беруі тиіс.



Сөздер: әдепті, әдемі, тәртіпті, ұқыпты, мейірімді.

ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма З дыбысын буындарда айту.

Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Салт дәстүрлер.

Мақсаты:
Білімділік:Салт дәстүрді білуге, оны өмірде ұстана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бейнелі суреттер, сөздер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын буындарда айту
ІҮ. Жаңа сабақ.
Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:көңілді, сыйластық, бауырмал.

Қимыл-әрекет:тойлау, сақтау, орындау, қалыптастыру.

Зат:беташар,қыз қуу,тұсау кесер.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Маса қандай дыбыс шығарады :з з з з

Балалар енді біз З дыбысын сөздерде айтып үйренейік.

ЗА АЗ: зат, зая, Зада, зақым, залал, заман, азат, ұзақ, озат, мазалау, тазалық, қазан.

ЗӘ ӘЗ:зәк, Зәуре, зәйтүн, Ләззәт, мәз.

ЗО ОЗ: зор, зорға, тозған, озды, созды, бозғылт, қоздады, бозбала, шабандоз.

ЗІ ІЗ: зіл, зілзала, зілдей, төзім, жүзім, көзілдірік, әзіл, білезік, қазір, ізші, әдепсіз, тізбек, мүйіз.

Сергіту сәті

Айналдырған добыңды,

Қытықтасын қолыңды

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан.

ҮІІ. Ойын:Қарсы мәндес сөзді табу.

Ақ - қара

Жақсы - жаман

Ыстық - суық



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

З дыбысын сөздерде айту.



Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Еңбек және мамандық.

Мақсаты:
Білімділік:адамдардың еңбегіне қарап мамандықтарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мамандық иелері бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын сөздерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. 

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. 

Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:Дәмді, қорқынышты, жемісті еңбек, өнім, сүйкімді мамандық.

Қимыл-әрекет:Емдеу, оқыту, қорғау, құру, пісіру.

Зат:Дәрігер, мұғалім,заңгер, аспаз.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз З дыбысын өлең шумақтарында жаттап, жұмбақтарда айтып үйренеміз.

Отан

Отанды біз атамекен Отанды жас, кәріміз де



Деп аялап айтамыз. Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны мекен еткен Өйткені онда бәріміз де

Бабамыз бен атамыз. Туып өмір сүреміз.

З дыбысы жұмбақтарда

Көреді бәрін өзгенің, Құрғақ жерде сақтайсың,

Көре алмайды өздерін. ( Көз) Менсіз тамақ таппайсың, (Тұз)



Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын

ҮІІ. Ойын: қозғалатын пішіндер

Үстел үстіндегі кесілген пішіндерден үлгіге қарап шырша,үй, ойыншық құрастыру.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма З дыбысы өлең шумақтарында жаттау.

Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтарға арналған мерекелер.

Мақсаты:
Білімділік:Мамандықтарға байланысты мерекелерді біліп жүруге үйрету.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе суреттер, сөздер

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын өлең шумақтарында айту

ІҮ.Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
4 ақпан – онкологтар (ісік ауруларын зерттейтін және емдейтін дәрігер) күні 

9 ақпан – тіс дәрігелері күні

21 ақпан – фельдшерлер (дәрігердің көмекшісі) күні

22 наурыз – патологоанатом (паталогиялық анатомия маманы) күні

24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні және фтизиатрлар (фтизиатрия маманы)

12 сәуір - ғарышкерлер күні

27 наурыз – нефрологтар (бүйрек ауруын емдейтін дәрігер) күні

14-қараша логопедтер күні



Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет