Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word -та к естемен жұмыс, формула енгізу



бет1/2
Дата11.07.2017
өлшемі0,64 Mb.
#21117
түріСабақ
  1   2



«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық

колледжінің информатика пәнінің оқытушысы

Қыдырбаева Индира Алпысқызы
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word –та кестемен жұмыс, формула енгізу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Мақсаты: Microsoft Word –тың мүмкіншіліктері бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.

Міндеттері:

а) білімдік: текстік құжаттарда кестемен формуламен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

ә) тәрбиелік: еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

б) дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

а) білімгерлер білу керек : Microsoft Word –тың негізгі нысаналары мен оны басқару жолдарын, кесте құру жолдарын, формула редакторының қызметін.

ә) білімгерлер игеру керек: Microsoft Word-тың негізгі қызметтерін, Word терезесінің құрылысын

б) білімгерлер меңгеру керек: Microsoft Word пен жұмыс жасауды, мәтін теруді, оларды пішімдеуді, кесте құруды, математикалық формулаларды енгізуді

ІІІ. Сабақта қолданылатын әдіс пен тәсілдер

-Пікірлесіп-түсіндіру

-Тәжірбиелік жұмыс

Көрнекілік құралдары: Дербес компьютер, тапсырмалар парағы, сенсорлық тақта.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапырмасын тексеру

Тест


Карточкамен жұмыс

Карточка толтыру



ІІІ.Жаңа сабақ

ІV. Тәжірбиелік тапсырмалар

V.Сергіту сәті

VІ.Үйге тапсырма

VІІ.Қорытындылау.

VІІІ.Бағалау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Білімгерлерді түгендеу.

Шаттық шеңбері: Білімгерлер компьютердің бір құрылғысын қосып бір-біріне тілек айту керек. Мысалы: Бүгінгі сабақты тұрақты жадыңызға сақтаңыз, көзіңіз монитордай қырағы болсын, т.с.с.

ІІ. Қайталау:

Алдыңғы материалды қайталау: Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

1 тапсырма: Тест (компьютерде)
2 тапсырма: Карточкалармен жұмыс. Әр білімгерге карточка таратылады. Қос пернелердің қызметтерін бос ұяшықтарға толтыру қажет.

3 тапсырма: Word терезесінің негізгі элементтерін табу. Бос ұяшықтарға сәйкес терезе элементтерін орналастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ал енді дәптерімізді ашамыз.


Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс, формула енгізу». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, кесте безендіруді және де формула редакторымен танысып, математикалық амалдарды енгізуді үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді. Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құру үшін : (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)

WORD  мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз.. Экранда  Вставка таблицы диолгтік  терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім  бойынша  2 баған  ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.



Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO  параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

   Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

- Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.



- Макет - Объединить ячейки

Кесте құрудың алгоритмі

  1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.

  2. «Добавить таблицу» батырмасын шерту.

  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.

  4. «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру алгоритмі

  1. Кестені бөліп алу.

  2. «Таблица» – «Автоформат» командаларын орындау.

  3. Формат пішімін таңдау.

  4. ОК батырмасын шерту.

Кесте жиектеу алгоритмі

  1. 1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

  2. 2. Формат> Границы и заливка

  3. 3. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады

  4. 4. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.


Текстік құжатқа формулалар енгізу. Word текстік құжатына Microsoft Equation формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізуге болады. Ол үшін:

  1. Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;

  2. Вставка ->Символы -> Формула командалары орындалады, формула шаблонынан керекті формуланы таңдап аламыз.

3.Керекті шаблон табылмаған жағдайда , өзімізге жаңа шаболды құруға болады. Ол үшін Вставить новую формулу батырмасын басқанда жұмыс алабында формула енгізу ұяшығы пайда болады . Мәзір жолында Конструктор жолағы пайда болады



4.Символы тобында әр түрлі символдарды формулаға қосу батырмалары орналасқан.

5. Структура тобында формула құрылымын басқаратын саймандар орналастырылған

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін , формула редакторының құрылымымен таныстық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.



Каталог: uploads -> doc -> 05a2
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05a2 -> Әдебиеттік оқу 3 «А» Тақырыбы: 12. 15. Астана – арман қала. Мақсаты
05a2 -> Сабақ: №2 Тақырыбы: Заттардың қандай айырмашылығы бар? №2 Күні: 10. 10
05a2 -> Сабақ § 48. Электр тогының химиялық әрекеті. § 49. Электролиз заңы
05a2 -> Сабақ. «Біз осындай баламыз»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет