Сабақтың тақырыбы: «Малды пайдаға жарату»



бет2/2
Дата19.12.2016
өлшемі0,52 Mb.
#4161
түріСабақ
1   2

Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?

Сен жапырақтардын бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырагы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен түйген түйіндерін анықтап алып балаларды мадақтау сөзбен мадақтаймын.
Ү. Үйге тапсырма беру:

Күзгі көріністерді бейнелеу.


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Тақырыбы: Орман патшалығы.

Мақсаты: Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу

Көрнекілігі: табиғи материалдар

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ойларымен бөлісіп, үй тапсырмасын тексеріп алу.


ІІІ . Өткенді қорыту:

Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз?

Қайшыны қалай ұстаймыз?

Жұмыс соңында не істейміз?

Ине мен түйреуішті не істейміз?
ІҮ. Мақсат қою:

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу
Ү. Жаңа сабақ.

Ағаш бүршіктерінен мүсіндер жасау.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Жеке-жеке оқу.

Суретке қарап зерттеу, ермексазбен құрамақтардың бөлшектерін біріктіру.
ҮІ Практикалық жұмыс

1) Құрамақтардың бөлшектерін біріктіру

2) Құрамақтардың бөлшектерін желімдеу, схемасын құру

3) Заттарды құрастырып, безендіру


ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Табиғи материалдардың бөлшектерін жинастыру


ҮІІІ. Үйге тапсырма:

9-11 бет оқу, бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру. Ермексазбен біріктіру .

Мақсаты: Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу

Көрнекілігі: табиғи материалдар

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ойларымен бөлісіп, үй тапсырмасын тексеріп алу.


ІІІ . Өткенді қорыту:

Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз?

Қайшыны қалай ұстаймыз?

Жұмыс соңында не істейміз?

Ине мен түйреуішті не істейміз?
ІҮ. Мақсат қою:

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу
Ү. Жаңа сабақ.

Ағаш бүршіктерінен мүсіндер жасау.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.

Жеке-жеке оқу. Суретке қарап зерттеу, ермексазбен құрамақтардың бөлшектерін біріктіру.

«Шыбынжұт» жасауға қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру; ермексаз, қайшы, ПВА желімі.
ҮІ Практикалық жұмыс

1. Күнбағыстан шыбынжұттың қалпағын ою;

2. Қатырма қағазы қолы мен аяғын ою

3. Мұрны мен көзіне лайықты материал таңдау.

4. Бөлшектердің барлығын бүрге желімдеу

5. Құрамақты безендіру.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Табиғи материалдардың бөлшектерін жинастыру


ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Оқу, бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың назарын аудару

Психологиялық дайындық


ІІ. Үй тапсырмассын тексеру

8-жаттығу Өзің ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысын қай кезде, қалай қолданылатыны туралы әңгімеле.


ІІІ.Жаңа сабақ

Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.

Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік. Ауызекі сөйлеу ерекшеліктері. Дауыс күші, сазы - ауызекі сөйлеудің мәнерлеуші құралдары. Ауызекі сөйлеу кезіндегі дене қимылы және ым. Жазба тілде сөйлеудің ауызекі сөйлеуден өзгешілігі.

Алғыс айту. Танысу кезінде қолданылатын сөздер. Пікірталас кезіндегі сыпайылық: «меніңше, менің ойымша, солай деп ойлаймын» және т.б. сөздерді қоддану. Телефонмен әңгімелесу.


Оқулықпен жұмыс:

9-10-11-жаттығу Ауызша жұмыс жасау


12-жаттығу (дәптерге)

Жұмбақ


Он көзі бар өзінің

Н цифр бар көзінде

Көзіне саусақ саласың

Жапырақтан хабар аласың


Өз бетімен жұмыс

Жұмбақты оқып, шешуін табу


13-14-жаттығу

Ауызша орындау

Жауаптардың қайсысы дұрыс?

Сурет бойынша әңгіме құрау


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

Не себепті олай ойлайсыңдар?

Осы уақытқа дейін қазақ тілі сабағынан не үйрендік?


Ү. Үйге тапсырма беру

15-жаттығу 8-бет Сурет бойынша әңгіме құрау. Ереже жаттау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У дыбысы дауыссыз және дауысты болып айтылуы.

Сабақтың мақсаты:

У дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың назарын аудару

Психологиялық дайындық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

15-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау.

Балалардың барлығынан сурет бойынша құрған әңгімелерін сұрап және оларды тақтаға шығарып рөлге бөліп ойнатып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
ІІІ.Жаңа сабақ

У дыбысы дауыссыз және дауысты болып айтылуы.

А)У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз екенін білу
Ә)Тапсырмалар

*Жұмбақ , есіңе сақта!

Жұмбақ, дауысты, дауыссыз, буын, үш жалқау
*Өлеңдегі көп нүктенің орнына у дыбысын қою, артығын тап, уылдырық сөзін талдау, мәтінге ат қою,
*Есіңде сақта!

У дыбысын көп нүктенің орнына қою, құрамында у дауысты болатын заттың атауын тап, сөздерді топтастыру, мәтінді және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау


Оқулықпен жұмыс

16-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазу

Сүрлеу


Апарады тауға да,

Апарады бауға да.

Әкеледі қайтадан

Туып өскен ауылға

У дыбысы бар сөздерді буынға бөл.

У дыбысы қай сөзде дауысты қай сөзде дауыссыз екенін айт және түсіндір.


17-жаттығу

Фигура түсіне қарай сөздерді топтастыру. Өз бетімен жұмыс


Есте сақта!

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады. Мысалы: әуе, Зәуре, уақыт.


18-жаттығу

Ребусты шешу


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Сабақты өткен сұрақтар бойынша балалардан жауап алу мақсатында, сабақты қорытындылаймын.


Ү. Үйге тапсырма беру

19-жаттығу «Жайлауда» тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болуып айтылуы.

Сабақтың мақсаты: У дыбысының дауысты болуына назар аударту.

Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөле білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың назарын аудару

Психологиялық дайындық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

19-жаттығу «Жайлауда» тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.


ІІІ.Жаңа сабақ

У дыбысының дауысты болуып айтылуы

20-жаттығу

(өлеңді оқып, у дыбысы бар сөздерді буынға бөлу)


Өздік жұмыс

21-жаттығу

(өлеңді жатқа жазып, у дыбысын бар сөздердің астын сызу)
ЕСТЕ САҚТА!

Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сурет, керуен, улап-шулап, ушықты


Шығармашылық тапсырма

22-жаттығу

(сөздерді мағынасына қарай топастыру)

Заттың аты: сусын, сауысқан, сатушы, бауыр, саумал,қурай

Заттың сыны: зәулім, тәуір,

Заттың саны:елу, елуінші

Қимыл атауы: қыдыру, келу, сапыру, кесу
23-жаттығу

СӨЗДЕРДІ БУЫНҒА БӨЛІП ЖАЗУ

ЖАЙЛАУ, БАУЫР, ОТАУ, ЕЛЕУІШ, ТӘУЛІК, УАҚЫТ, УЫЛДЫРЫҚ,УЫЗДАЙ

Дәлелде:

У....дауыссыз, өйткені дауысты дыбыстан кейін келіп тұр
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Ребусты шешу

«Туған жер»
Ү. Үйге тапсырма беру.

24-жаттығу. Ережені оқу, у дыбысы бар сөздерді жазу

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У дыбысын қайталау

Сабақтың мақсаты:

У дыбысының дауыссыз болуына назар аударту.

Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөлуге және сөздерді қатыстырып сөйлем құрай білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың назарын аудару

Психологиялық дайындық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

24-жаттығу. Ережені оқу, у дыбысы бар сөздерді жазу


ІІІ.Жаңа сабақ

У дыбысын қайталау


ЕСТЕ САҚТА!

*Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуе, Зәуре, уақыт

*Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сурет, керуен, улап-шулап, ушықты
Оқулықпен жұмыс

25-жаттығу

(өлеңді мәнерлеп оқып, салыстыру) ЖАУЫН ЖАУДЫ.

Жауын алады. ------------- көзді қуантады

Жауын жауады.///////////// жаңбыр жауады
26-жаттығу

(берілген сөздерге у әрпін қосып жазу)

Қу-қуу, жу-жуу, бу-буу, сау-сауу, жау-жауу
Өз бетімен жұмыс

28-жаттығу

(у дыбысы бар сөдерді көшіріп жазып, дауысты у әрпінің астын бір рет, дауыссыз у әрпінің астын екі рет сызу)
ІҮ. Сабақты қорытындылау

У дыбысы бар сөздерге ауызша талдау жасап өту.

СУЫР, ЖАЛПАҚТАУ, СУЫРДЫҢ, САРҒЫШТАУ,СУЫР, БАЛАУСА, АУЛАЙДЫ, СУЫРДЫҢ.
Ү. Үйге тапсырма беру

27-жаттығу (сөздерді қатстырып сөйлем құрау). Ереже жаттау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – біздің Отанымыз!

Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп оқуға ,талдай білуге үйрету.

Сөйлем, сөз туралы алған білімдерін пысықтау,жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: дүниетану


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару.


II.Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?

-Жаттығуды қалай орындау керек еді?

- Сөйлем деген не? Сөз дегеніміз не?

Еске түсірейік. Өте жақсы- Ендеше, кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Сергіту сәті


IҮ. Мақсат қою кезеңі

Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.


Ү. Жаңа сабақ

Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

1.Сөйлем неден тұрады?

2. Сөлемдегі сөздер өзара байланыса ма?

3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

4. Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Мәтінді оқу. мақал : Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас.

Біздің Отанымыз Қазақстан

-Иә, балалар, бүгін біз сабағымызда Қазақстан туралы білімімізді тиянақтаймыз.

Елтаңбада не бейнеленген? Нені білдіреді? (біртүтастықты, бірлікті білдіреді).

Сенің туған жерін?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан елордасы қай қала?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

-Өте жақсы, балалар.

ҚАЗАҚСТАН

Тэуелсіздік күні 16 желтоқсан 1991 жылы

Ата Заңымыз 30 тамызда

*• 1991 жылы Т.Әубэкіров ғарышка үшты

1995 жылы Рэміздер 1992 жылы жоғары кеңес
- Қазақстан жері кең-байтақ. Батыстан Шығыска қарай 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 км жерді алып жатыр. Жалпы жер көлемі -2700 мың шаршы км асады. Қазақстанда облыстардың күрылуы 1932 жылдан басталады. Қазақстанда 6 облыс бар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Актөбе, Алматы облыстары. Қазакстанның жері кенге бай. Қазақстан Республика жерінде 17 млн. халық түрады. М.Мақатаевтың «Отан» .

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлің сүйем.

Мен оның қүдіретті үнін сүйем

Бар жэндігін сүйемін қыбырлаған.

Бэрі маған «Отан» - деп сыбырлаған

Отан, Отан!

Бэрінен биік екен,

Мен оны мэңгілікке сүйіп өтемін.

-балалар, біз бәріміз білеміз, біздің еліміздің өзінің таңдап алған жолы бар. 2030 даму стратегиясы бар. Онда Сіздерге қатысты не бар? Не туралы айтылған?

Сапалы білім алуға

Отанды сүюге

Шақырады

салауатты өмір салтын насихаттайды

білімді, тәртіпті болуга шақырады

үлкенді сыйлауга шақырады


Ү. Сабақты қорытындылау

Тест жұмыстары.

1. «Отан» дегеніміз не?

А) адамның туып-өскен жері э) үнайтын мемлекет.

2. Отанды сүю қажет пе?

а) қажет ә)кажет емес

3. ҚР жері қандай?

А) үлан байтақ э) кішкентай

4. ҚР тэуелсіздігін қашан жариялады?

А)1990ж. " ә)1991 ж.

5. ҚР рэміздері қатарын көрсет.

А) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы. э) ту, елтаңба, энүран.

6. Қазақстанның президенті кім?

А) Н.Э.Назарбаев э) Абай

7. мақалды аяқта:

Отансыз адам - ...

А) ормансыз бүлбүл э) сусыз гүл
-Сонымен, балалар, біздің еліміз қандай ел?

-Қазақстан респубикасы

-Мемлекеттік тілі қай тіл?

- Қазақ тілі

Бағалау:

Сөз дыбыстардан құралады.Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз, жазамыз
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Отан туралы әңгіме құрастырып айту.


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: логика әлемі

Сабақтың тақырыбы: Баланың даму деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үлгідегідей жаза отырып, заттардың ұқсастықтары, бойынша ретімен орналастыра білуге дағдыландыру. Логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы « Басты шайқау»

«Жалқау сегіздіктер
Ширату.

Бүгін аптаның қай күні?

Аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?Тағы қандай жыл мезгілдерін білесің?

Көзіңді жұмғанда не көресің?
Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 Саусақпен жүргізбей тек көзбен қарай отырып, сызықтың аяқталған жерін табу.

Жауабы: 1-4,2-3,3-6, 4-5, 5-1,6-2 1-5,2-2,3-4,4-6,6-1
№2 Әр қатардан артық сөздерді табу. Түсіндіру. Сағат, минут, түн, секунд. Түн уақыт бірлігіне жатпайды.
Көңілді үзіліс.

Көгілдір аспанда күлімдеп,

Ғарышкер зымырап барады.

Ал төменде орман, алаң

Жерге кілемдей төселді.

Қимылмен жасау.


№3 Төртбұрыштың екеуі бірдей және екеуі әртүрлі болатындай етіп бояу.

Жауабы: ерік- берік , серік, керік

Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
№4 суретті қарау,цифрғасәцкес пішіндердің суретін салу.
№5 есепті шығару.

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қызықты грамматика

Пәні:Қызықты грамматика.

Сабақтың атауы: Сөйлеу мәдениеті

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.

Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру

Сабақтың түрі: практикалық

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.

Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік:көңіл – күй,бағалау
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!
Жаңа сабақ

Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.

- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.

- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Өткенді қайталап, еске түсіру

- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.

Ситуациялық жағдаяттар

1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )

2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)

3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi,

Орнымыздан тұрып алып. Жүгiрейiк бiр уақыт,

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық, Тым сылбыр да болмайық.

Алға қарай озбайық, Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс
Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.

Түйіндеме: Тамаша! Жарайсыңдар! Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап беріңдер және әжеге көмектерің де тиді.

Сабақты бекіту.

Топтық жұмыс.

Ойын ойнату.
Сабақты қорытындылау

Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».

Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.

1 - топ - сыйластық.

2 топ - кішіпейілділік.

3 топ - инабаттылық

Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады


Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0dff
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dff -> Сабақ түрі: аралас сабақ. Сабақ әдісі: сұрау жауап түсіндіру
0dff -> Сабақтың тақырыбы: «Уақыт» 5 «А» сынып. Сабақтың мақсаты
0dff -> Мысықтар туралы: Үй мысығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет