Сабақтың тақырыбы М. Әуезов «Көксерек»



бет5/5
Дата25.12.2021
өлшемі27,84 Kb.
#105214
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0012f508-01d7dd84

Шығармашылық жұмыс:


 

1.Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту.

2.Қасқыр туралы қысқаша мәлімет.





Әдеби шеңбер «Сізден сұрақ-бізден жауап» әдісі

1.Талқы себептері: «Көксерек» шығармасының мазмұны,сюжеті,авторы бойынша сұрақтар қою.

2.Белгілеуші: Шығарманың қай бөлімі маңызды екенін дәлелдеу.

3.Байланыстырушы: Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын табыңыз.

4.Қорытындылаушы: «Көксерек » шығармасында көтерілген мәселені қорытындылаңыз.





 Қорытынды:

7.Ұтымды жауап (Тест әдісі)

1. “Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты”, -деп басталатын сөйлем қай бөлім-

де айтылады? а) Үшінші б) Екінші

ә) Бірінші в) Төртінші

2. Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?

а) 4 ә) 5 б) 2 в) 3

3. “Көксерек” әңгімесінің авторы?

а) А.Байтұрсынұлы б) Ж.Аймауытұлы

ә) Ж.Жабаев в) М.Әуезов

4. Өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы төбет?

а) Көксерек б) Ақ қасқыр

ә) Аққасқа в) Көк шолақ

5. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

а) Ауылда б) Қой бағып жүргенде

ә) Серуендеп жүргенде в) Әдейі іздеп шығады

Дискриптор:

1.Шығарманың мазмұны желісінде сұрақ құрастырады.

2.Қиын және дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады.

3.Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын ашып көрсетеді.

4.Шығармадағы қай бөлімнің маңызды екенін атап айта алады.

5.Шығарманы өз сөзімен әңгімелейді.

6.Оқушылар диалогқа түсіп,сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп,сыни пікір айтады.

Кері байланыс:

1.Сабақта қандай сұрақтар қиындықтар туғызды?

2.Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

3.Сабақтан кейінгі әсерлерің қандай болды,ұтымды жақтары болды ма?



Сабақта не сәтті өтті?


Не сәтсіз өтті?

Нені үйрендім?

Қандай табысқа жеттім?

«Жетістік баспалдағы » әдісі

Оқушыларға сұрақтар беріліп, сұрақтарға жауап алынады.Сабақтың мақсаты айқындалады.

Сұрақтар:

1.М.Әуезов туралы не білдіңдер?

2. «Көксерек» әңгімесі қай жағымен қызықты.

3. Көксерек қандай болып өсті.

4.Көксеректен ауылдағылар қандай зардап шекті.

5.Аққасқырмен Көксеректің байланысы.

6.Көксеректің соңғы әрекеттері.

Бағалау: Оқушыларды топ басшысы бағалау критерилері арқылы бағалайды.

Жалпылама бағалу: топты жеке оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы: «Менің сүйікті жануарым» ой толғау жазып келу.



 

 

 



 

 





Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі. Қысқаша айтқанда,Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

Тілші:

Тіршілік иесіміз бәріміз де,


Өмір сүруге құқылымыз әлі біз де,
Сақтайықшы табиғат заңдылығын 
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Жер-Ана-бәріміздің ортақ үйіміз. Ол барлық тіршілік атаулыға жетеді. Сыйласып, сыйысып, тату өмір сүрейік ағайын! Эфирде келесі кездескенше, сау болыңыздар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет