Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Сабақтың мақсаты


Екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтығының квадратына кері пропорционал



бет4/8
Дата18.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#11961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтығының квадратына кері пропорционал.

Сабақты бекіту

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы қандай?

  3. Айдың Жерді айнала қозғалысын бақылай отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңының дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады?

Үйге тапсырма беру: 2.6 оқу

Сыныбы: 10 Күні: 30.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Энергияның сақталу заңы. Ғарыштық жылдымдықтар. Энергияның сақталу заңына есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға энергияның сақталу заңы туралы түсіндіру,

есептер шығарту.



Дамытушылық: Есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру

Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей – ақ жұмыс атқару арқылы да қыздыруға болатынын көрсетеді. Арқанның бойымен сырғанап түссек қолымызды күйдіріп аламыз, алақандарымызды бір-біріне ыссақ, олар жылынады, тескіш станоктардың жұмысы кезінде тескіштер үйкелістің әрекетінен қызады, токарь станогының кескішімен де дәл осылай болады және т.б.

Мұндай құбылысқа тұңғыш рет 1798 ж. Р у м ф о р д назар аударды. Ол зеңбіректің ұңғысын жегілген аттардың көмегімен айналдырылатын үлкен тескішпен тескенде, оның қызатынын байқады. Ол тескіш айналағн кезде атқарылатын жұмыстың әрекетінен ұңғы қызады деп қорытынды жасады.

Сонымен энергияның сақталу және түрлену заңын оған XIX ғасырдың ортасына таман теориялық талдау жасаған неміс ғалымы Р.Майердің, тәжірбиелік зерттеулер жүргізген ағылшын физигі Д.Джоульдың, осы заңның математикалық өрнегін берген және алынған нәтижелерді табиғаттың барлық құбылыстарына таратқан неміс физигі Г.Гельмгольцтың еңбектерінен кейін толық қалыптасты деп санауға болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады: табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді; ол тек бір түрден екінші түрге, бір денеден екінші денеге өтеді, ал денелердің тұйықталған жүйесінде толық энергия тұрақты шама болып қалады /сақталады/.



Сондықтан термодинамиканың бірінші заңы жайлы – ол жылу процестері үшін энергияның сақталу және түрлену заңы деп айта аламыз, ал 

өрнегі осы заңның математикалық өрнегі болып табылады.



Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Энергияның сақталу және түрлену заңы неліктен әмбебап сипат алады?

Үйге тапсырма беру.

5.6- тақырыпты оқу



Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау.



17 сабақ

10 сынып Сабақ жоспары күні:

Сабақтың тақырыбы: 2-зертханалық жұмыс «Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыру».

Сабақтың мақсаты: Оқушылырға дененің кинематикалық энергиясының өзгертуі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыруды үйрету.

Білімділік: Оқушыларға зертханалық жұмыстың жасалу жолын толық

түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Зертханалық жұмыс

3.Үйге тапсырма беру

Зертханалық жұмыс

К е р е к т і қ ұ р а л д а р: жаппай жұмысқа арналған штатив – 2 дана, мектеп динамометрі, шар, жіп, миллиметрлік бөлігі бар ұзындығы 30см өлшеуіш сызғыш, штативі бар мектеп таразысы, гірлер.

Теориялық түсінік

Кинетикалық энергия туралы теорема бойынша, денеге түсірілген күштің жұмысы дененің кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең:

A=

Осы тұжырымдаманы эксперимент жүзінде дәлелдеу үшін 13.3- суретте көрсетілген қондырғы қолданылады.

Штативке горизонталь динамометр бекітіледі. Оның ілгішіне ұзындығы 60-80 см жіп арқылы шар байланады. Осындай биіктікте екінші штативке қысқыш бекітіледі. Қысқыштың шетіне шарды орнатып, екінші штативті шармен бірге, шарға динамометр серіппесінің тарапынан серпімділік күші әрекет ететіндей жерге қашықтатады. Сосын шарды жібереді. Серпімділік кұшінің әрекетінен шар υ жылдамдық алады да оның кинетикалық энергиясы нөлден -ге дейін өзгереді.

Ж ұ м ы с т ы ң о р ы н д а л у т ә р т і б і

Штативтің біріне динамометрді бекітіп және екінші штативке динамометрмен бірдей деңгейде шар қоятын қысқыш орнатылды. Динамометр ілгішіне жіпке байланған шар ілінеді. Кинетикалық энергияның өзгерісі мен серпімділік күшінің жұмысын анықтаудағы өлшеулер мәнінің қателік шегін тауып, оны бағалаңдар. Серпімділік күші жұмысының алынған мәнін шардың кинетикалық энергиясының өзгерісімен салыстырыңдар. Одан қорытынды шығарыңдар. Динамометр көрсеткішін 3Н-ға дейін үлкейтіп, тәжірибені қайталңдар.

Жұмысты бекітіу

  1. Қандай шарт орындалған кезде күш мәні ретінде оның бастапқы және соңғы мәндері қосындысының жартысын алып, айнымалы күштің жұмысын есептеуге болады?

Үйге тапсырма беру.

қайталау

Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау.

Сыныбы: 10 Күні: 03.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Кеплер заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Кеплер заңының қолданылуына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Кеплер заңдары және бүкіләлемдік тартылыс заңы

туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Планеталардың ортақ күштерінің әрекетінен  Күнді тек шеңбер бойымен ғана емес, сонымен қатар эллипс бойымен қозғала алатынын математикалық түрде негіздеу барынша күрделі. Сондықтан біз бұл жерде эллипстің негізгі қасиеттеріне сүйенеміз.

Эллипс дегеніміз – берілген екі  және  нүктелерден қашықтықтарының қосындысы тұрақты болып қалатын нүктелердің гометриялық орны.

Егер энергияның және импульс моментінің сақталу заңдарын пайдалансақ, онда Кеплердің екінші заңын жеңіл математикалық негіздеуге болады.

Қосымша. Эллипстің декарттық координаталар жүйесіндегі теңдеуін де қарастыра кетейік:

+,

Мұндағы а және в эллипстің сәйкесінше үлкен және кіші жарты осьтері.

Каталог: uploads -> doc -> 06b8
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b8 -> Жүргізуші коуч Макашова Лиза
06b8 -> Қалалық, облыстық семинарлар, сайыстар, конференциялар Қашан?
06b8 -> Сабақ № Сыныбы: 7 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 11. 02. 16ж Уақыты
06b8 -> Сабақ ЖОСПАРЫ сабақ: Unit New technology
06b8 -> Сабақтың мақсаты: Ет және ет өнімдерінің сапа, таңба, орау және сақтау талаптарының ерекшеліктерін оқып үйрену
06b8 -> «Арлан» әскери-патриоттық клубы Жетекші АӘД пәні мұғалімі: Р. Кусманов Сарытоғай ауылы
06b8 -> Сабақ тақырыбы «Құпия әуен»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет