Сабақтың тақырыбы: Мәдени іс-шараларды өткізу және дайындау әдістемесі. Тест сұРАҚтары



Дата06.01.2022
өлшемі20,83 Kb.
#109697
түріСабақ
Байланысты:
05.04.2021 ж. Оқу практикасы Білім алушының таңдауы бойынша практика.т


Күні: 05.04.2021 ж.

Топ: 3-фс-1

Оқытушы: Ойратқызы С.

Пән атауы: Оқу практикасы «Білім алушының таңдауы бойынша практика».

Сабақтың тақырыбы: Мәдени іс-шараларды өткізу және дайындау әдістемесі.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі

А. Дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу

Ә. Адамдардың денсаулықтарын нығайту

Б. Отанын қорғауға дайындық

В. Дүниетанымды арттыру


2. Балалар дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі нені зерттейді?

А. Мектеп жасына дейінгі баланың барлық жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді

Ә. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді

Б. 4-5 жастағы балалар дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді

В. Ерте жастағы балалар дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді
3. Дене тәрбиесінің негізгі ұғымын атаңыз:

А. Дене бағыты

Ә. Дене қалыптасуы

Б. Дене жетілуі

В. Дене созылуы
4. Заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде бейнелейтін ой формасы:

А. Анықтама

Ә. Ұғым

Б. Болжам

В. Түсініктеме
5. Денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған тәрбиенің құрамды бөлігі:

А. Дене тәрбиесі

Ә. Дене машықтығы

Б. Дене мәдениеті

В. Спорт
6. Адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі:

А. Дене дамуы

Ә. Жетілу

Б. Дене көлемі

В. Дене қалпы
7. Антропометриялық көрсеткіштер:

А. Шаштың өсуі

Ә. Бала тазалығы

Б. Шынықтыу процедуралары

В. Өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы
8. Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. Осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырған:

А. И.М.Сеченов

Ә. В. М. Бехтерев

Б. И.П.Павлов

В. П.Иванов
9. Дене тәрбиесі туралы теориялық білімнің тасқынды түрде жиналуы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің қай кезеніне сай келеді?
А. Yшінші кезең

Ә. Екінші кезең

Б. Бірінші кезең

В. Бесінші кезең


10. Денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ өмірін қамтамасыз ету міндеті:
А. Сауықтыру

Ә. Салауыттылық

Б. Білімделік

В. Қозғалыстық


11. Қозғалыс дағдылары мен іскерлікті, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру міндеті:
А. Тәрбиелік міндеттер

Ә. Білім беру міндеттері

Б. Жаттықтыру міндеттері

В. Сауықтыру міндеттері

12. Балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап «Буын гимнастикасы» теориясын құрып, дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық талаптарына сай құрыла бастағанын кім атап көрсеткен?

А. Я.А.Коменский

Ә. Ж.Ж.Руссо

Б. Р.Оуэн

В. И.Г.Песталоцци

13. Дене тәрбиесіне қатысы бар басқа ғылымдардың барлық жетістіктерін синтездейді:


А. Мамандандырылған педагогика ғылымы
Ә. Психология ғылымы
Б. Социология ғылымы
В. Физиология ғылымы

14. Дене тәрбиесі саласы бойынша ғалымдар арасындағы ең жарқын өкілдердің бірі:


А. П.Ф.Лесгафт
Ә. К.Д.Ушинский
Б. Т.И.Осокина
В. Е.А.Аркин

15. Дене дамуының тарихи шартты деңге­йі және денсаулықтың өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі


А. Дене дамуы
Ә. Дене тәрбиесі
Б. Дене жаттығуы
В. Дене жетілуі

Әдебиеттер және оқу құралдары

1.Т.И.Осокина Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі «Мектеп» ,1982 ж

2.М.Т.Тұрыскелдина Балалабақшадағы дене тәрбиесінің бағдарламасы және оған нұсқау,1990ж

3. Козлова С. А. Мектепке дейінгі педагогика: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / С.А.Козлова, Т.А. Куликова. — 15-басылым, өңделген және толықтырылған. — М. : «Академия» баспа орталығы, 2015. — 432 б



4. Мухамеджанова У.Ж., Жубандыкова А.М. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы/ -Алматы: 2018-344 б

5. А. Ж. Сисенбердиева Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. Алматы: 2011. - 348 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет