Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Елім барда", "Анау-аспан, мынау-бақ" Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығын таныстыру,"



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі24,64 Kb.
#80516
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
қмж елім барда

Сабақтың барысындағы іс-әрекет

Ресурстар










Стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті










Психологиялық тренинт
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану

Топтастыру
Жүйрік сұрақтар
Кім көп біледі?
Сатылай талдау
Үш жақты күнделік
Топтастыру

"Жылы жүрекпен..."тренингі. Оқушылар бір-біріне қарап, алақандарын бір-біріне тақап, жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді. сабақтың өтілуі туралы ұсыныстарын айтады.
Сабағымызды бастамас бұрын ақиық ақынымыз, қазақтың мұзбалағы Мұқағали ағамыздың халқын, тілін, Отанын бақытына балаған "Үш бақытым" өлеңімен класс оқушыларын үш топқа бөлеміз. Олай болса, мына қима қағаздарды біріктіріп, Ең бірінші бақытым-Халқым менің -деген жолды құрастырғандар І топқа, Ал, екінші бақытым- Тілім менің деген ІІ топқа, Бақытым бар үшінші Отан деген - ІІІ топқа бірігеді.
Өткен сабағымызда біз драматург, ақиық ақын, қазақтың мұзбалағы, ғасыр ақыны атанған Мұқағалидың өмір жолымен, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай болған "Қара өлең", "Қайырлы түн"өлеңдерімен танысқан болатынбыз.
Алдымен ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен жазылған " " өлеңін тыңдайық.
Оқушылар, біз бұл өлеңнен нені түсіндік? көз алдымызға не елестеді?
Ия, Мұқағали мұрасы- маржан поэмасы болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы деп Зейнолла Серікқалиев айтқандай ақынның әдебиет өнеріне қосқан үлесі қандай екеніне,оның жырға, өнерге толы өміріне, өлеңдеріне шолу жасайық.
Ақынның өмір жолы туралы кім айтады?
Жер-Ананың құдіреттілігін жырға қосып, бейбітшілік пен тыныштықты аңсаған ақын жүрегінен шыққан "Қайырлы түн" және өлеңнің алтындығы мен сөз өнерінің бағалылығын осы "Қара өлеңі" арқылы көрсете білгенін түсіндік.
Олай болса, тақтаға суреттердің артындағы сұраққа жауап беру арқылы ретімен орналастырайық.
1. Мұқағали Мақатаев кім?
2. Ақын қай жылы, қай айда, қай жерде дүниеге келді?
3. Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
4. "Қайырлы түн", "Қара өлең" өлеңдерінің негізгі идеясы қандай?
5. Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?
6. Ақынның өлеңдері қазіргі таңда көпшілікке танымал әнге де айналуда. біздер ақынның қандай әнін білеміз?
7. Ақын талантына, мінезіне туған жер табиғатының әсері болды ма?
Бұл суреттен біз нені көріп тұрмыз.?
Дұрыс айтасыздар, оқушылар. біз қазақтың кеңпейіл, дарқан даласын, ашық аспанын көріп тұрмыз. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінен туындаған "Елім барда" және "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңі.
Алдымен жаңа сабаққа көшпес бұрын, дәптерімізге күн жадын, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық.
Қара өлеңнің қаймағын тамызып, жүрегі елім деп соққан ақынымыздың "Елім барда" өлеңінің алдымен мен бір шумағын оқып беремін, әрі қарай оқушылар өзіміз тізбектеп оқимыз.
- Яғни, бұл Елім барда өлеңінде ақын нені жырына арқау еткен?
- негізгі идеясы қандай?
"Анау-аспан, мынау- бақ" өлеңін тізбектеп оқып шығайық.
- ал,бұл өлеңнен нені түсіндік?
-Қай жыл мезгілі суреттелген?
-Біз осы өлеңді оқыған кезде тағы басқа осындай табиғат лирикасын жырлаған қай ақынның,қандай өлеңі есімізге түсті.
Дұрыс айтасыздар, қазақты бүкіл әлемге таныта білген, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың "Қыс" өлеңі есімізге оралады. Қане, бұл өлеңді бізге кім айтады екен? қысты Абай атамыз кімге теңеген? ал, Мұқағали ақынымыз ше?
Дұрыс айтасыңдар, Абай атамыз қысты ақ сақалды қарияға теңесе, Мұқағали ақынымыз ақ халатты, абзал жанды, жанымыздың арашашысы дәрігерге теңеген.
Оқушылар сіздерге, бүгінгі өткен тақырып бойынша тапсырмалар беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет