Сабақтың тақырыбы: Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі Дәріс : Өндірістегі шығындарының және өндірістің жіктелуі



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,52 Kb.
#96234
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. 
Өндіріс шығындарының классификациясы

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдеріБухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді. Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б. 
Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.
Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет