Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#7357
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Алтай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Алтай тауы туралы толық түсінік алуларына жағдай жасау.

Дамытушылық: танымдық есте сақтау, байланыстарып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын білу, оларды құрметтеу. Мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына әсер ету.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер.

Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Қазақстандағы тау аттарына байланысты топ құру. Мысалы: Алатау, Алтай, Мұғалжар, Ұлытау, т.б

ІІ. Мағынаны тану.

1. Әр топ өлеңді оқып шығады.

2. Әр топқа тапсырмалар беріледі:

а) Алтайдың табиғаты туралы жаз.

ә) Жануарларын жаз.

б) Кен аттарын жаз, соңғы шумақты түсіндір.

в) Мәнерлеп оқы. Картадан Алтай тауын көрсет.

3. Әр топқа мына мәтін таратылып беріледі:

Тау Алтай тауы жүйесі- Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы- Ақтау(Мұзтау), оның биіктігі 4056 м. Алтай тауларының Қазақстандағы бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.

Алтайда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б металдық кентастар,асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Алтайдың қысы суық әрі ұзақ, жазы салқын. Таудың басты өзендері- Ертіс, Обь, Енисей салалары. Монғолиядағы Қобда өзені де Алтайдан басталады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырама,3500-дей көл бар. 1000-нан астам мұздақтар бар. Орман Алтайдың 70%-ын алып жатыр. Жануарларынан қасқыр, көртышқан, сарышұнақ, қоңыр аю, марал, бұғы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, қоян, түлкі, суыр, таутеке; құстардан ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, шіл, кекілік, үкі, тырна, үйрек, т.б құстар бар.

тапсырма:



  1. Алтайдың табиғаты туралы жаз.

  2. Жануарларын жаз

  3. Кен аттарын жаз.

Тау Алтай тауы жүйесі- Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы- Ақтау(Мұзтау), оның биіктігі 4056 м. Алтай тауларының Қазақстандағы бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.

Алтайда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б металдық кентастар,асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Алтайдың қысы суық әрі ұзақ, жазы салқын. Таудың басты өзендері- Ертіс, Обь, Енисей салалары. Монғолиядағы Қобда өзені де Алтайдан басталады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырама,3500-дей көл бар. 1000-нан астам мұздақтар бар. Орман Алтайдың 70%-ын алып жатыр. Жануарларынан қасқыр, көртышқан, сарышұнақ, қоңыр аю, марал, бұғы, елік, күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, қоян, түлкі, суыр, таутеке; құстардан ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, шіл, кекілік, үкі, тырна, үйрек, т.б құстар бар.

тапсырма:


  1. Алтайдың табиғаты туралы жаз.

  2. Жануарларын жаз

  3. Кен аттарын жаз

4. Жоғарыда берілген тапсырмалар осы мәтін оқылғаннан кейін толықтырылып жазылады.

5. Әр топ жұмбақты, мақал-мәтелді, жаңылтпашты түсіндіреді.

Үйге тапсырма: өлеңге әуен тауып көру

Өлең бойынша сурет салып көр.

Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А. Жақсыбаев.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.

дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелену мүмкіндігін іске асыру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакат, Қазақстан картасы, қазіргі Павлодар облысының көрікті жерлері жайлы альбом-кітап.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ойды жинақтау» тапсырмасы.

тақтада әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал-мәтелдер жазылған. Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай жинақтап жазып шығу керек.

Өз елімнің басы болмасам да,

Ел даусыз болмас,

Сайының тасы болайын.

Ел үмітін ел ақтар,

Жер жаусыз болмас.

Батырлардың бары игі.

Ер атағын ел сақтар.

Ел шетіне жау келсе.

Ел барда, ер қор болмас,

Болат қайнауда шынығады,

Ер барда, ел қор болмас.

Ер жігіт елі үшін туады,

Батыр майданда шынығады.

Елі үшін өледі.

Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады. Оқушылар топтарға бөлініп отырғандықтан, әр топқа тапсырма беріледі:

1-топ. «... Осы ауылда...» деген жерге дейін мазмұнын түсініп оқу.

2-топ. «...Осы ауылда..» деген жерден бастап, «Содан былай халық бұл жерді «Қалмақ қырған» деп атап кеткен» деген сөйлемге дейін оқу.

3-топ. «Біздің ауыл жайлауға Шідерті өзеніне...» деген сөйлемнен бастап, «Сол жеңістен кейін бұл жер «Шүршіт қырған»аталып кеткен » деген сөйлемге дейін оқу.

4-топ. «Әлкейдің Олжабай батыр туралы әңгімені ести бергісі келеді» деген сөйлемнен бастап, «.... Кейін Омбы музейіне бердік» деген сөйлемге дейін оқу.

5-топ. Қалғанын аяғына дейін түсініп оқу.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін бір-біріне сұрақ қояды. Егер сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақ қоюды үйрету мақсатында өзі сұрақ қояды. Мысалы,

1-топқа: Әлкей деген бала туралы бұрын не оқып едіңдер?

Егер сен де белгілі батырдың ұрпағы болсаң қандай сезімде болар едің?

2-топқа: Егер сен «Қалмақ қырған» жеріне зерттеуші (археолог) болып бара қалсаң, сол жерден не іздер едің ? (қиялдау)

3-топқа: батыр Олжабай халыққа қандай ұран тастады?

4-топқа: сары ала ту, жылтыр қара тас, қайқы қылыш, жалпақ белдік туралы бір сөйлеммен не айтуға болар еді?

5-топқа: Олжабай Батырдың Шойынкөлдің атын өзгертуіне қалай қарайсыңдар?

3. Ойтолғау.

Берілетін тапсырмалар:


  • оқыған мәтін бөліктеріне ат қою;

  • түсінбеген сөздерді түртіп алу;

  • Сонымен, бүгін біз қандай батырлармен таныстық?

  • Олжабай батырдың бойындағы өздеріңе ұнаған жақсы қасиеттерін атап жазыңдыр.

ОЛЖАБАЙ


ержүрек

Отанын сүйеді

жауына халқын ақылды

меірімсіз сыйлайды

Мәтіндегі соңғы екі сөйлемді оқытып, мағынасын ашуға әрекет жасау, сол арқылы сабақ басындағы мақалдармен байланыстыра мәтін мамұнындағы идеяны шығару.


  • Балалар, батырлардың атымен аталатын қандай жер-су аттарын білесіңдер?

Немесе:

- Өздерің тұрған жерде қандай батырларға ескерткіштер қойылған?

Сабаққа қолданылуға арналған суретті альбом, портреттер баланың жерді тануына, бейнесі көз алдында қалуына көмегі тиеді. Ал картаны пайдалану аты аталған жерлер Қазақстанның қай аймағында екенін анықтауға, елді, жерді танып білуге қызмет етеді.

Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасыундағы өскен ортасының, ұлттық салт- дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.

дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар»,

Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылыөты ояту.

Оқушылардан бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, оларды жазу.

2. Мағынаны тану.

Хатқалтада жаңа мәиін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініпберілген. Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады.Топтағы жұмыстез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.

Мәтін бөліктері:



Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.

Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.

Бұл – 1846 жылдың ақпан айы екен.

Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.



Туған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.

Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді....

Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. домбыра қолыма тигенде, ... бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.

Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.



Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.

Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, - деді.



Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.



Бұл жұмыста оқушы не істеді?

  1. Мәтін мазмұнын түсінді. Егер түсінбесе, оны жүйелі орналастыра алмас еді.

  2. Ақылдасып, жанындағыларды тыңдады, пікірлесті, дауласты, күдігін айтты.

  3. Барлық бала өз бетінше жұмыс жасады.

Оқушыларға сұрақтар қою:

- Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

- Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болады?

Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек.

Ақынның «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай»- деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.

Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін оқушылар оқулық бетін ашып, мәтін ретін қалай қойып шыққандарын тексереді және кездескен түсініксіз сөздермен жұмыс жасалады, мәтін мазмұны бойынша жоспар жазылады, үй тапсырмасы беріледі.

Күні----------

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау. Бөгенбай. Қабанбай. Наурызбай.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларды жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ батырларымен таныстыра отырып, олардың ерліктерін насихаттау.

дамытушылық: оқушылардың өз еліне туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың әдәс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қазақ батырларының, қару-жарақтардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Батырлар туралы әңгіме жүргізу.

Батыр болып киелі,

Батыр болып бір кезде.

Батырлары баспапты,

Қарсыласқан дұшпанды.

Қайратымен жасқапты.

Батырлар ғой, батырлар!

Жауға қарсы шапқанда

Халқын оңға бастапты.

- Бұл өлеңде кімдер туралы айтылған?

- Қандай батырларды білесіңдер?

- Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен, олардың ерлік істерімен таныстыру.

2. Мақалды толтыру.

Ер қаруы ..... қару.

Қарудың аттарын атату ( қылыш, найза, садақ, шоқпар, қалқан, мылтық.)

Жұмбақтар шешу.

Қуыс қурайдың басынан,

Құтырған торғай ұшты. ( мылтықтың оғы)

Қос құбыр,

Ауызына іліккен

Тез құрыр. (мылтық).

3. Өлең мазмұнымен жұмыс.

- Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

- Мазмұнын талдау.

- Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Сұрақтарға жауап беру.

- Батырдың бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Сендер батыр болуға дайынсыңдар ма?

ІІІ. Сабақты бекіту.

Мақал-мәтелдер.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.
Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.


Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.


Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.


Батырдың каһары – еліне қорған.
Үйге тапсырма. Өлеңдерді мәнерлеп оқып келу.

Күні---------------

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Қыс.

Сабақтың мақсаты: өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру, әңгімелету, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Абай Құнанбаев жайлы кеңірек таныстыру, сөздік қорын, тілін дамыту, табиғатты сүйетін және қорғауға деген жауапкершілікті сезінетін тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай туралы бүктеме, табиғатты бейнелейтін суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Оқушыларды сабаққа даярлау

Берілген тапсырмалар бойынша сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта «Қыс бейнесі» бөлімін бастайтынымызды айтып таныстыру. Сұраққа жауап алу.

- Жылда неше мезгіл бар?

- Төрт

Әр мезгілді атау және ерекшеліктеріне көңіл бөлу.



- Балалар, біз Абайдың «Қыс» туралы өлеңін оқимыз.

- Абай туралы не білеміз?

Оқушы ойын тыңдау.

Абай – ұлы ақын, ағартушы, тәрбиеші, ойшыл, шешен, аудармашы, сазгер.

1. Абай ақын. Оқу білімге шақырған өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

2. Табиғат суретшісі. «Қансонарда», «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғұтырым».

3. Аудармашы. «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі».

4. Сазгер. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлған», т.б.

5. Данышпан. «Қара сөздері»

Абайдың 500 –ге тарта өлеңдері, 45 қара сөзі т.б. шығармалары бар. Абайды бүкіл дүние жүзі біледі. Дүниежүзіне таратушы – МҰхтар Әуезов.

а) «Қыс» өлеңін оқу.

ә) Өлеңді балаларға оқыту.

б) Мәнерлеп оқу минутын өткізу.

в) Сөздік жұмыс

Алты қанат – киіз үйге байланысты

Долдану – ашу, ыза.

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.

Ізденушілік әдіс

Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөзді тауып дәптерге жазу.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті басы ақ қырау, түсі суық

Суреттерді салыстыра әңгімелеу арқылы табиғатты ақын – жазушылар тілмен, сөзбен суреттесе, қылқалам шеберлері бояумен көрсетеді.



Сабақты қорытындылау.

үй жұмысы: өлеңді жаттау
Күні------------------

Сабақтың тақырыбы: Не үшін? Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ақын өлеңдегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау; қазақ тілі пәнімен байланыстыру

дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пікірлерін қолдау ниетін байқату, тақырыпты өмірмен байланыстыруға жағдай туғызу.

тәрбиелік: жақсы сөздерге мән бере отырып, баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге , әсемдікті түсінуге жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, «Күміс қоңырау» тағы да басқа шығармалары.

Сабақтың барысы:

Тақтада тарау тақырыбын жазу.

Жақсы Ай мен Күндей, әлемге бірдей.

1. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды топтарға бөлу.

- Балалар, бүгінгі сабақта халқымыздың «Жақсы Ай мен Күндей, әлемге бірдей» деген аталы сөзіне кқңіл бөлеміз. Жақсы адам, жақсылық туралы тамаша сөздер сендердің алдарыңда жазулы жатыр.

(Әр топқа мақалдар берілген)

«Жақсының жақсылығын айт»

« Жақсы – ісімен жақсы»

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

«Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат»

Әр топ алдарындағы мақалды оқып, түсінгендерін талқылап, бір оқушы сынып алдында қорғауға шығады. (ауызша) Әр топтың жұмысы қорғалғаннан кейін, тақтаға ілінеді.

Қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен, жақсыны үлгі тұтқандығын атап өту.

2. Мағынаны тану.

- Ал, балалар, ақын ағаларың Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген өленінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып, танысып көрейік. Оқушыларға өлеңді іштей оқуға тапсыру.

Оқып болған соң, әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ. 1 шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

2-топ. 2 шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.

3-топ. 3-шумақ бойынша жақсы адам бейнесін жазу.

4-топ. Өлеңдегі «Не үшін керек?» деген сұраққа жауап болатын тіркестерді көшіру.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңді былай ұйымдастыруға болады:

- Сонымен, балалар, жақсы адамның бейнесін сомдап шығарамыз. Оның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді?

Тақтаға плакат ілу. Онда адам бейнесі салынуы мүмкін. Қызыл түсті маркермен балалардың сөздерін жазу.

Күні----------------------

Сабақтың тақырыбы: Аманат. С. Тұрдалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгімені оқытып, мәтін мазмұнын түсіну арқылы оның идеясын ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өз бетімен оқу, жұмыс жасау дағдысының дамуына мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: «аманат» ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын дамытуға жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: тақта, бор, маркер, плакат, дәптер.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Тақтаға сабақтың тақырыбы, авторы жазылады.

- Балалар, сендер бұрын АМАНАТ деген сөзді естіп көрдіңдер ме?

Сөздік үшін: біреуге немесе сенімді қолға ең қымбат, аяулы затын, қасиет тұтқан нәрсенін тапсыруды аманат дейді.

- Мысалы, әнші шәкіртіне нені аманат етуі мүмкін?

- Ата баласына нені аманат етуі мүмкін?

-Ал мына әңгіме не туралы болуы мүмкін?

Алдын ала мәтіннің мазмұны туралы болжауларын айтады.

Оқушылар топтарға немесе қатарларына қарай бөлініп, мәтінді іштей оқуға кіріседі.

1-қатар. Басынан бастап, «Әне!- деді томпақ Қуаныш...» деген жерге дейін оқиды.

2-қатар. «- Ал енді,- деген Сабырға...» дегеннен « Әкем мен шешем түскі шайды алдарына алғалы жатыр екен» деген сөйлемге дейін оқиды да, мазмұнын әңгімелеуге дайындалады. Оқушылар түсініксіз сөздерді теріп, түртіп алып, жазып отырады.

Әр топтан оқыған бөлімнің мазмұнын әңгімелеушілер шығады, оларға сұрақтар қойылуы мүмкін.

1-қатарға:

- Бұл қандай мезгіл еді? Кеме қандай суларда жүзе алады?

Ендеше бұл қандай су болуы мүмкін?

2- қатарға:

-Баржа деген не? Жазушы кеменің жүрісін қалай суреттеген? Сендер кемеге отырып көргендерің бар ма? Кеме ненің қуатымен жүреді? Кеменің қандай түрлерін білесіңдер?

3-қатарға:

-Балалар не істеді?

Балалардың тез, өнімді жұмысы қысқаша атап қтіледі.

- Дегенмен, әңгіме аяқтала қойған жоқ. Сендер сияқты олар да рақат демалыста жүр екен. Балалар үйге келгеннен кейін, үлкен мәселе туындайды. Бұл не болуы мүмкін? Кәне, болжап айтып көрейікші.

- Балалар, енді ары қарай не болғанын білу үшін не істейміз? (оқимыз)

Оқушылар мәтінді аяғына дейін оқып бітіреді де, түсінгендерін білдірсе, «Мен сендердің көздеріңнен көріп тұрмын, өте тамаша түсіндіңдер» деп сенімді білдіру.

-Ауылда қандай той болған екен?

-Мұндай да той болатынын бұрын естіп пе едіңдер?

-Бұл бәріміз үшін жақсы жаңалық емес пе?

- Той иесі кім?

- Сонымен әңгіменің «Аманат» аталу себебін кім түсіндіріп берер екен?

- Дәлмырза қарттың өсиет-аманатын кім оқып береді?

Қорытынды. Үй жұмысы: Бағалау.

Күні-----------------

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің тасы да танымал.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтіннің мазмұнын түсінуге, Қ.И.Сәтбаев туралы білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау.

Дамытушылық: ой-қиялының, танымдық қабілеттерінің, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, еліне еңбек етуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: карта.

Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, репродуктивті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме жүргізу. Суретпен жұмыс. Қ.И.Сәтбаев кім? Кестенің бірінші бөлігін толтыру.

Білемін

Білдім





2. Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс істей отырып оқу.

3. Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:

а) Британ музейін қалай суреттеген?

Қосымша мәлімет:

Музей- Лондонда орналасқан әлемдегі ірі музейлердің бірі. 1753 жылы негізі қаланған. Ежелгі Мысыр, Месопотамия, Ежелгі Грекия мен Көне Рим, Еуропа, Азия, Африка елдері мен халықтарының өнер және мәдениет ексерткіштері, гравюра, сурет, металл ақша, медальдардың бай қоры бар. 7 млн-нан астам кітап, 105 мыңдай қолжазба және ежелгі Мысыр папирустары сақтаулы.

ә) Гидпен пікірталасын тауып оқы, пікірталастың себебін түсіндір.

б) Сәтбаевқа келген хатта не туралы жазылды?

в) Қ.И. Сәтбаевтың туған жердің сұр тасы туралы ойын жазып ал.

4. Картадан аталған жерлерді, яғни Лондон мен Жезқазғанды көрсету.

Қосымша мәлімет:

Жезқазған- Қазақстандағы түсті металлургия орталығы. Жезқазғанның тарихы ұлы ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қалада Сәтбаевқа (1999ж.) ескерткіш орнатылған. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған.

ІІІ. Сабақты бекіту.

1. Мақал-мәтелдерді жазып, мазмұнын мәтінге сәйкес түсіндіру.

2. «Білдім» деген жоғарыдағы кестенің екінші бөлігін толтыру.

ІV. Сабақты қорыту.

1. Мәтіннің бұлай аталуы неліктен?

2. Алматыда Қ. Сәтбаев есімімен байланысты қандай көше, жоғары оқу орны, геологиялық ғылыми орындар бар?

V. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Қарағанды

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәтінді түсіне отырып, Қарағанды туралы түсінік алуларына көмектесу.

Дамытушылық: танымдық, есте сақтау қабілетінің , ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: елін, жерін сүю, тарихын білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, топтамалар.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру жасау:

Қарағанды – Сарыарқа, шахта, көмір, қала, өндіріс орны.

ІІ. Мағынаны ашу.

1. Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады, бөлімінде не туралы айтылғандығы туралы талқыланады, жоғарыдағы топтастыруға толықтырулар енгізіледі.

2. Мәтіннің екінші бөлімі оқылып, талқыланады, топтастыру толықтырылады.

3. Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, талқыланады, топтастыру толықтырылады.


Каталог: uploads -> doc -> 07e7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07e7 -> Сабақтың тақырыбы Мақсаты Оқушы нені үйрену керек Сағат саны Үйге тапсырма Уақыты
07e7 -> Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады
07e7 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет