Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Сабақтың мақсаты



бет6/8
Дата18.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#11961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Үйге тапсырма беру:

4.2-тақырыпты оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 21.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекулалар арасындағы өзара тартылыс күштері. Газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің құрылысы. Молекулалардың өзара әсерлесуінің потенциялдық энергиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру.



Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;



Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карта, оқулықтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Үйге тапсырма беру

5. Оқушылардың білімін бағалау



Жаңа сабақты түсіндіру

Молекулалардың өзара әректтесу күштері. Денелердегі молекулалар арасында өзара әрекеттесу күштерінің бар екені бізге белгілі. Осындай күштердің бар екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді келтірдік. Олар молекулалар арасында бір мезгілде тартылыс күштерінің де, тебілу күштерінің де бар екенін көрсетеді. Екі күш бір мезгілде әрекет етсе де, жақын қашықтықтарда тебілу күштері, ал алыс қашықтықтарда тартылу күштері басымырақ. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін голландия физигі Я.Д. Ван-дер-вальс күштері деп атайды.

Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылымдары. Зат құрылымының молекулалы – кинетикалық теориясын пайдаланып, заттың үш агрегаттық күйде болуын түсіндірейік.

Газдар. Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.

Сұйықтар. Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, міне, сондықтан олар қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, яғни олар пішінін сақтамайды, оның есесіне олар көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың потенциялдық энергиясымен шамалас.

Қатты денелер. Қатты денелер кристалдық торлардың әртүрлілігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасулары да әр түрлі.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Сұйық молекулалар өздерін қалай ұстайды?

  2. Заттың қатты күйдегі фазасына сипаттама беріңдер.

Үйге тапсырма беру:

4.3-тақырыпты оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау.



Сыныбы: 10 Күні: 22.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Статистикалық әдіс. Молекулалы –кинетикалық теориядағы молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі туралы толық мағлұмат беру.



Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;



Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Идеал газ дегеніміз –молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады.

Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы 

немесе

теңдеуі молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деп аталады.

Оны былай атау себебі: 1) ол макро және микродүниелерді байланыстырып тұр; 2)тәжірибе арқылы алынған барлық газ заңдарын теориялық жолмен алуға мүмкіндік береді; 3)ол микроәлемде өтіп жатқан процестер жайлы ақпарат береді.

Негізгі теңдеуді былай жазуға болады:



Осыдан, идеал газ қысымының бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына, яғни кинетикалық энергияның тығыздығына пропорционал екені шығады.



P=nkt=

Теңдеуінен бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болатыны шығады. Бұл –Авагадро заңы.



Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Қандай температура энергетикалық деп аталады?

  2. Авагадро заңын тұжырымдаңдар?

Үйге тапсырма беру:

§ 4.4 оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні:24.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың жылдамдық бойынша бөлініп таралуы. Молекулалардың соқтығысулар саны және еркін жолының ұзындығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Мысалдар келтіре отырып тақырыпты түсіндіру.



Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Демокриттің ілімін Э п и к у р қолдады, оның философиялық көзқарасатырн б.з.д. І ғасырдың басында Рим ақыны

Тит Лукреций Кар өзінің атақты «Заттардың тегі жайлы» деген поэмасында баяндады.

Демокриттің болжамы гипотеза түрінде қала берді, сбебі ол атомдардың шын мәнінде болатынын тәжірибе жүзінде көрсетіп, дәлелдеп бере алмады.

1026 ж. Францияда Жоғарғы сот атомистикалық ілімге тыйым салды, бұл әрине денелердің құрылымын да, жылулық құбылыстарды да зерттеуді кешеуілдетті.

XVIII ғасырда француз физигі Гассенди атомистиканы жаңғыртты. 17345-1748 жылдары М.В. Ломоносовтың еңбектері жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, зат құрылымының молекулалы – кинетикалық теориясын /МКТ/ жасады.

Ломоносов – заттың атомистикалық құрылымының және молекулалық қозғалыстың негізін қалаушы негізін қалаушы. Сонымен қатар ол массасының және қозғалыстың сақталу заңына сүйене отырып, денедегі бөлшектердің үздіксіз және хаосты қозғалыста болатынын, жылулық құбылыс денедегі молекулалар қозғалысының нәтижесі екенін көрсетті.

Ломоносовтың идеялары тек 100 жыл өткен соң ғана мойындалды. Ломоносовтың заттың молекулалық құрылымы теориясын Джоуль, Клаузиус, Максвелл, Больцмандар қолдады. Осы заманғы зат құрылымы теориясының Ломоносов теориясынан еш айырмашылығы жоқ деуге болады.



Үйге тапсырма беру:

4-тақырыпты оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 28.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Больцман формуласына және дене температурасының молекулалардың қозғалыс энергиясымен байланысына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Больцман формуласына және дене температурасының молекулалардың қозғалыс энергиясымен байланысына есептер шығару.



Дамытушылық:

Оқушылардың есептер шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2. Есептер шығарту

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру



Есеп шығарту

1 есеп. Жерді айнала радиусы 2 орбитамен қозғалып жүрген массасы  серіктің жанынан Жер бетіне жуық орбитадан ұшырылған массасы  планетааралық станция ұшып өтеді. Серік пен станция жылдамдықтарының бір-біріне жуықтауы өзара қандай бұрыш жасайды? Станция екінші ғарыштық жылдамдықпен ұшырылды.

Берілгені: Шешуі:

R1=Rж

R2=2Rж



  1. -G ал шексіздікте оның энергиясы  сонда 

-G

 мұндағы М-жер массасы, Rж Жер радиусы.

  1. -G



  1. 

βболғандықтан 

осыдан


 яғни 𝛂

Каталог: uploads -> doc -> 06b8
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b8 -> Жүргізуші коуч Макашова Лиза
06b8 -> Қалалық, облыстық семинарлар, сайыстар, конференциялар Қашан?
06b8 -> Сабақ № Сыныбы: 7 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 11. 02. 16ж Уақыты
06b8 -> Сабақ ЖОСПАРЫ сабақ: Unit New technology
06b8 -> Сабақтың мақсаты: Ет және ет өнімдерінің сапа, таңба, орау және сақтау талаптарының ерекшеліктерін оқып үйрену
06b8 -> «Арлан» әскери-патриоттық клубы Жетекші АӘД пәні мұғалімі: Р. Кусманов Сарытоғай ауылы
06b8 -> Сабақ тақырыбы «Құпия әуен»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет