Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу



бет8/13
Дата14.05.2020
өлшемі34,07 Kb.
#68020
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МХ-18-1,2,3 11.05.2020 Каз
Ата заң - алтын қазынам, Ата заң - алтын қазынам, Ата заң - алтын қазынам
Салық сипаты тұрғысынан:

    • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорында тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар атады.

    • Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

-Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлекеттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы – мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы

- жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; Тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымының;

Салық өсіиі (салық салу бірлігіне деген мөлшер%) арқылы салықтар бөлінеді:



    • Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салымдар мен абсолюттік сомада белгіленеді.

    • Регрессивті салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

    • Пропорционалды салық.Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты боып қалады (қосымша құн салығы-16%)

    • Прогрессивті салық. Мұның мағынасы- табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет