Сабақтың тақырыбы: Масса және денелердің массасын өлшеу Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі478,9 Kb.
#94538
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
7 сынып - масса және дененің массасын өлшеу

2. Мақсаты: Таразы түрлерін пайдаланып массаны өлшеу.
а) Сурет арқылы дененің массасын анықтаңдар: 

ә) Мектеп таразысын пайдаланып, келесі денелердің массаларын анықтаңдар:
а) мата қиындысын
ә) бұршақтың
б) қаламның
в) өздеріңді қызықтыратын басқа денелердің.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Таразы түрлерін пайдаланып, заттың массасын таба алады.

  • Сурет арқылы есептей отырып дененің массасын анықтады

  • Иінді таразының тепе-теңдік күйін бақылады

  • Денелердің массасын табу үшін таразы түрлерін дұрыс пайдаланды


4. Есепті шешіңдер:
Мақсаты: Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығының оның массасына тәуелділік қатынасын пайдаланып, есептер шығару

Коньки киген екі бала бір-бірін кері итеріп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 4 және 5 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 30кг. Екінші баланың мссасы неге тең?




Бағалау критерийі

Дескриптор

Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығы оның массасына тәуелді қатынасын пайдаланып , есеп шығара алады.

  • Есептің шартын жызды

  • Формуланы дұрыс пайдаланып талдады

  • Есептеулерді дәл жүргізді



  1. «Ақылды данышпан» әдісі

Мақсаты: Иінді таразыларды түрлі жағдайларда пайдалану
Логикалық сұрақтар:

  • Таразылардың ішінде сынық, табақшалары теңгерілмейтін таразы тап болды. Бір оқушы: «Егер құм болса, мен дененің массасын осы таразы арқылы нақты өлшей аламын»,-деді. Ол нені ойлап тапты?

  • Мектеп таразысы арқылы сұйықтықтардың массасын қалай өлшеуге болады? Олар аққыш қой. Өз ойыңызды ұсыныңыз.

  • Сізге конструктордан құрастырылған ойыншық машинаның массасын өлшеу қажет, бірақ ол машинаның массасы мектеп таразысының өлшеу шектігінен артық (200 г). Қалай өлшейміз? (басқа таразы жоқ)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Иінді таразыларды түрлі жағдайларда пайдалана алады.

  • Таразы табақшалары теңгерңлмеген жағдайда таразыны пайдалана алды.

  • Мектеп таразысын пайдаланып, сұйықтықтардың массасын өлшей алды

  • Массасы таразы шектігінен артық заттарды сол таразы арқылы өлшей алды.



1 тапсырма: Тәжірибе жасап, неліктен екі арбашаның жолы әртүрлі болғанын түсіндіреді. Масса ұғымын түсіндіреді.


2 тапсырма: Килограмм эталонына, масса өлшем бірлігіне сипаттама береді


1 т = 1000 кг; 1 г = 0,001 кг;
1 кг = 1000 г; 1 мг = 0,001 г;
1 кг = 1000000 мг; 1 мг = 0,000001 кг.


3 тапсырма: Таразының түрлері туралы айтады. Таразы арқылы массаны қалай өлшеу керектігін түсіндіреді.





Оқушылар бір-бірін «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалайды:
-Сәтті жақтары;
Сындарлы сын;
Болашаққа коментарий



Арбашалар,жүктер, жіп, сіріңке, өлшеуіш таспа

флипчарт,


дүние жүзі картасы, кір тастар.

Мектеп таразысы (200г), электрондық, серіппелі таразы, таразы түрлері бейнеленген слайдтар, кір тастар.



Таразылар, кір тастар, өлшенетін әр-түрлі заттар

Сабақтың соңы


5мин




1.Физикалық диктантты аяқтау.
Сабақтың басында толтырған физикалық диктантта толтырылмаған бөліктерін толтыру.
2.Рефлексия
Бүгін мен сабақта ... білдім. (не туралы?)
Енді мен ... білемін (не істей аламын?)
Бүгін сабақта ... қызықты болды. (не?)
Бүгінгі сабақта алған білімім ... қажет болады. (неге?)




Стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет