Сабақтың тақырыбы: Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық



бет3/5
Дата15.08.2023
өлшемі34,13 Kb.
#179839
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№2.Математик ва пружинали маятниклар

Есептер шығару.
-Тербелмелі контурдың индуктивтігі L=1,6 мГн, электр сыйымдылығы С=0б04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу Um=200 B. Контурды идеал деп есептеп, ондағы ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (1 A)
-Тербелмелі контур сыйымдылығы C=2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтігі L=1 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордың астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (q=0,5·10-6 cos630t)

-Тербелмелі контур сыйымдылығы C=8пФ конденсатор мен индуктивтігі L=0,5 мГн катушкадан тұрады. Катушкадағы ток күшінің мәні Іm=40 мА болса, конденсатордағы максимал кернеу Um қандай? (317 В)


-Конденсатор астарларындағы зарядq=0,03 cos10 5 t (Кл) заңдылығымен өзгереді. Зарядтың t= уақыт мезетіндегі мәнін анықтаңдар. (0,02 Кл)
-Әрқайсысының диаметрі D=20 см екі дөңгелек пластинадан тұратын ауалы конденсатор индуктивтігі L= 1 мГн катушкамен тұйықталған. Конденсатордың пластиналарының арақашықтығы d=1 см, контурдың кедергісі R=0. Катушкадағы ток күшінің ең үлкен мәні 0,1 А. Конденсатордағы кернеудің ең үлкен мәні қандай?(600 В)
Индуктивтігі L= 0,1 мГн катушка мен сыйымдылығы C=2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелістерінің периодын табыңдар. (2,8·10-3с)

Оқушылар жұпта отырып есептер шығарады. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс береді.

Негізгі 3 тік бойынша есепті шешуге арналған формулаларды ұсынады.

Дескриптор:
-тәуелсіз айнымалы шаманы анықтайды:
-тәуелді айнымалы шаманы анықтайды:
-басқарылатын айнымалы шаманы анықтаңыз: Жалпы-8



ДК экраны
Жұмыс парағы

Сабақтың соңы.
Рефлексия
4 мин

Рефлексия.

  • Мен не үйрендім?

  • Мен нені оңай деп есептеймін?

  • Мен нені қиын деп есептеймін?

  • Мен енді нені білгім келеді?




Берілген сұрақ бойынша жалпы сынып болып өз ойларын айтады.
Сабақты түсіну деңгейіне байланысты бас бармақтарын көтереді.




Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.

ДК экраны
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.



Қосымша 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет