Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Сабақтың мақсаты



бет5/8
Дата18.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#11961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Эллипстің ауданы неге S=πab формуласымен есептеледі?

Ойланып көріңдер.

Үйге тапсырма беру:

§2,8-2,9 тақрыптарды оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні:07.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтық қозғалысы. Бернулли теңдеуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сұйықтың қозғалысы және Бернулли теңдеуі туралы толық мағлұмат беру.



Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;



Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: стенділер, плакаттар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақ

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма

Жаңа сабақ

Сұйық немесе газдың қозғалысын кинематикалық тұрғыдан сипаттайық. Кеңістіктің бір нүктесін белгілеп алып, осы нүкте арқылы түрліше уақыт мезетінде өтіп жатқан сұйықтың әр түрлі бөлшектері жылдамдықтарының шамасын және бағытын тіркеп отырамыз.



Егер мұны кеңістіктің барлық нүктелері үшін орындап, сұйық бөлшектерінің жылдамдықтарын белгілі бір уақыт мезеті үшін барлық нүктелерде көрсететін болсақ, онда қозғалыстағы сұйықтың жылдамдықтарының таралуының лездік суреттемесін – жылдамдықтар өрісін алған болар едік. Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсеін сызықтары ағын сызықтары деп аталады.



Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады. Осылайша ағыннан ойша бөліп алған сұйықтың бөлігі - ағын түтігі –нағыз түтіктің ішіндегі сұйық тәрізді қозғалады және түтіктің бүйір бетін еш жерде кесіп өтпейді.

Механикалық энергияның сақталу заңының негізінде сыртқы күштердің энергиясы жүйе энергиясының өзгерісіне тең болады. Үзіліссіздік теңдеуін ескереміз сонда

Бұл – Бернулли теңдеуі.



Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Ағын сызықтары деп нені айтады?

  2. Ағын түтігі деп нені айтады?

  3. Үзіліссіздік теңдеуінің физикалық мағынасы қандай?

Үйге тапсырма беру:

3-3,1 тақырыптарды оқу



Сыныбы: 10 Күні:08.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Тұтқыр сұйық. Денелердің аққыштығы. Қанаттың көтергіш күші.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сұйықтар туралы толық мағлұмат беру.



Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;



Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Тұтқыр сұйықтың сандық сипаттамасын енгізу үшін мына тәжірбиені қарастырайық. Сұйық бір-біріне параллель орналасқан екі қатты жазық пластинкалардың арасында болсын дейік. Төменгі пластинка тыныштықта , ал жоғарғы пластина төменгіге қатысты аз υ жылдамдықпен қозғалады.



Сұйықтың пластина бетіне жабысуының нәтижесінде бұл күш ішкі үйкелісті, яғни сұйық пен қатты дененің арасындағы емес, бір-біріне қатысты сырғанап бара жатқан сұйық қабаттарының арасындағы үйкелісті сипаттайды. Η сұйықтың тұтқырлық қасиетін білдіреді, ол тұтқырлық коэфициенті немесе тұтқырлық деп аталады.



Сұйық бөлшектерінің жылдамдықтары барлық жерде түтік бойымен бағытталған және сұйықтың цилиндр түріндегі түтікпен қозғалысы ламинарлық немесе қабаттасқан ағыс деп аталады.

Қанаттың көтергіш күші

Ауаның тұтқырлығы ұшақ қанатының айналасында циркуляцияның болуына әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей қанаттың артқы үшкір шетінде құйындар пайда болып, олар сағат тілі бағытына қарама қарсы бағытта айналады. Бұл құйындар ұлғайып, қанаттан бөлінеді және оны ауа ағыны алып кетеді. Осы кезде ауаның қалған бөлігі қанаттың маңында қарсы бағытта айнала бастайды да, ол қанаттың айналасында сағат тілі бағытымен қозғалатын циркуляцияны тудырады.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Қандай күшті көтеруші күш деп атайды?

  2. Қанаттың көтеруші күші қалай пайда болады?

Үйге тапсырма беру:

§ 3.2, 3.3, 3.4



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 10.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Сынақ және 1-бақылау жұмысы «Айналмалы қозғалыс механикасы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға «Айналмалы қозғалыс механикасы» тақырыбында бақылау жұмысын жаздыру.



Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;



Тәрбиелік:

Оқушылардың өз көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, оқулықтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Бақылау жұмысы

  3. Үйге тапсырма

  4. Бағалау

Бақылау жұмысы

І-нұсқа.



  1. Потенциалдар айырымы 2 кВТ нүктелер арасында орнын ауыстырғанда, электр өрісі 50мкДЖ жұмыс атқарса, заряядтың шамасы:

  2. Стакандағы су бағанының биіктігі 8 см. Судың стақан түбіне түсіретін қысымы / g=10 Н/кг, ρ=1000 кг/м3/

  3. Ұшақ шүйілу қалпынан шыға бере, төменнен радиусы 800м шеңбер доғасы болып келген траекториямен қозғалады. Ұшақтың жылдамдығын 720 км /сағ деп алып, оның шеңбер доғасы бойымен қозғалған кездегі үдеуін есептеңдер.

ІІ- нұсқа.

  1. Кернеу 200В болғанда желдеткіш двигателіндегі электр тогының 30 с ішінде істейтін жұмысы.

  2. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780 дж/кг с 1 кг темір кесегін -50С-тан +50С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері.

  3. Ұшақ шүйілу қалпынан шыға бере, төменнен радиусы 800м шеңбер доғасы болып келген траекториямен қозғалады. Ұшақтың жылдамдығын 720 км /сағ деп алып, оның шеңбер доғасы бойымен қозғалған кездегі үдеуін есептеңдер.

Үйге тапсырма беру:

Қайталау



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні:14.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ «механикалық қозғалыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тарауды толық қайталату

Дамытушылық: Есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Қорытынды сабақ

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма



Қорытынды сабақ

  1. Материя деп нені айтамыз? Материяның қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қандай қозғалысты механикалық деп атаймыз?

  3. Қандай қозғалыс бірқалыпты түзусызықты деп аталады? Оның қоозғалыс теңдеуі қандай?

  4. Қандай қозғалыс теңайнымалы қозғалыс деп аталады және оның теңдеуі қандай?

  5. Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?

  6. Еркін түсу қозғалыстардың қай түріне жатады?

  7. Траекторияның қисықтық радиусы деп нені түсінесіңдер?

  8. Қандай қозғалыс айнымалы деп аталады?

  9. Бұрыштық үдеу дегеніміз не?

  10. Ньютонның бірінші заңын тұжырымдаңдар.

  11. Күш дегеніміз не? Күш қалай пайда болады?

  12. Денелердің тепе тееңдігі деп нені айтады?

Үйге тапсырма беру

Қайталау


Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 15.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Жылулық құбылыстар. Термодинамика және молекулалы – кинетикалық теория. Демокрит пен Ломоносовтың заттың құрылысы туралы көз қарастары. Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік негіздемелері. Броундық қозғалыс. Штерн тәжірибелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру



Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру



Жаңа сабақты түсіндіру

Механикалық қозғалыс дегеніміз – дененің кеңістіктегі орнының басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеруі, бөліп табылатынын білеміз.

Термодинамика дегеніміз – заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірудің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі.

Молекулалы –кинетикалық теория осы жылулық құбылыстарды – қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

Диффузия – бір заттың молекулалырның екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі.

Броундық қозғалыс дегеніміз – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

Броундық қозғалысқа сапалық түсініктеме беруге болады: импульстері аз және кездейсоқ бағытта қозғалып жүрген көптеген молекулалар броундық бөлшекке бір бағытта соқтығысып қалса, онда олар үлкен бөлшекті біршама ығыстырады.



Сабақты бекіту сұрақтары

1.Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атап өтіңдер?

2.Қандай мысалдар молекулалардың бар екенін дәлелдейді?

Үйге тапсырма беру.

4-4.1 тақырыптарды оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 17.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекуланың массасы мен өлшемдері. Заттың мөлшері. Молярлық масса. Авагадро саны. Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға молекуланың массасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беру.



Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақ

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Бағалау

Жаңа сабақты түсіндіру

Молекулалардың өлшемі. Молекуланың массасын анықтау үшін тіптен үй жағдайына да қоюға болатын қарапайым тәжірибені пайдалануға болады.

Молекулалардың саны. Міне, осындай кішкене өлшемдердің санын, мысалы, судың массасы 1г, көлемі 1 см3деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтайық. Су молекуласының диаметрі 30*1010м.

Молекулалардың массасы. Молекула массасының соншалықты аз болатыны енді түсінікті. Оны есептеп шығару үшін зәйтүн майымен жүргізілген тәжірибеде алынған нәтижелерді пайдалануға болады.

Заттыңсалыстырмалы молекулалық массасы деп берілген зат молекуласы /немесе атомы/ массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады:



Зат мөлшері. Кез келген денедегі молекулалар саны орасан зор болатындықтан, оларды заттың қандай да бір үлесінің молекулалары санымен салыстыру практикада қолдануға ыңғайлы. Заттың осындай үлесі ретінде 12г көміртектің атомдар саны алынған.

Зат мөлшері ν дегеніміз – берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:

ν

Зат мөлшерін мольмен өлшейді. 1 моль дегеніміз -12г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуласы бар заттың мөлшері.

Сабақты бекіту

  1. Молекуланың массасы қалай анықталған?

  2. Авагадро саны нені білдіреді?

  3. Қандай масса мольдік деп аталады?

Каталог: uploads -> doc -> 06b8
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b8 -> Жүргізуші коуч Макашова Лиза
06b8 -> Қалалық, облыстық семинарлар, сайыстар, конференциялар Қашан?
06b8 -> Сабақ № Сыныбы: 7 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 11. 02. 16ж Уақыты
06b8 -> Сабақ ЖОСПАРЫ сабақ: Unit New technology
06b8 -> Сабақтың мақсаты: Ет және ет өнімдерінің сапа, таңба, орау және сақтау талаптарының ерекшеліктерін оқып үйрену
06b8 -> «Арлан» әскери-патриоттық клубы Жетекші АӘД пәні мұғалімі: Р. Кусманов Сарытоғай ауылы
06b8 -> Сабақ тақырыбы «Құпия әуен»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет