Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян Өтініш


Мазмұндық – құрылымдық жүйесі



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі86,17 Kb.
#123879
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Өмірбаян

Мазмұндық – құрылымдық жүйесі :


Өмірбаян
Мен, Дүйсенбаев Еркін Әбдімәлікұлы, 1964 жылы 17 қыркүйекте Екпінді елді мекенінде шаруа отбасында дүниеге келдім. 1971 жылы сол ауылдағы сегізжылдық мектептің 1-сыныбына барып, 1979 жылы Сунақата ауылындағы №194 орта мектепте оқуымды ары қарай жалғастырдым. 
1981 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1985 жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
Өзімнің еңбек жолымды Жаңақорған ауданы Қандөз елді мекеніндегі №240 мектепте физика және математика пәні мұғалімі болып бастадым. 1986 жылы өз ауылымдағы №166 орта мектепке бастауыш сынып, сонан соң математика пәні мұғалімі болып ауысып, 1990 жылдан сол жерде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан мектеп директоры қызметтерін атқардым.
2002 жылдың қаңтарында Жаңақорған аудандық білім бөліміне инновациялық “Жаңару” орталығына жетекші болып ауысып, сол жылдың қыркүйегінде конкурстық негізінде облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институтына кабинет меңгерушісі болып тағайындалдым. 2006 жылдың қазан айынан бастап, осы облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.
«Тентек шоқпар жинайды» дегендей, қазір ересектерге арналған ертегілер, шағын әзіл әңгімелер, түрлі тақырыптарда нақыл сөздер және аңыздар желісімен құрылған жұмбақтар, қызықты оқиғалар мен таңғажайып құбылыстар жайында деректер жинап жүрмін. Ойым – жинақтап, кітапша етіп шығару. Өлең-жырды көңіл-күй мен жағдайға байланысты сиректеу жазамын.
Отбасылымын, жұбайым және төрт қызым бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет