Сабақтың тақырыбы: Монолог Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі0,85 Mb.
#25465
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Торегелдиева Жанат Куралбековна

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар. 7 «А»-сынып



Сабақтың тақырыбы:

Монолог

Сабақтың мақсаты:

Өз ойларындағы тақырыптарын түрлі тәсілдермен баяндап жеткізуге машықтану.

Күтілетін нәтиже

Монологті меңгеріп, сауатты жазады, әсерлі сөйлейді.

Сілтеме

7-сынып қазақ тілі оқулығы

Сабақта қолданылатын материалдар:

1. Оқулық 2. Кеспе қағаздар 3. Ереже жазылған кесте 4. Электронды оқулық, 5.бейне таспа

Оқыту әдістері:

АКТ, СТО,көшбасшылық, бағалау

Топпен жұмыс, жеке жұмыс , «ЖАДА» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қажетті құралдар

І. Ұйымдастыру кезеңі2 минут

Оқушыларды түгендеп, журнал толтыру, кезекшімен сұхбат.

Кезекші сабақта жоқ оқушыны айтады.



Сынып журналы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 2 минут

Логикалық жұмбақ жасыру . Ормандағы жан- жануарлар туралы.

Түгел қатысады.Ойлана отырып жұмбақтың жауабын табады..

суреттер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру5минут

Кеспе қағаздарын таратып өткен тақырыптар бойынша жауап сұраймын .

.Берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқулық,кеспе қағаздар

Топқа бөлу 2минут

Суреттер арқылы топқа бөлінеді Көкөніс суреттері арқылы топқа бөлінеді.

Топқа бөлініп атын ,ұранын тауып айтады.Көкөністің адам ағзасына келтірер пайдасы мен зияны туралы айтады.

суреттер

ІІІ. Жаңа сабақ Тақырыпты ашу

5минут5 қазан. Бүгін менің өмірім басталды, бірақ менің анам бұл туралы білмейді. Мен қызбын, кейін өскен кезде менің шашым қара, көздерім қоңыр түсті болады. Бәрі қазірдің өзінде белгіленіп қойған, тіпті менің гүлдерді жақсы көретініме дейін белгілі…


19 қазан. Менің өмірім басталғанына екі апта толды. Кейбіреулер мені әлі адам емес деп санайды. Бірақ қазірдің өзінде адаммын, нанның кішкентай үзігі де нан болатыны сияқты мен де адаммын. Анамның бар екені қандай ақиқат болса, мен де дәл солай бармын және өмір сүріп жатырмын.
23 қазан. Бүгін менің жүрегім соғуды бастады.
2 қараша. Мен күн сайын жайлап өсіп жатырмын. Аяғым мен қолдарымның саусағының ұшы көрініп келе жатыр.
12 қараша. Менің саусақтарым анық қалыптасып бітті, саусақтарым сондай күлкілі. Кейін осы саусақтарыммен мамамның шашын сипайтын боламын.
20 қараша. Бүгін дәрігер анама менің өмір сүріп жатқаным туралы, оның құрсағында бар екенімді айтты. Ол қатты қуанған шығар!
23 қараша. Анам мен әкем менің кім екенімді, маған қандай ат қоятынын ойлап жүрген болар.
10 желтоқсан. Менің шаштарым өсе бастады, олар нәзік әрі жылтыр екен.
13 желтоқсан. Мен аздап көре бастадым. Анам мені өмірге әкелген кезде мен жер бетіндегі күннің жарығы мен түрлі-түсті гүлдерге толы әлемге қарайтынымды ойлап, қуанып жатырмы.
24 желтоқсан. Қызық, анашым жүрегімнің нәзік үнін ести ме екен? Менің жүрегім бір қалыпты соғып тұр. Сенің қызыңның денсаулығы мықты болады мама!
28 желтоқсан. Бүгін анам мені өлтіреді…
"

Мынаны жазып жатып, бүкіл денем алай-дүлей күйге түсті-ау. Мұқағали ағамыз айтқандай "Қандай ғана анадан туады адам, сәбилердің күлкісін қуалаған?

Алтын босаға газетінен алынды


Бейнетаспа арқылы түрлі тақырыпқа арналған монолог тыңдатып алам. Не тыңдағандарын, қандай әсер алғандарын сұраймын. Монолог- бір кісінің ішкі ойынемесе ойында қорытып тұжырымдаған пікірін, көзқарасын белгілі бір тақырыпқа негіздеп айтып беруі.

Құрсақтағы сәбидің және ана туралы монолог тыңдалады.



Берілген сұрақтарға жауап береді және сол берілген жауаптардың жасалу жолдарына түсінік береді.

Монолог туралы өз ойларымен бөліседі..



Таныстырылым, суреттер, электронды оқулық.

Тапсырма

10 минут




Топқа тапсырма береді.

І топ


290- жаттығу Абайдың қара сөзіндегі жүрек сөзімен танысқансоң , сол тақырыпқа өз монологтеріңді дайындаңдар. Рөлге кіре орындап беріңдер. ІІ топ 291- жаттығу Монологтегі берілген мәселелерді өз ой елегінен өткіз.Тарихқа үңіл , қай кезеңдер суреттелген?

Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды.

Рөлге кіре тапсырма орындау.

Тарихтан қай кезеңнің суреттелуін тауып , қазіргі кезеңмен байланыстыр.

Ережеге бағынуды, уақытты ұтымды пайдалануды да естен шығармайды.



Оқулық, дәптер, маркер, стикер, плакат.


ІҮ. Сергіту сәті 2 минут

Егінші мен егін алқабы

Тренингке қатысады

музыка

Ү. Пысықтау 9 минут

Шығармашылық тапсырма « Әркімнің өз ойы бар» тақырыбына монолог жазу.

Берілген тақырыбында ой толғау жазады.

дәптер

ҮІ. Қорытынды 2 минут

Сабақты қорытындылайды. Сұрақ – жауап арқылы

Оқушылар жауап береді

Оқулық, кеспе қағаздар

Кері байланыс 2 минут«Инсеpт» әдісі


Білемін

Білдім

Білгім келеді













Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, «Тілек ағашына»жапсыруға тапсырма береді.

Тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» сабақтан алған әсерлері туралы жазылған стикерлерлерін жапсырады.

Түрлі- түсті парақшалар.

ҮІІ. Үй тапсырмасы 2минут

Анықтаманы жаттау, еркін тақырыпқа монолог жазып кел.

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алады.

күнделік

ҮІІІ. Бағалау 2минут

Сабақ барысында алған балдарын қорытып, бағалау

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

күнделік

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет