Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойындар Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата20.10.2023
өлшемі19,68 Kb.
#187083
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Математикалық ойындар 4 сынып
10 сынып 0 - 1 вариант
Мұғалім:
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Сайыстың жоспары:
1.Бәйге.
2.Көкпар
3.Ребустар шешу.
4.Жұмбақтар сайысы.
5.Сиқырлы шаршылар.
6. «Кім байқағыш»
Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып ал жас қырандар “ Бәйге “ кезеңін бастаймыз .Бұл кезеңге сұрақтар беріледі.Әрбір команда кезекпен кезек сұрақтарға жауап қайтарады.Егер де жауаптары дұрыс болмай немесе жуаптары болмаса келесі команданың жауап қайтаруына болады.
«Алғырлар» тобына
1).Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2). Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
3) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (ата,әке,немере)
4) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (2)
5) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды.(тік бұрыш)
6) Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3 алма)
7) Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)
 «Тапқырлар» тобына
1). 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
2). 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
3) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар.Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)
4)Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші
жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды
өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен
қалдыра алмайтыны белгілі болса? 
5) Анар,Қарлығаш және Жанар математика пәні бойынша бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрады.Ол былай жауап берді: «Өздерің анықтап көріңдер.»Ешкім «екілік» алмады және үшеуіннің бағаларын үш түрлі.Анар «3» алған жоқ,ал Жанар «3» те, «5» те алған жоқ. Кім қандай баға алды? (Анар «5», Жанар «4», Қарлығаш «3»)
6)Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді.Оның әр аты неше шақырым жүрді?
7) Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет