Сабақтың тақырыбы: «Математика әлемі»



Дата25.08.2017
өлшемі63,49 Kb.
#26166
түріСабақ
Жұмабай Балнұр Нарқозықызы

Алматы қаласы.

№122 мектеп

Математика пәнінің мұғалімі.



Сабақтың тақырыбы: «Математика әлемі»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға логикалық, викториналық т. б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сабақтан тыс «математика әлемінің» есептерін шығарту

Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, карточкалар, тақта, плакатқа жазылған есептер жиыны

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар, математикалық эстафета ойынымызды бастайық. Бүгінгі эстафеталық ойынымызды «математика әлемі» деп атап отырмыз, Осы сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін! «Математика әлемі» эстафеталық ойын сабағы 5 кезеңнен тұрады.

1. Екі топтың танысуы:
Әр топтың аты, ұраны болуы керек (5 ұпай)

2. «Жекпе – жекке» шақыру. Топ басшыларын жарыстыру

3. Ойын түрлерін өткізу. Эстафеталық жарыстар арқылы екі топ жарыса бара, тақтада дайын тұрған есептерді шешу арқылы қайта жарысып орындарына келу керек

4. «Бәйге» сайысы. Жұмбақ, мақал – мәтелдер айту сайысы

5. Әділқазы алқасына сөз, қорытындылау
Мұғалім: Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тілінде, есеп шешіп жарысып, жұмбақ шешіп аңдысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін математикалық эстафетаға «Қош келдіңіздер!» Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы эстафетаға қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.

Сәт - сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.
Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың екі топтың бір – бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:

І. Кезең: Командалардың амандасу рәсімі.

Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.
Топтардың сәлемдесуі: Әр топ өздері дайындап келген таныстыруларын және ұрандарымен таныстырады.

ІІ. Кезең: «Жекпе - жекке» шақыру.

Топ басшыларын ортаға шақырамыз: Мына есепке ойланып кім бірінші жауап берсе, сол басшы өз тобына 10 ұпай жеңіп береді.

1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? 

Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 

Шешімі: Жанат - ұзын

3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?  Жауабы: Медет



4. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады? Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л

ІІІ.Кезең: Эстафеталық ойындар!
Мұғалім: 1 - эстафеталық ойынның шарты: Тақтадағы «математикалық әлем» карточкаларын таңдап алып, сол карточкадағы есептерді шешулерің керек. Эстафеталық ойын шарты бойынша допты 1 - мәреден жерге ұрып отырып, екі топ жарыса 2 - мәреге жарыса жүгіреді, жетісімен тақтада жазылып тұрған есептерді шеше сала қайта өз тобына жүгіруі қажет. Қай топ 1 - болып аяқтаса, сол топ 1 - болып саналады.(Маркер қолдану).
Тақтадағы карточкаларда есеп .

  • Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Жауабы: 2 сағ.

  • Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40 шақырым

  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? Жауабы: 4 мин.

  • 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? Жауабы: Тең

  • Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Жауабы: Алмұрт

  • Бір айда 5 жексенбі бола ма? Жауабы: болуы мүмкін

  • Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? Жауабы: үш

  • Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? Жаауабы: 220 кг

  • Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? Жауабы: 4 рет

  • Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? Жауабы: Айгүл

  • Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? Жауабы: 1 пұт

  • Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

  • Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

  • Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

  • Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

  • Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?  Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат

  • Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

  • Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?  Жауабы: екі сағат

  • Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?  Жауабы: шырпы

  • Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?  Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
    2 - Эстафеталық ойын. Есептеңіз, мәндерін өсу ретімен орналастырыңыз

7500*8001+8001*3500= 8001*10 000

99-97+95-93+91-92+...+7-5+3-1 =0

1+2+3+...+52+53+54=27*55=1485 1485/3=495

5+5*4+5*4*3+5*4*3*2+5*4*3*2*1=325

0+1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12+13+14=105
Тақтадағы есеп:№2
1-топ
а) 44/4=
б) 4444/44=
в) 44444/44=
2-топ
а) 55/5=
б) 5555/5=
в) 55555/5=

ІV.Кезең: Эстафеталық ойын
Келесі эстафеталық ойын.Тақтада ілініп тұрған логикалық тапсырмаларды алу арқылы ойыншылар есептерге жауап береді. Оқушы орнына барғаннан кейін келесі ойыншы секіріп барып жауап береді, осылай команданың барлық мүшелері сұрақтарға жауап береді. Бірінші болған және дұрыс жауаптары көп болған команда жеңіске жетеді.
1 – сұрақ: Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69, 619, 88)
2 – сұрақ: Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (Түйеқұстар ұшпайды).

V.Кезең: Әділқазы мүшелері қорытынды бағаларды айтып, жеңімпаздарды марапаттайды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет