Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет Ақыш. «Нағыз әже қайда?» әңгімесі



Дата11.05.2022
өлшемі21,38 Mb.
#142677
түріСабақ
Байланысты:
Асель ҚМЖ
ОШ СОР Естествознание 5кл каз, БОӨЖ 2, Снимок экрана 2022—04—04 в 15.44.40, Снимок экрана 2022—04—04 в 15.44.40, Снимок экрана 2022—04—04 в 15.44.40, кесте өгей оқушы, кесте өгей оқушы, Курстық жұмыс тақырыптары МБ-В-19

Білім беру ұйымының атауы

Барлыбек Сырттанүлы атындағы №25 орта мектебі

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Отбасы құндылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Омашбекова Асель Маликовна

Күні:

26.04.2022 жыл

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нұрдәулет Ақыш. «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;



Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім

Бекіту
Кері байланыс



Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
-Балалар, мына әнді тыңдайықшы. Ән кім туралы?
-Әжеміз біздің қандай?
-Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?
-Тамаша. Ендеше бүгін Нұрдәулет Ақыш ағамыздың «Нағыз әже қайда?» әңгімесі өз жалғасын табады. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныс болыңыздар. (3-слайд)
Сабағымызды бастамас бұрын, «Бағалау термометрі» атты өзін өзі бағалау парақшасымен танысып алайық.
-Алдыңғы сабақ бойынша бірнеше сұрақтарға жауап берейік. (6-слайд)
1.Азаттың әжесі қандай еді?
2.Әкесі қыздарына нағыз әжені көрсетуді неліктен армандады?
3.Қыздардың ойындағы нағыз әже бейнесі қандай?
4.Қыдырып келген әже қандай еді?
5.Неліктен елден келген шешей нағыз әже емес деп ойлайсың?
Сөздікпен жұмыс. «Сөз маржан». (7-слайд)
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіремін, суреттерін көрсетемін
Әдебиет теориясына шолу жасау (12-слайд)
Көркем бейне (образ) – адамның бой-тұлғасындағы, кескін-кейпіндегі, жүріс-тұрысындағы, қимыл-әрекетіндегі, ойлау-сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат белгілерді нақтылы суреттеу арқылы автордың жасаған бейнесі. Жиынтық қасиеттердің, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар ерекшеліктердің айқын танылуы.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық т.б. болып бөлінеді.
Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең көркем, шынайы түрі. Мұның көркемдігі де, шынайылығы да шыншылдығында. Бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын бейне. Бұл образдың эстетикалық мақсаты – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр, қиялдан туған емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей нақты әрі жақын. Сондықтан реалии-стік образдың эстетикалық-тәрбиелік мәні де, қоғамдық-өзгертушілік күші де айрықша үлкен
Эпикалық образ – шығармада толық кескінделген, болмыс-бітімі анық, дараланған образ. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрлі бейнелеу мен суреттеу құралдары секілді көркем бейне жасаудың көп амал-тәсілдері, әсіресе, эпикалық образ үшін ауадай қажет.
Портрет (франц. Рortraіt – бейнеленген) – әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, түр-әлпетін, кескін-кейпін, бой тұлғасын сөзбен суреттеу.


1-тапсырма.
Топтық жұмыс
1-топ «Кейіпкерлер кестесі»
2-топ «Ақылды постер»
3-топ «Т кестесі»


Дескрипторы:
-Шығармадағы кейіпкерлер портретін ашады:
-Іс-әрекетін анықтайды;
-Кейіпкерлер образын суреттейді;

ҚБ: «Бас бармақ»


Сергіту сәті: «Әже» өлеңі
2-тапсырма





Тапсырмалар

Оқушы жауабы

QR жауап

1

«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі Азаттың әжесінің бейнесі әдеби тек тұрғысынан алғанда ........... образ

Эпикалык образ



2

Азаттың қыздарының есімдерін жазыңыз.



Райхан, Ая



3

Кимешек-қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық баскиімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады.

Кимешек



4

Қонақтағы әже ертегі айтып берді ме



Айтпады





Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді;
-Жауаптарын QR арқылы тексереді;
-Қорытынды жасайды;

ҚБ: «Үш шапалақ»




3-тапсырма
Аудиотыңдалым (25-слайд)
-Естіген ертегі түрлерін дәптерлеріңе жазып алыңдар? Тағы қандай халық ертегілерін білесіңдер?
-Кейіпкерлер арасындағы диалогке назар аударыңдар. Рөлге бөлініп мәнерлеп айтуға машықтаныңыздар
ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек»
4-тапсырма
Топтық жұмыс
“Кішкентай әртістер”
1-топ “Нағыз әже”
2-топ “Заманауи әже”
3-топ “Сарапшылар”
ҚБ: «Отшашу»
«Білім термометрі» бағалау парақшаларын жинап алу
Үйге тапсырма.
«Менің әжем ...» тақырыбына эссе жазады.
Кері байланыс «Білім қоржыны»



Сәлемдеседі. Келмеген оқушыларды айтады. Құрал-жабдықтарын түгендейді.
-Әже туралы
-Ақкөңіл, мейірімді, т.б.
-«Нағыз әже қандай?» әңгімесімен таныстық.
Бағалау парақшасымен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сөздермен танысады.


Әдебиет теориясымен танысады. Түсінбеген жерлері болса сұрақ қояды.

1-тапсырма.


Топтық жұмыс
1-топ «Кейіпкерлер кестесі» (Кейіпкерлер: Азат, Райхан, Ая портреттері мен іс-әрекетін кестеге толтырып жазады)
2-топ «Ақылды постер» («Нағыз әже» образына кластер құрастыру)
3-топ «Т кестесі» (Азаттың әжесі мен Жолдастың анасының образын суреттеп жазады)
Сергіту сәті: «Әже» өлеңі

Тапсырманы орындап, жауаптарын QR арқылы тексереді;





Тапсырмалар

Оқушы жауабы

QR жауап

1

«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі Азаттың әжесінің бейнесі әдеби тек тұрғысынан алғанда ........... образ

Эпикалык образ



2

Азаттың қыздарының есімдерін жазыңыз.



Райхан, Ая



3

Кимешек-қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық баскиімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауырынын жауып тұрады.

Кимешек



4

Қонақтағы әже ертегі айтып берді ме



Айтпады



: «Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды
3-тапсырма
Аудиотыңдалым (25-слайд)
Аудиомәтінді тыңдайды, естіген ертегілерін дәптерлеріне жазып алады.
Мәнерлеп оқуға машықтанады;

Топ бойынша тапсырма орындайды. Әжелер образын сомдайды


3-топ сарапты болады

«Білім термометрі» бағалау парақшаларын толтырады


Кері байланыс «Білім қоржыны»
Ұнаған қоржынға стикер жазып іледі

















































Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет