Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу


Мемлекеттік бюджеттің төлемдері



бет5/13
Дата14.05.2020
өлшемі34,07 Kb.
#68020
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МХ-18-1,2,3 11.05.2020 Каз
Ата заң - алтын қазынам, Ата заң - алтын қазынам, Ата заң - алтын қазынам
Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

-ассигнованиялар- кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

-субсидиялар- мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

- сувенция- мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

-дотоция- зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

-Транферттік шығындар- қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар) бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамтамасыздандыру, жол құрылысы, қоршаға ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн. Дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындардың өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасының өзгеруі;

- көлеңкелі экономиканың дамуы;

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:


    • Мемлекеттік несие;

    • Салық салу жүйесін қатайтады;

    • Мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығымен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардығы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне , азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі өте ауыр. Себебі оны төлеу үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгіл қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

ІІІ. Нарықты экономиканы реттеуде ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру әдісі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқада төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет