Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс Сабақтың нөмері №1 Мақсатты



Дата07.02.2022
өлшемі17,14 Kb.
#89711
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ
1-сабақ

Физика пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан

Сабақтың
тақырыбы

Механикалық қозғалыс

Сабақтың нөмері

№1

Мақсатты

9.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану

Қысқаша
Тезист конспект



  1. Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе қисықсызықты деп бөледі. Мысалы: шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғалады.

  2. Қозғалыстың салыстырмалығы .

  3. Галилейдің жылдамдықтарды қосу заңы және математикалық өрнегі.




Сілтемелер



физика 9 – сынып . Атамұра баспасы 5- бет §1 .

Тапсырмалар

Тест
1. Механикалық қозғалыс –ол А) Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы . В) Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. С) Ешқашан тоқтамайтын , әрқашан қозғалыста болатын дененің қозғалысы.
Д ) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
2. Жүріп келе жатқан поезд вагонында жүк тұр Ол немен салыстырғанда қозғалады?
А) Жермен В) Вагонмен С) Вагон еденімен Д) Ештеңемен
3. Буксир өзенде жүк кемені сүйреп келеді . Қандай денемен салыстырғанда буксирдің орны өзгереді? А) Өзенмен В) Кемемен С)Жағамен Д) Сумен
4) Қозғалысты сипаттау үшін санақ денесін қалай таңдап алу керек? А) Қозғалмайтын денені алу керек В) Қозғалыстағы денені алу керек С) Тек жерді алу керек Д) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
5. Қозғалыс траекториясы деген не ? А) Жүретін түзу сызық С) Қисық сызық В) Қозғалыс кезінде қалдырған ізі Д) Кезіндегі жолы.
6. Жолдың белгіленуі А. S. В. М. C. L Д.X
7.Орын ауыстыру деп- А. Дененің соңғы орынын қосу. В. Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы . С. Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. Д. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.
8. Сағат тілінің ұшының қозғалыс траекториясы қандай? А. Қисықсызықты. В. Түзусызықты. С.Көпсызықты. Д. Үшеуі де дұрыс
9.Қозғалыс деп- А. Барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл
материялық дүниеге тән қасиет. В.Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі. С. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Д. Бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Тест жауаптары :


1 В , 2 А,3 С, 4 А, 5 В, 6 А, 7 Д, 8 А, 9 А,




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет