Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1.Бір пайыз деп нені атайды?
2.Берілген санның 1%-ы қалай табылады?
3.Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
4.Бөлшек пайызбен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
|
1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
|