Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауа-райы Мақсаты


Белгілер:ақ халатты,көңілді. Қимыл-әрекет



бет3/5
Дата05.11.2019
өлшемі132,49 Kb.
#51185
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 д сын поуроч


Белгілер:ақ халатты,көңілді.

Қимыл-әрекет:тойлау, безендіру, алу, сыйлау, ілу, жасау

Зат:логопедтер күні, сыйлық, отан қорғаушылар күні,Ғарышкерлер күні,Дәрігерлер күні.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз З дыбысын сөйлемдерде дұрыс оқып үйренеміз

Зада қаз айдады. Қызан қызарды. Зия қызыл қағаздан зымыран жасады. Зылиха апа қымыз сапырды. Көзіңіз нашар көрсе, көзілдірік тағу керек. Зілдей зеңбіректі көтеру оңай Зәуреш теңізді бірінші рет көрді. Зере газет журналды тез таратты. Қыздар қызыл өызғалдақ терді. Қарбыздың іші қып қызыл, тәтті. Зырылдақ зырылдады. Зымыран зырылдады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Есітіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып ытқып жүгірді

ҮІІ. Ойын: «Екі - бес»

Оқушының қолына бір ыдысқа толы моншақ ұсынып, оқушының алдына түрлі –түсті екі қорапшалар қойылады. Сол қорапшаларға моншақтарды логопедтің командасы бойынша екіден және бестен салу ұсынылады. Мысалы: жасыл қорапшаға 2 моншақ, ал сары қорапшаға 5 моншақ сал.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

З дыбысын буында, сөзде ажырату



Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы:Өнеркәсіп түрлері.

Мақсаты:
Білімділік:өнеркәсіп түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:, дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Өнеркәсіп түрлеріне байланысты суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын сөздерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Өнеркәсіп түрлерімен таныстыру. Өнеркәсіп ауыр және жеңіл өнеркәсіп деп бөлінеді.

Ауыр өнеркәсіпке: кен өндіру, түсті металургия, химия өнеркәсібі т.б. жатады.

Жеңіл өнеркәсіпке: тамақ өнеркәсібі жатады.
Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:Өнімді, дәмді, қатты, темір.

Қимыл-әрекет:Шығару,құрастыру, пісіру.

Зат:автокөлік, жеңіл өнркәсіп, тамақ өнеркәсібі.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Р дыбысының айтылу артикуляциясымен танысамыз.



Р дыбысын айтқанда тіліміз жоғарғы тістердің алдында болады. Аузымызды ашып тілімізді үстіңгі тістердің артына жоңары етіп ұстап, оның ұшына қарай үрлеу арқылы р дыбысын айамыз р р р.

Р дыбысын буындарда айтқызу

Тура Кері Тура Кері

Дра дра дра Адр- адр- адр Тра- тра- тра Атр- атр- атр

Дро- дро- дро Одр- одр- одр Тро- тро- тро Отр- отр- отр

Дру- дру -дру Удр- удр- удр Тру- тру- тру Утр- утр- утр

Дри- дри- дри Идр- идр- идр Три- три- три Итр- итр- итр



Р дыбысын буын ұйқаста айту.

Ра-ра-ра – Айжан шашыңды тара Ар-ар-ар – далада қалың қар


Ра-ра-ра – қозыға жақсы қара Ар- ар- ар- үйге жылдам бар

Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын

ҮІІ. Ойын: қозғалатын пішіндер

Үстел үстіндегі кесілген пішіндерден үлгіге қарап шырша,үй, ойыншық құрастыру.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Р дыбысын буындарда дұрыс айту.




Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылық жұмыстары.

Мақсаты:
Білімділік:малшаруашылық түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:малшаруашылыға адамды тамақ өнімдерімен,өндірісті шикізатпен қамтамасыз етеді.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: малшаруашылығына байланысты суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Р дыбысын буындарда, сөздерде айту.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Малшаруашылығы адамдарды тамақ өнімдерімен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етеді. Жануарлардың қиы топыраққа тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Сиыр ірі қара малға жатады. Одан ет, сүт,тері өнімдері алынады. Терісінен киім, аяқкиім тігетін былғары илейді.

Қой мен ешкіні ұсақ мал дейді. Олар барлық жерде өсіріледі. Қойдан ет, май, сүт, жүн, тері алынады.

Жылқының еті, сүті тағам ретінде пайдаланылады. Биенің сүтінен қымыз жасайды. Қымыз денсаулыққа пайдалы.

Түйенің бір және қос өркешті түрі бар. Түйелер күні бойы шөп пен жантаққа жайылады, түнде демалады. Түйенің қою, майлы сүтінен жақсы сусын шұбат дайындалады, жүнінен жылы киімдер жасалады.


Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:ірі қара, ұсақ мал, төлдері.

Қимыл-әрекет:өсіру, сауу, төлдеу, көбею, бағу.

Зат:мал, қора, шөп, өнім.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Р дыбысын сөздерде,сөйлемдерде дұрыс айтып үйренеміз.



Р дыбысы сөздерде.

РА АР : Раушан, РАйхан, Рамазан, радио, ракета, радуга, Рабия , Рахат,ара, тара, орақ,қарағай, құрақ, қара, шырақ, жапырақ, ,домбыра, Бораш, боран, трамвай:

РО ОР: Роза, Рома, ромашка, рочки, робт.

Бор, тор, қор, орта, орын, орындық, сорпа, торпақ, курорт, торт, қорлан, қорған, торғай , шаңсорғыш, шортан.



Р дыбысы өлең шумақтарында

Маралдының маралы Гүлдерім

Маралдыда марал көп, Гүлдер ,гүлдер, гүлдерім,

Марал жайылар Арал көп. Қандай әсем түрлерің

Мүйізінен маралдың, Ойы қырым тұр тұнып

Дәрі дәрмек алам көп. Өсіңдерші құлпырып.

Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын

ҮІІ. Ойын: қозғалатын пішіндер

Үстел үстіндегі кесілген пішіндерден үлгіге қарап шырша,үй, ойыншық құрастыру.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Р дыбысы өлең шумақтарында жаттау.


Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы:Егін шаруашылық жұмыстары.

Мақсаты:
Білімділік:егін шаруашылығының өміріміздегі мәнін түсіндіру.
Дамытушылық:егіншаруашылығы бізді тағамдық азықтармен және шикізатпен қамтамасыз ететіндігін дәлелдеп көрсету.

Тәрбиелік:оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: егін шаруашылық жұмыстары бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын сөздерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
Егін шаруашылығы мәдени өсімдіктерді өсіру деген сөз. Егін шаруашылығы адамдарды тағамдық азықтармен, жануарларды жем шөппен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанның егіс далаларында астық өсіріледі. Астық дәнінен нан және жарма дайындалады. Ал сабағы мен жапырағы малға азық болады.

Дәнді дақылдардың ең бастылыры бидай мен қарабидай. Оларды көктемде трактормен сеуіп, күзде комбайынмен жинап алады.

Тары ботқасын бәрің де білесіңдер. Тарының қауызынан тазартылған түрін сөк дейді.

Күрішті өсіруге су көп керек. Күріш егістіктеріне су каналдар арқылы жіберіледі. Күріш өте пайдалы дәнді дақыл.

Жүгері адам бойынан асатын өте биік өсімдік. Жүгерінің дәні собығынан жиналады. Ол өте дәмді және жақсы қорек. Сабағы мен жапырағы малға азық ретінде пайдаланылады.
Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:көп, дәмді, қатты.

Қимыл-әрекет:өсу,өну, ору,жинау, өндіру,теру.

Зат:егін, бидай, арпа,сұлы, тары.

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Р дыбысын жұмбақтарда және мақал мәтелдерде айтып үйренеміз.



Р дыбысы жұмбақтарда.

Қос мүйізді , төрт сирақты Өзі кірден арылмас

Силайды балдай ақ бұлақты. Сиыр Ізінен кір табылмас Сыпырғы

Р дыбысы мақал мәтелдерде.

Мейірімді алғыс алса , Әңгіме бұзау емізер,

Мейірімсіз қарғыс алар. Бұзау таяқ жегізер.

Ойын жаттығулары:

Бөлінген сурет: бөлінген кеспе суреттерден бейне құрастыру.

Не өзгерді:оқушыға бірнеше суретті көрсетіп атын айтқызамыз. Көзін жұмғызып суреттердің орнын ауыстырамыз және қай суреттің орны ауысқанын сұраймыз

Сергіту сәті

Айналдырған добыңды,

Қытықтасын қолыңды

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан.

ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Р дыбысын мақал мәтелдерде жаттау.



Сыныбы:3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Мемілекеттік мейрамдар.

Мақсаты:
Білімділік:адамдардың еңбегіне қарап мамандықтарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мамандық иелері бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Р дыбысын мақал мәтелдерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгін біз мемілекетімізде белгіленген мейрамдармен танысамыз.

8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні».

22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мейрамы.

1-мамыр «Бірлік күні».

9- мамыр «Жеңіс күні» .

1-маусым « Балалар күні».

30-тамыз «Конситуция күні».

1- қыркүйек «Білім күні».

16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні».
Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:қызықты, көңілді..

Қимыл-әрекет:бару, қыдыру, көру, тойлау.

Зат:Астана күні, Білім күні, айт, Балалар күні, Жаңа жыл .

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Л дыбысының айтылу артикуляциясымен танысамыз

Л дыбысын айтқан кезде тілімізді тістердің арасына қойып, тістеп айтамыз..

Р дыбысын буындарда айту.

Ла ла ла лама ал ал ал алма

Ло ло ло лола ол ол ол қол

Лу лу лу Луиза ул ул ул

Ли ли ли лимон ил ил ил

Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын
ҮІІ. Ойын: қозғалатын пішіндер

Үстел үстіндегі кесілген пішіндерден үлгіге қарап шырша,үй, ойыншық құрастыру.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Л дыбысын буындарда айту.



Сыныбы:3 « Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Мақал мәтелдер.

Мақсаты:
Білімділік:Балаларды мақал мәтел айта білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бейнелі суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Л дыбысын буындарда айтқызу .
ІҮ. Жаңа сабақ.
Тақырыппен таныстырамын:
Балалар бүгін біз мақал мәтелдерді айтып үйренеміз. Мақал мәтел ол қысқа да нұсқа жазылады, адамды әдептілікке, тазалыққа, мейірімділікке, ақылға, білімділікке шақырады.

Мақал мәтелдерді жаттау.

Ақылды адам ерінбейді.

Ашу- дұшпан ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Ақылдан жақын дос бар ма?

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.


Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:қызықты, көңілді..

Қимыл-әрекет:бару, қыдыру, көру, тойлау.

Зат:адам, білім, дос .

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Л дыбысының айтылу артикуляциясымен танысамыз

Л дыбысын айтқан кезде тілімізді тістердің арасына қойып, тістеп айтамыз..

Р дыбысын сөз ұйқастарда айту.

Ла ла ла мыну әсем қала.

Ло ло ло біз ойнадық лото

Лу лу лу қыздың аты Луиза

Ли ли ли мынау сары лимон

Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын
ҮІІ. Ойын:«Есте сақта және ата»

Балаға карточкалы суреттер ұсынылады. Бала соларды атап және есіне сақтап атауы керек. Тапсырма орындалғаннан кейін оны күрделірек етіп қатарымен жаттау керек екендігі айтылады.



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма Мақал мәтел жаттау.

Сыныбы: 3 «Д »



Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар.

Мақсаты:
Білімділік:адамдардың еңбегіне қарап мамандықтарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мамандық иелері бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

З дыбысын сөздерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Балаларға жұмбақ жасыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Жұмбақтар .

Түрі жылқы бейнесі,

Жолақ жолақ жейдесі. Зебра.

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. Аяз.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. Қоян.

Тұяқпен тас атқылап,

Таудан түсті шапқылап. Өзен.


Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу



Белгілер:қызықты, көңілді..

Қимыл-әрекет:бару, қыдыру, көру, тойлау.

Зат:Астана күні, Білім күні, айт, Балалар күні, Жаңа жыл .

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Л дыбысын сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айта білуге дағдыландыру.

Л дыбысы сөздерде.

Бала, қала,аула, ықылас, лақ, дала, балапан, жайлау, алақан, ойла, айдала, құлан, халық, балық,ұлым, алыс, байлық, қызыл, ақыл, салық, құлын.

Л дыбысы сөйлемдерде.

Гүлсім гүл екті. Гүл жайқалып өсті. Елтай құлын ұстады. Қаламқас далада ойнап жүр.Доп домалады. Құлан құлын сияқты. Елтай балық аулады. Олжас Гүлжанға орамал сыйлады. Балалар футбол ойнады. Бүлдүршіндер бүлдірген терді. Оқушылар аулаға гүл отырғызды.



Сергіту сәті

Шарсасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын
ҮІІ Ойлан тап! Мақалдарды толықтырып жаз.

Білім арзан, білу_______________

Ойнап сөйлесең де, ____________

Күннің шуағы жылы, _____________

Олақ өзіне сенсе. Өнерлі ___________

Отан - _________ да ыстық



ҮІІІ.Қорытындылау: сұрақ жауап арқылы.

ІХ. Үйге тапсырма

Жұмбақтарды жаттау.



Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі.

Мақсаты:
Білімділік:жануарлар түрін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Дүниетанымын кеңейту,жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр түрлі жануарлар бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Л дыбысын сөздерде айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Балалар жануарлар сүтқоректілер, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар болып бөлінеді . Сүтқоректілерге үй жануарлары жатады, ал басқалары жабайы жануарларға жатады. Жабайы жануарлар қорегін өздері ізднп табады, жауларынан қорғанады. Олар өздеріне арнап тұрақ жасайды, көбейеді және балаларын қорғайды.

Үй жануарларын адамдар өсіреді, қолға үйретеді, қоректендіреді, қорғайды. Оларға қора салады және төлдеріне қамқор болады.

Жануарлар әртүрлі азықпен қоректенеді. Олардың кейбіреулері тек ағаш жапырақтары және шөптермен қоректенеді. Оларды шөпқоректілер дейді. Оларға бұғы, ақбөкен, ешкі, қой, түйе сиыр тағы басқалар жатады.
Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу

Белгілер:үлкен, кіші, ақ, қара, жасыл..

Қимыл-әрекет:сауу, ішуі бағу, салу,төлдеу.

Зат:төрт түлік, жылқы түйе, сиыр, қой, ешкі, қора сүт , қымыз,тісті .

ҮІ. Дыбыспен жұмыс:

Балалар бүгін біз Ң дыбысының айтылу артикуляциясымен танысамыз

Ң дыбысын аузымызды ашып, тіліміздің түп жағын таңдайға тигізіп ң ң ң дыбысын айтамыз.

Ң дыбысын айтқанда ауа мұрыннан шығады.



Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз,

Келіп көлге қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз

Қайта самғап ұшамыз

ҮІІ. Ойын: «Есте сақтап атап шық»

Балаға сөздер ұсынылады. Бала соларды есту арқылы есте сақтап кейін қайтадан айтып

беруі тиіс.

ҮІІІ.Қорытындылау:


  • Жануарлар тобын атаймыз?

  • Үй жануары мен жабайы жануардың айырмашылығы қандай?

ІХ. Үйге тапсырма

Ң дыбысының айтылу артикуляциясын қайталау.


Сыныбы: 3 «Д »

Пәні: логопедиялық сабақ

Айы: _________________ Апта: ___________ Күндері:_________

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі.

Мақсаты:
Білімділік: жануарлар туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:жануарларды қорғай білуге үйрету..
Көрнекілігі: әр түрлі жануарлар бейнеленген суреттер.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию»-Ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

«Күрекше»-Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде.

«Сағаттың тілі»-ауыз ашық, тілді оңға солға қозғалту керек.

«Түтікше»-ауыз ашық, тілдің шеттері көтеріңкі.

. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ң дыбысының айтылу артикуляциясын қайталау.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Жануарлар әртүрлі азықпен қоректенеді. Олардың кейбіреулері тек ағаш жапырақтары және шөптермен қоректенеді. Оларды шөпқоректілер дейді. Оларға бұғы, ақбөкен, ешкі, қой, түйе сиыр тағы басқалар жатады.

Басқа жан ажнуарлардың етімен қорекенетін жануарларды жыртқыштар дейміз Оларға: қасқыр, түлкі, барыс, жолбарыс жатады.

Өсімдіктерді де, жануарларды да жей беретін жануарларды талғаусыз қоректілер дейміз. Оларға: аю, борсық т. б. жатады.


Ү.Сөздік қорын молайту бойынша жұмыс жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет