Сабақтың тақырыбы Отбасылық құндылықтар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата24.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#198979
түріСабақ
Байланысты:
Отбасылық құндылықтар, 6-сынып
Презентация Microsoft PowerPoint, Lektsiya 8 Dvustoronnee soglashenie, тәртібі, Тарбие

Сабақ: 18

Мектеп:

Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6



Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасылық құндылықтар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

отбасылық құндылықтарды түсіне отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашады



Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді түсініп оқиды, түсінікті етіп айта алады. Иллюстрациялар мен тыңдалым арқылы өз көзқарастарын болжамдап айтады.

Кейбір оқушылар:

Негізгі ақпаратты анықтайды, негізгі ойды жүйелі түрде жеткізе алады. Тірек сөздерді пайдалана отырып иллюстрациялар арқылы сөйлеп, тақырыпты болжамды түрде аша біледі.

Тілдік мақсат


Оқушылар:

Ана тілін қоғамда өмірлік қажеттіктеріне дағдылар арқылы меңгеріп, қоғамда сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сөздердің лексикалық мағыналарын ажырата біледі. Синоним, омоним сөздерді табады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ата,әже, ана,әке,бала,аға,іні, қарындас,бауыр,немере, шөбере,шөпшек,немене,отбасы т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
қара шаңырақ, үлкен үй,туыс бауыр,дастарқан басы,үлкенді құрметтеу,жеті ата,кіші ұл т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.
Шаңырақ сөзі қандай мағынаны білдіреді?\
Шаңырағың биік болсын деген сөзді қалай түсінесің?
2.
Шаңырақ неше бөліктен тұрады?
Ата-ананың шаңырақтағы рөлі туралы не білесің?
3.
Отбасындағы адамгершілік қасиет нені түсінеміз?
Кіші баланың отбасындағы рөлі?



Жетістік критерийлері

Не себепті …. деп ойлайсыз?
Не себепті қара шаңырақта кіші ұл қалады?
Не себепті қара шаңырақты киелі дейміз?

ишара:Сәлем салу.



Оқушылар суреттер арқылы болжам жасайды.
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Мәтін бойынша өз көзқарасын айтады.

















































Алдыңғы оқу:

Киім ,сән, талғам. Киімқұмарлық.
Сұрақтарға жауап беру. № ( 5.ӘТН.4.1)




Жоспар






Жоспарланған

Жаттығу түрлері

Ресурстар




Басы
5мин



Шаттық шеңбер құрып, киімқұмарлық туралы отбасы мүшелерінің киімқұмарлыққа деген көзқарасы туралы айтып, қара шаңырақ тақырыбы бойынша топқа бөлу. Ата - ананың ыстық лебіздері арқылы:
І топ
Балапаным
ІІ топ
Айналайын
ІІІ топ
Ботам

АКТ


Суреттер


Сурет




Ортасы
5мин


10мин

5мин
15мин

ҚБ

1-тапсырма.Оқушыларды топқа бөліп топтық жұмыс жүргізу
Интерактив тақтадан иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
1.Шаңырақтың ұғымдарын топта талқылай отырып, болжау.

1.Киіз үйдің киелі бөлігі, шаңырағың биік болсын!

2.Шаңырақтағы ата-ананың рөлі

3.Отбасындағы адамгершілік қасиет пен кіші баланың рөлі
Ұгымдарды зерттейді, түйінді мәселелерді шешеді
Бас бармақ әдісі.


Жұптық жұмыс.
\Мәтін бойынша жұптасып тапсырмаларды орындайды.\
1.Мәтіннің идеясы мен мақсатын анықтаңыз.


2."Қара шаңырақ" сөзінсипаттайтын сөз тіркестерді табыңыз.


3.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
Жазылым – дәптермен жұмыс
1-тапсырма: Фонетикалық талдау жаса: 1 нұсқа - нағашы, 2 нұсқа -сіңлі
2-тапсырма: Жалғауларын жалғап, септіктерін анықта:
Жолдас..., әкем..., бауыры..., туыстар.., жездем..., атам... .
( -тың, -нің, -ға, -на, -мен, -ды, )
3.Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Туыстарымызға, достықтан, сыйлау, әжеме, атасымен
Тілдесім.
5 -тапсырма: «Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттегі көріністі сөйлету.
. Ой толғаныс-«Бес жол өлең»
Тақырып - Отбасы
Сын есім- 2 - тату , сыйлы
Етістік - тұрады, сыйлайды, құрметтейді
Сөйлем - Менің отбасым тату тұрады
Синоним – Шаңырақ
6-тапсырма. Схема бойынша кластер жасап, әңгіме құрастыр.



Мұғалімнің сыйы Әңгімені оқу талдау
Отбасы – адам баласының өсіп –өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің- ата-анаңды, туған туыстарыңды, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұту, жасы кішілерге қамқорлық жасау, мектептегі сабағыңды жақсы оқып, білімді, мәдениетті, жан-жақты болып өсіуге ұмтылу. Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың, атап айтқанда белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелер, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу да біздің міндетіміз.
«Бақытты отбасы» аңыз әңгімесін оқу.
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен , отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап –таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы-ақ па?

Ия – деді ақсақал. Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады, - деді де, сәл ойланып, және «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.



Суреттер,түрлі түсті конвертер

«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» «Атамұра» Алматы




Соңы
5мин



Шығармашылық жұмыс
1 тапсырмада . «Менің отбасым» тақырыбында ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы эссе жазыңдар
Дескриптор







Мәтіннің мазмұнына қатысты ақпаратты анықтайды, көтерілген мәселені ажыратады, суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады

Тақырып туралы мәліметтерді біледі, болжайды




Қажетті тірек сөздерді қолданады




Сөздік қоры мол көркемдегіш құралдарды дұрыс қолданады




Суреттер желісі бойынша болжай отырып мәтін құрастырады




Сауатты жазады




ҚБ







Стикер




Үйге тапсырма



Үлкенге ізет.( 5.ӘТН4.1)



ӨЖ







Рефлексия
Сабақтың мақсаты
мен оқу
міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар
не үйренді?
Сабақ қалай өтті,
қандай деңгейде
өтті?
Жоспарланған
саралаужақсы
іскеастыма?
(тапсырмалар
сəйкесболдыма?)
Уақытты қалай
пайдаландым?
Жоспарыма
қандай өзгеріс
енгіздімжəне
неге?



«Бағдаршам»әдісі






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет