Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойындар Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата20.10.2023
өлшемі19,68 Kb.
#187083
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Математикалық ойындар 4 сынып
10 сынып 0 - 1 вариант

Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 4 «Б» класс оқушылары арасында өтетін «математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1.Алғырлар тобы
2.Білгірлер тобы
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет