Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов Оқу мақсаттары



бет1/3
Дата21.02.2023
өлшемі54,53 Kb.
#169702
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1-сабақ. М.Әуезов Шығармалары


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Кадырбаева К.

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 11-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 1-апта, №1 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Ғасырлық туынды

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов



Оқу мақсаттары:

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстыру;
Ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Бағалау критериі:

  • әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтайды;

  • әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады;

  • ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
11-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Шығармалары.
Прозасы. Драмалық шығармалары.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• М.О.Әуезовтің шығармалары.
Прозасы. Драмалық шығармалары
Сенің меңгеретінің:

  • шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтайсың;

  • көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан талдайсың




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

5-7 минут

Жаңа сабақ

Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде /1919-1932/ жазылған шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 
Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көлемдісі де, көркемі де прозаның әңгіме, повесть жанрларында жазылды. М.Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді, қоғам өмірінің, халық тіршілігінің терең қатпарларын, ішкі қайшылықтарын білгірлікпен суреттейді.
М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі — әйел теңдігі. Шығармаларында өмір шындығына берік табан тіреп отыратын жазушы сол кезендегі қазақ әйелінің басындағы хал-ахуалды асырмай да жасырмай, қаз-қалпында көрсетеді. Бірде жазушы ата-анасының еркімен күйеуге шығып, тағдырына мойынсынған әйел тарихын («Сөніп жану») әңгімелесе, екінші шығармасында сүйгеніне қосыла алмай, құсадан өлген Ғазиза («Кім кінәлі») жайын сөз етеді. Тағы бірде («Үйлену») әке әміріне көнбей, көңіл сүйген жігітімен қашып кеткен қыз хикаясына тоқталады.

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады.


Мұхтар Әуезов дараматургия жанрына ерекше көңіл бөліп , творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанрдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды.Жазушының« Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік – Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты.Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар.
Бірде махаббат,бірде өнер,бірде тарихи тақырыпқа барып, енді бірде бүгінгі замандас бейнесін жасай білген драматург бір-бірін қайталамайтын әр алуан кейіпкерлерді қазақ сахнасына алып келді.
(Видео көрсету) https://www.youtube.com/watch?v=DtgOS-_PZXM


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет